ҚР Үкіметінің 2012.02.11. № 1394 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң
2003 жылғы 17 қаңтардағы
№ 50 қаулысымен
бекітілген
Төтенше жағдайлар саласында хабардар ету, білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Төтенше жағдайлар саласында хабардар ету, білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес әзірленді және төтенше жағдайлар саласында хабардар ету, білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету тәртібін айқындайды.
2. Төтенше жағдайлар саласында халықты хабардар ету
2. Төтенше жағдайлар туралы халықты хабардар етуді табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ұйымдастырады.
Мемлекеттік органдар, ұйымдар өздеріне төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесі шеңберінде «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» және «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өкілеттіктерге сәйкес төтенше жағдайлар саласында халықты хабардар етуді жүзеге асырады.
3. Азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығына қауіп төндіретін төтенше жағдайлар және олардың салдары туралы ақпарат жария және ашық болып табылады.
4. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне және құқық қорғау органдарына түскен төтенше жағдайлар туралы хабарламалар халықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар ету үшін негіз болады.
ҚР Үкіметінің 2013.03.09. № 919 Қаулысымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Жағдайды қадағалау, бақылау мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды болжау қызметі (сейсмологиялық қызмет, сел жүретінін хабарлау, радиациялық қауіпсіздікті бақылау жүйелері және басқалар) алдын any мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында және/немесе іргелес мемлекеттердің шекара маңындағы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қауіп-қатері және/немесе олардың туындауы кезінде оның сипаттарын көрсетіп, байланыстың барлық қолжетімді түрлері арқылы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесінің жедел кезекшісіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесінің жедел кезекшісіне қажетті ақпаратты дереу ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2013.03.09. № 919 Қаулысымен 4-2-тармақпен толықтырылды
4-2. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесінің жедел кезекшісі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қауіп-қатері және/немесе олардың туындауы туралы ақпаратты алған кезде осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарына сәйкес халықты, уәкілетті органның басшылығын, мүдделі орталық, аумақтық және жергілікті атқарушы органдарды дереу хабардар етеді.
5. Төтенше жағдайлар аймағындағы халық қауіп-қатер туралы жедел хабардар етіледі. Төтенше жағдайлар аймағына жақын тұратын халық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюдың мемлекеттік жүйесінің буындарына арналған тиісті режимдер енгізілгеннен кейін 30 минуттың ішінде хабардар етіледі.
6. Төтенше жағдайлар қатері немесе олардың туындауы туралы ақпарат халыққа байланыс операторлары мен телерадиотарату желілері бойынша, оның ішінде ұялы байланыс операторларының желілері бойынша тегін мәтінді хабарламалар беру арқылы, сондай-ақ халық көп жиналатын орындар мен қоғамдық көлікте оларға қызмет көрсететін заңды тұлғалардың хабардар ету құралдары бойынша халықты хабардар ету жүйесі арқылы беріледі.
Қауіпті өндірістік объектілердің басшылары хабардар етудің жергілікті желілерін іс-қимылға келтіру арқылы төтенше жағдайлардың туындау қаупі мен туындауы туралы жақын тұратын халықты хабардар етеді.
7. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері телерадио хабарларын тарату операторларына және теле-, радиокомпанияларына төтенше жағдайлар туралы тиісті хабарламаларды жібереді, олар жедел түрде теле-, радиобағдарламалардың таралуын тоқтатуды жүзеге асырады және ақпарат тасымалдағыштардан тиісті ақпаратты халыққа таратуды қамтамасыз етеді.
8. Ағымдағы телерадио бағдарламаларын таратуды тоқтатудың бір реттік ұзақтығы бір сағат ішінде екі-үш рет қайталанған кезде 5 минуттан аспайды.
ҚР Үкіметінің 2013.03.09. № 919 Қаулысымен 8-1-тармақпен толықтырылды
8-1. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қауіп-қатері және/немесе олардың туындауы туралы ақпарат уақтылы ұсынылмаған кезде жауапты лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
3. Төтенше жағдайлар саласында білімді насихаттау
9. Төтенше жағдайлар саласында білімді насихаттауды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган, оның аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер жүзеге асырады.
10. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органының аумақтық бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, тиісті облыс, Астана және Алматы қалаларының әкімі бекіткен жоспар бойынша төтенше жағдайлар саласындағы білімді насихаттауды жүзеге асырады.
