1. Құны: 231 736 мың теңге (eкі жүз отыз бiр миллион жетi жүз отыз алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Ақша төлемi мен аударымы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы № 237-I Заңының 29 және 30-баптары, "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнiң мәселелерi" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 24 мамырдағы № 626 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазынашылық комитетi мен оның аумақтық бөлiмшелерi республикалық бюджеттiң орындалуын телекоммуникациялық қамтамасыз ету және жергiлiктi бюджеттерге есеп-кассалық қызмет көрсету, министрлiк пен оның аумақтық бөлiмшелерiнің ақпараттық жүйелерiн телекоммуникациялық қамтамасыз ету, Қаржы министрлігін ақпараттық ресурстарға қашықтатылған реттемеленген және көпшiлiк қол жеткізудi ұйымдастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: банкаралық ақша аударым жүйесi және бiржолғы төлемдер жүйесi бойынша төлем жүйелерiне телекоммуникациялық қызмет көрсетудi, байланыстың барлық түрлерi бойынша деректер беру, электрондық почта, Интернет жүйесi телекоммуникациялық қызмет көрсетулердi сапалы және уақытылы алу, министрлiктiң аумақтық бөлiмшелерiне телекоммуникациялық жабдықтар сатып алу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер:
қазынашылық жүйесiнде деректер берудi, ФАСТИ және ведомство iшiнде
электрондық құжаттар алмасуды сапалы қамтамасыз ету; министрлiктi
ақпараттық ресурстарға қашықтатылған реттемеленген және көпшiлiк қол
жеткізудi қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
265-қосымша
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
036 "Жекешелендiру, меммүлiктi басқару, жекешелендiруден
кейiнгi қызмет, оған және несиелендiруге қатысты дауларды
реттеу, несиелер мен мемлекеттік кепілдiк бойынша мiндеттемелердi
орындау есебiне алынған не өндiрiп алынған
мүлiктi есепке алу, сақтау" республикалық бюджеттік
бағдарламасының 2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 500 000 мың теңге (бec жүз миллион) теңге.
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентінің "Жекешелендiру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2721 Заң күшi бар Жарлығы (2, 14, 17-баптар); "Ұлттық қауiпсiздiк туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26 маусымдағы Заңы (18-бап); "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 30 қарашадағы Заңы (6-бап); "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 5 шiлдедегi № 930 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi туралы ереже; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 21 шiлдедегi № 1095 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасында мемлекеттік мүлiктi басқару және жекешелендiру тұжырымдамасы; "Кейбір акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметiн тиiмдi басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290 қаулысы; "Мемлекеттік меншiк объектiлерiнiң, сондай-ақ меншiгiнде мемлекеттiң үлесi бар объектiлердiң жұмыс iстеуiне және оларды басқарудың тиiмділігiне кешендi мониторинг жүйесiн енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 24 шiлдедегi № 998 қаулысы; "Қазақстан Республикасы экономикасының стратегиялық салаларындағы жекешелендiрiлген ұйымдарды басқару тиімдiлiгiнiң мониторингi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 3 мамырдағы қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік меншiктi басқару тиiмділігі мен жекешелендiрудi қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: жекешелендiрудiң барлық құралдарын пайдалана отырып жекешелендiру объектiлерiн оның iшiнде брокерлердi тарту жолымен бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында сатуды жүзеге асыру; республикалық мемлекеттік меншiктiң, мемлекеттiң меншiк үлесi бар кәсiпорындардың және Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған экономиканың стратегиялық салаларындағы жекешелендiрiлген ұйымдар меншiгiнiң активтерiн басқару тиімдiлiгiнiң мониторингi; несиелер мен мемлекеттік кепiлдiк бойынша мiндеттемелердi орындау есебiне алынған не өндiрiп алынған мүлiк есепке алу және сақтау; сотқа дейiнгi тәртiпте, сондай-ақ заңдық кеңесшiлердi тартумен жекешелендiрумен, мемлекеттік меншiктi басқару және жекешелендiруден кейiнгi қызметпен байланысты дауларды шешу кезiнде және халықаралық төрелiк органдарда мемлекет мүдделерiн қорғау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
республикалық бюджетке республикалық меншiк объектiлерiн жекешелендiруден
жоспарланған мөлшерде ақшаның, республикалық меншiк объектiлерi болып
табылатын акциялар пакеттерiне дивидендтердiң, және республикалық
мемлекеттік кәсiпорындардың пайда үлесiнiң түсуi.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
266-қосымша
ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 150ац қаулысымен 266-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
037 "Қаржы органдарын нормативтiк құқықтық актiлермен
қамтамасыз ету" республикалық бюджеттік бағдарламасының
2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 18 590 мың теңге (он сегiз миллион бес жүз тоқсан мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 8-бабы, "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы № 362-II Заңы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң кейбір мәселелерi" туралы 2002 жылғы 3 қыркүйектегі № 962 және "Мемлекеттік қызметшiлердi оқыту тұжырымдамасы туралы" 2000 жылғы 13 қарашадағы № 1706 қаулылары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қаржы министрлігі қызметкерлерiнің кәсiптілігі мен құқық мәдениетiнiң деңгейiн арттыру, қаржы жүйесi органдарын жұмыс iстеу үшiн қажеттi нормативтiк құқықтық актiлермен, әдебиеттермен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: қажеттi нормативтiк-құқықтық және басқа әдебиетпен қамтамасыз ету; нормативтiк құқықтық актiлердi және қызметтiк сипаттағы өзге баспа өнiмдерін басу; бұқаралық ақпарат құралдарында ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлердi басу.