Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 наурыздағы № 336 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 21 қаңтардағы № 67 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 7 наурыздағы № 336 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 21 қаңтардағы № 67 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1102 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсiпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың шаруашылық жүргiзуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлiктi, оның iшiнде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектiлерiн мүлiктiк жалға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 7 наурыздағы № 336 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 10, 111-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың шаруашылық жүргiзуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлiк, оның iшiнде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектiлерiн мүлiктiк жалға беру ережесінде:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлiк, оның iшiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектiлерiнiң мүлкiн мүлiктiк жалға беру:

1) Қазақстан Республикасы Үкiметінiң жекелеген шешiмдерi негiзiнде жүзеге асырылатын республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың стратегиялық маңызы бар объектiлерiн мүлiктiк жалға беру;

2) алаңы 100 шаршы метрге дейiн үй-жайларды, теңгерiмдiк құны 150 есе ең төменгi есептiк көрсеткiштен аспайтын жабдықты және мемлекеттік басқару органдарының ұсынысы бойынша уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшелерiнiң жазбаша келісімiмен жүзеге асырылатын курстық сабақтар, конференциялар, семинарлар, концерттер және спорттық iс-шаралар өткізу үшiн бiр айдан аспайтын мерзiмге оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың үй-жайларын беру жағдайларын қоспағанда, тендерлiк негiзде жүргізіледі.»;

мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

«3-1. Жалға алынған мүлiктi пайдаланғаны үшiн ақы төлеу ақшамен жүргізіледі.

Жалдау ақысының есептiк ставкалары аймақтық жағдайларды ескере отырып анықталады және оларды уәкiлеттi органмен немесе оның аумақтық бөлiмшелерiмен келісім бойынша жалға берушi бекiтеді.»;

6-тармақтың екiншi абзацындағы «уәкiлеттi органның келісімiмен» деген сөздер «мемлекеттік басқару органымен келiскеннен кейiн және уәкiлеттi органның жазбаша келісімiмен» деген сөздермен ауыстырылсын;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Тендерлiк комиссия жалға берушiнiң және уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшелерiнiң өкiлдерiнен құралады. Тендерлiк комиссияның құрамына сол сияқты жалға берушiнiң мемлекеттік басқару органының және өзге де мүдделi ұйымдардың өкiлдерi енгiзiлуі мүмкiн;";

16-тармақтың 2) тармақшасы «және жалдау ақысының бастапқы ставкасының мөлшерi (осы Ереженiң 3-1-тармағына сәйкес жалға берушi бекiткен есептiк ставкасынан төмен болмауы тиiс);»деген сөздермен толықтырылсын;

41-тармақтың 4) тармақшасының екiншi абзацы», сондай-ақ өз есебiнен ағымдағы жөндеудi жүргiзу және жалға алынған мүлiктi ұстау жөніндегі шығыстарды көтеру;»деген сөздермен толықтырылсын;

көрсетiлген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И.Тасмағамбетов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2003 жылғы 21 қаңтардағы

№ 67 қаулысына

қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2001 жылғы 7 наурыздағы

№ 336 қаулысына

қосымша

__________________________________________200____жылдың ______(айы)

       (министрліктің, агенттіктің, ведомствоның)

үшін ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың

шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлікті олардың

мүліктік жалға беруі жөніндегі

ЖИЫНТЫҚ ЕСЕБІ

Р/с
№  
   
   
   
   
   
   
Кәсіп-
орын- 
ның   
атауы 
      
      
      
      
Жалдау шар- 
тының № және
күні (ұзар- 
тылған жағ- 
дайда жаңа  
шарттың     
№ және күні)
            
Жалға  
алушы- 
ның    
атауы  
(тегі, 
аты-   
жөні)  
       
Мүліктік жал-
дау шартының 
әрекет ету   
мерзімі      
Үй-жай   
алаңы    
немесе   
жабдық   
саны     
         
         
         
Жалға алын- 
ған мүлікті 
пайдалан-   
ғаны үшін   
ақының      
мөлшері     
(мың        
теңге)      
Есептелген
ақы       
(мың      
теңге)    
          
          
          
          
Аударылған
сома      
(мың      
теңге)    
          
          
          
          
Мүлікті      
пайдаланғаны 
үшін төлемдер
бойынша      
берешек      
             
             
             
Ескерту 
        
        
        
        
        
        
        
баста-
луы   
      
аяқ-  
талуы 
      
 1 
  2   
     3      
  4    
  5   
   6  
    7    
   8        
    9     
    10    
     11      
   12