4. Төтенше жағдайлар саласында халықты және мамандарды оқытып-үйрету
11. Төтенше жағдайлар саласында мемлекеттік органдардың және ұйымдардың басшы құрамы мен мамандарын даярлау және халықты оқытып-үйрету осы Қағидаларға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес бірыңғай жүйе шеңберінде ұйымдастырылады және:
- орталық және жергілікті атқарушы органдардың азаматтық қорғаныс басқару органдарының, ұйымдар мен оқу орындарының басшылары мен қызметкерлері, «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәнінің оқытушылары, қауіпті өндірістік объектілер мамандары үшін - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның оқу-әдістемелік орталықтарында және аумақтық бөлімшелерінде біліктіліктерін арттыруды, жиындарға, машықтанулар мен оқу-жаттығуларға қатысуды;
- азаматтық қорғаныстың басқару органдарының құрамына енгізілмеген жұмыс істейтін халық үшін - ұсынылатын бағдарламаларға сәйкес жұмыс орны бойынша сабақтар өткізуді, сондай-ақ төтенше жағдайлардағы іс-қимылдар тәртібін өздігімен зерделеуді және алған білімдері мен дағдыларын оқу-жаттығулар мен машықтануларда бекітуді;
- жұмыс істемейтін халық үшін - төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою тақырыптары бойынша өткізілетін іс-шараларға (әңгімелесулер, дәрістер, оқыту фильмдерін көру және басқалар) қатысуды, тұрғылықты жері бойынша оқу-жаттығулар мен машықтануларға қатысуды, сондай-ақ төтенше жағдайлардан қорғану мәселелері бойынша оқу құралдарын, жадынамаларды және буклеттерді өздігімен зерделеуді, радио хабарларын тыңдауды, интернет-ресурстар мен телебағдарламаларды көруді;
- оқу орындарының студенттері мен оқушылары үшін - «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәнінің оқу бағдарламалары бойынша сабақтар өткізуді, төтенше жағдайлардың алдын алу тақырыбы бойынша әртүрлі конкурстарға қатысуды, оқу-жаттығулар мен машықтануларға тартуды;
- мектепке дейінгі мекемелер балалары үшін - қоршаған ортада қауіпсіз жүріс-тұрыс бойынша ойындар өткізуді, ертегілер мен балалар кітаптарын тыңдауды, ата-аналарымен әңгімелесуді көздейді.
12. Басшы құрам мен мамандарды даярлау табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган бекіткен үлгі бағдарламалар бойынша жүзеге асырылады.
13. Төтенше жағдайлар саласындағы даярлау мен оқытып-үйретудің әдістемелік басшылығы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органға жүктеледі.
Төтенше жағдайлар саласында
хабардар ету, білімді насихаттау,
халықты және мамандарды
оқытып-үйрету қағидаларына
1-қосымша
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның
оқу-әдістемелік орталықтарында оқытуға жататын лауазымды адамдар
тізбесі
Ескертпе:
1. Міндетіне төтенше жағдайлар саласындағы мәселелерді шешу кіретін лауазымға тағайындалған адамдар үшін біліктілікті арттыру бірінші жұмыс жылы ішінде жүзеге асырылады.
2. Даярлықтан өткен тыңдаушыларға бірыңғай үлгідегі сертификат беріледі.
Төтенше жағдайлар саласында
хабардар ету, білімді насихаттау,
халықты және мамандарды
оқытып-үйрету қағидаларына
2-қосымша
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті
органның аумақтық бөлімшелерінде оқытуға жататын оқытылатын адамдар
тізбесі
Ескертпе:
1. Міндетіне төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс саласындағы мәселелерді шешу кіретін лауазымға тағайындалған адамдар үшін біліктілікті арттыру бірінші жұмыс жылы ішінде жүзеге асырылады.
2. Даярлықтан өткен тыңдаушыларға бірыңғай үлгідегі сертификат беріледі.
Төтенше жағдайлар саласында
хабардар ету білімді насихаттау,
халықты және мамандарды
оқытып-үйрету қағидаларына
3-қосымша
Төтенше жағдайлар саласында халықты даярлау
Аббревиатураның толық жазылуы:
ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі.