2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі) (ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1429 қаулысына 262-310 қосымшалар) (ҚР Үкіметінің 01.07.03. ж. № 150г; 06.11.03 ж. № 150к; 13.11.03 ж. № 150c; 24.12.03 ж. № 150ан; 31.12.03 ж. № 150ац қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Предыдущая страница

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары:

 
 
 
      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер: Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлігі қызметкерлерiнiң кәсiби деңгейiн көтеру;
қаржы жүйесі органдарын нормативтік құқықтық актілермен, өзге
әдебиеттермен, баспа өнiмдерiмен қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына

267-қосымша

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

039 "Қарағандыкөмiршахтасы" жойылған шахталар

қызметкерлерінің денсаулығына келтірілген зиянды өтеу

жөніндегі міндеттемелердің орындалуы"

республикалық бюджеттік бағдарламасының

2003 жылға арналған

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 104 000 мың теңге (жүз төрт миллион теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негізі: "Қарағанды көмір бассейнiнiң кәсіпорындарын қаржы-экономикалық сауықтыру жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 16 шілдедегі қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: "Қарағандыкөмiршахтасы" жабық үлгідегi акционерлік қоғамның (бұдан әрі - "Қарағандыкөмiршахтасы" ЖYАҚ) бұрынғы қызметкерлерiнің денсаулығына келтірілген зиянды өтеу.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: "Қарағандыкөмiршахтасы" ЖҮАҚ жойылған шахталар қызметкерлерiнің денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегi берешектердi өтеу бойынша міндеттемелердің орындалуы.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 
 
 
      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: кері талап
бойынша берешектердi өтеу мақсатында сот бекіткен кредиттер тізіліміне
сәйкес "Қарағандыкөмiршахтасы" ЖҮАҚ қызметкерлерінің 2003 жылғы 1
қаңтардағы жағдай бойынша жалпы саны - 1240 адамның алдындағы
мiндеттемелердi өтеу.

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына

268-қосымша

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның атауы

040 "№ 5 кенбасқармасы" таратылған мемлекеттік кәсiпорын

қызметкерлеріне жалақы бойынша берешекті төлеу"

республикалық бюджеттік бағдарламасының

2003 жылға арналған

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 136 304 мың теңге (жүз отыз алты миллион үш жүз төрт мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негiзі: "№ 3 кенiш басқармасы", "№ 4 кенiш басқармасы" және "№ 5 кенiш басқармасы" кәсіпорындары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 6 қыркүйектегi № 1349 қаулысы, "Банкроттық туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы № 67-1 Заңы (2-бап, 78-бап).

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Солтүстік Қазақстан облысының "№ 5 кенбасқармасы" таратылған мемлекеттік кәсiпорын қызметкерлеріне жалақы бойынша берешек төлеу.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: № 1349 қаулыны іске асыру мақсатында "№ 5 кенбасқармасы" мемлекеттік кәсiпорнының жалақы бойынша берешектерiн өтеу.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 
 
 
      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: "№ 5
кенбасқармасы" қызметкерлерiне жалақы бойынша берешектi төлеу.

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына

269-қосымша

ҚР Үкіметінің 01.07.03. ж. № 150г қаулысымен 269-қосымша өзгертілді

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

042 "Үкiметтiк борышқа қызмет көрсету"

республикалық бюджеттік бағдарламасының

2003 жылға арналған

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 37815364 мың теңге (отыз жетi миллиард сегiз жүз он бес миллион үш жүз алпыс төрт мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы № 464-I Заңының 11-бабы; "Қазақстан Республикасының үкiметтiк қарыз алуын және жергiлiктi атқарушы органдарының қарыз алуын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 8 маусымдағы № 874 қаулысы; "Үкіметтiк заемдарды, жергiлiктi атқарушы органдардың заемдарын және мемлекеттік кепiлдiктерi бар мемлекеттік емес заемдарды өтеу және оларға қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 88 қаулысы; "Мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептілік нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсiмдердiң ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi № 832 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Үкiметтік борышына қызмет көрсету.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Үкiметтiк қарыздар бойынша сыйақыларды (мүдделердi) төлеу; үкiметтiк қарыздарды тартудың комиссиондық сыйақыларын төлеу.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жинақ функциясының орындалуы.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары:

 
 
 
      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер: Қазақстан
Республикасымен үкiметтiк борышқа қызмет көрсету жөніндегі
мiндеттемелердiң орындалуы.

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына

270-қосымша

ҚР Үкіметінің 01.07.03. ж. № 150г қаулысымен 270-қосымша өзгертілді

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

046 "Қазақстан Республикасы Үкiметінің табиғи және

техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және

өзге де күтпеген шығыстарға арналған резерві" ақпараттық

жүйесiн сүйемелдеу" республикалық бюджеттік бағдарламасының

2003 жылға арналған

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 9428000 мың теңге (тоғыз миллиард төрт жүз жиырма сегiз миллион теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының "Бюджеттік жүйе туралы" 1999 жылғы 1 сәуiрдегі № 357-1 Заңының 13-бабы, Қазақстан Республикасының "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2002 жылғы 12 желтоқсандағы № 362-II Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының Yкіметi резервiнiң қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы" 1999 жылғы 18 қыркүйектегi № 1408 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды және өзге де күтпеген шығыстарды жою.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерiмен анықталатын табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды және өзге де күтпеген шығыстарды жою бойынша iс-шаралар жүргiзу.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары:

 
 
 
      7- Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер: табиғи
және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою және өзге де күтпеген
шығыстарды жүзеге асыру.

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына

271-қосымша

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

047 "Бюджетке қолма-қол ақша қабылдауды қамтамасыз ету

жөніндегі қызметтерге ақы төлеу"

республикалық бюджеттік бағдарламасының

2003 жылға арналған

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 60 000 мың теңге (алты жүз миллион теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 24 мамырдағы № 626 қаулысы, "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы № 362-II Заңы, "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209-II ҚРЗ Кодексінің 5-бабы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: екiншi деңгейдегi банктер мен банктiк операциялардың тиiстi түрлерiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің лицензиясы бар ұйымдардың (бұдан әрi - Агенттер) жеке тұлғалардан және мемлекеттік органдардың өкілдерiнен қабылдаған қолма-қол ақшаны салық және Қазақстан Республикасының бюджетiне төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерге уақытылы және толық есептеуі.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Агенттердің жеке тұлғалардан және мемлекеттік органдардың өкiлдерiнен жұмыс күнi iшiнде қолма-қол ақшаны қабылдауды жүзеге асыруы; жеке тұлғалардан және мемлекеттік органдардың өкiлдерiнен қабылданған қолма-қол ақшаны қолма-қол ақшаның транзиттік шотына (908) күн сайын есептеу; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақшаны мемлекеттік бюджеттің кiрiсiне уақытылы аудару.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары:

 
 
 
      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: заңды
тұлғалардан және мемлекеттік органдардың өкiлдерiнен қабылданған қолма-қол
ақшаны мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне толық және уақытылы аудару.

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына

272-қосымша

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

052 "Жеңiлдiктi тұрғын үй кредиттерi бойынша бағамдық

айырманы төлеу" республикалық бюджеттік бағдарламасының

2003 жылға арналған

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 146 618 мың теңге (жүз қырық алты миллион алты жүз он сегiз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасы Президентінің "Жаңа тұрғын үй саясаты туралы" 1993 жылғы 6 қыркүйектегi № 1344 Жарлығына сәйкес "Тұрғын үй құрылысбанкі" Жабық акционерлік қоғамы берген жеңiлдiктi тұрғын үй несиелерiн алған азаматтардың мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы № 304 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Жеңілдiктi тұрғын үй кредиттерiн алған азаматтар үшiн теңге айырбас бағамының еркiн құбылмалы режимiне өтудің әлеуметтiк салдарының жұмсаруы.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Президентінің "Жаңа тұрғын үй саясаты туралы" 1993 жылғы 6 қыркүйектегi № 1344 Жарлығына және "Жәрдем-жинақ шотын жүргiзу және тұрғын үй шараларына кредит беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1994 жылғы 29 шiлдедегi № 850 қаулысына (бұдан әрi - Қарыз алушылар) сәйкес және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен "Банк Кредит Орталығы" жабық акционерлік қоғамы арасында 2002 жылғы 8 желтоқсанда қол қойылған Қарыз алушылар ортасын нақтылау мәселелерi жөніндегі келісіммен анықталған ұзақ мерзiмдi жеңiлдiк кредиттерiн алған азаматтармен негiзгi қарыз бен сыйақының нақты төленген сомасын өтеуге аударылған бағамдық айырманы төлеу; Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен "Банк Кредит Орталығы" ашық акционерлік қоғамы арасында 2001 жылғы 30 наурызда жасалған Шарт талаптарының орындалуы.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары:

 
 
 
      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер: негiзгi
қарыз бен сыйақының қарыз алушылармен нақты төленген сомасын өтеуге
аударылған бағамдық айырманы төлеу.

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына

273-қосымша

ҚР Үкіметінің 01.07.03. ж. № 150г қаулысымен 273-қосымша жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

____________________________________________

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

053 "Тұрғын ұй құрылыс жинақ банкiсiнiң жарғылық

капиталына қатысу" республикалық бюджеттік

бағдарламасының 2003 жылға арналған

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 1 500 000 мың теңге (бip миллиард бес жүз миллион теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Заңы, "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы № 362-II Заңы, "Тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзiмдi қаржыландыру және ипотекалық несие беру жүйесiн дамыту тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 21 тамыздағы № 1290 қаулысы, "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 16 сәуірдегі № 364 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкi" акционерлік қоғамын құру.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкi" акционерлік қоғамының жарғылық капиталына қатысу.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары:

 
 
 
      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкi" акционерлік қоғамын құру.

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына

274-қосымша

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

064 "Министрлiктер үйі" ғимаратын ұстау"

республикалық бюджеттік бағдарламасының

2003 арналған

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 149 528 мың теңге (бip жүз қырық тоғыз миллион бес жүз жиырма ceгіз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы № 362-II Заңы, "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 3 қыркүйектегi № 962 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: "Министрлiктер үйi" ғимаратына (бұдан әрі - Ғимарат) шаруашылық қызмет көрсету; Ғимараттың технологиялық жабдықтарының іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Ғимараттың техникалық жабдықтарын қолдау және техникалық қызмет көрсету, Ғимаратты қорғау, оған техникалық қызмет көpceту.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары: