2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі) (ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1429 қаулысына 262-310 қосымшалар) (ҚР Үкіметінің 01.07.03. ж. № 150г; 06.11.03 ж. № 150к; 13.11.03 ж. № 150c; 24.12.03 ж. № 150ан; 31.12.03 ж. № 150ац қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Предыдущая страница
 
 
      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер:
бюджет-қаржы жоспарлауды және бюджет рәсiмдерi мониторингiн
ақпараттандырудың, жаңа технологиялық шешiмдер және аспапты құралдар
базасында мемлекеттік талаптар мен мiндеттемелердiң қазiргi заманғы
деңгейiн қамтамасыз ету, сондай-ақ есептеу желісінiң ресурстарын тиiмдi
басқаруды және мониторингiн қамтамасыз ету; Internet, электрондық почта
көмегiмен салық есептілігiн қабылдау, қағаз тасығышта стандартты
нысандарды электрондық сканерлеу, декларацияларды толтыруды және өңдеудi
оңтайландыру, салық төлеушiлердiң салық декларациясын тапсыруын оңайлату,
салық әкiмшілiктендiруін жетілдіру, хабарламалар (ақпараттар) қорғауды
және кепілдендірілген жеткізуді қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелердің,
компьютерлік, желілік және байланысқа бейімді жабдықтардың үздіксіз жұмыс
істеуі үшін аумақтық салық комитеттерiнде серверлiк үй-жайлap құру. Салық
әкімшіліктендіру процестерiн автоматтандыру, ақпарат сапасын және
жеделдiгін арттыру, салық және бюджетке төленетiн басқа да міндетті
төлемдердi дұрыс есептелуін және уақтылы төленуін бақылайтын талдамалы
жүйе құру.

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына

303-қосымша

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

605 "Акциз өнiмдерінің айналымын және өндiрудi бақылау"

ақпараттың жүйесiн дамыту" республикалық бюджеттік

бағдарламасының 2003 жылға арналған

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 16 708 мың теңге (он алты миллион жетi жүз сегіз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының "Этил спиртi мен алкоголь өнімдерінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шiлдедегі Заңының 3, 13-баптары; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Акцизделетін өнімдер өндірісі мен айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитеттің мәселелерi" 2000 жылғы 28 қарашадағы № 1773 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының аумағында Мұнай өнімдерінің айналымын мемлекеттік реттеудi күшейту жөніндегі бағдарлама туралы" 2000 жылғы 2 наурыздағы № 339 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: тиiстi қызмет түрлерiне лицензиялары бар кәсiпорындардың акциз өнiмдерiнiң айналымына және өндiрілуіне бақылауды қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: ақпараттық жүйелердiң пилоттық жобаларын әзiрлеу: Акциз өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын Мемлекеттік реттеу бойынша Акциз өнiмдерінің өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттік реттеудiң ақпараттық жүйелерiмен жұмыс iстеу үшiн компьютерлiк жабдықтармен және принтерлермен қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары:

 
 
 
      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер:
акцизделетiн өнiмнiң өндiрілуi мен айналымының барлық кезеңiне толассыз
бақылау, өндiрудi жариялау және акцизделетін өнiмдi рыногта реттеу,
акцизделетiн өнiмдер бойынша салықтың дер кезiнде және толық төленуінiң
қамтамасыз етiлуі.

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына

304-қосымша


ҚР Үкіметінің 01.07.03. ж. № 150г қаулысымен 304-қосымша өзгертілді

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

702 "Қайта ұйымдастыру және банкроттық рәсімдерді жүргiзу"

республикалық бюджеттік бағдарламасының

2003 жылға арналған

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 75204 мың теңге (жетпiс бес миллион екi жүз төрт мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексi (Жалпы бөлiм), "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңы, "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 28 қарашадағы № 1268 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: дәрменсiз борышкерлердiң банкроттығы рәсiмдерiн жүзеге асыру.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: банкроттық туралы қолданыстағы заңнаманы iске асыру шеңберiнде салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша күмәндi берешектердi өтеу мақсатында төлем қабiлетi жоқ борышкерлермен салық органдарының талап жұмысы және оларды тарату.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 
 
 
      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер: дәрменсiз
салық төлеушiлерге салық міндеттемелерiн тоқтату, бюджетке түсетiн
берешектердi қысқарту және түсімдердi ұлғайту.

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына

305-қосымша

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

2003 жылға арналған

"Акциздiк, есепке алу-бақылау маркаларын, қатаң есептілік

бланкiлерiн басу" 703 республикалық бюджеттік бағдарлама

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 49 296 мың теңге (қырық тоғыз миллион екi жүз тоқсан алты мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 21, 368, 373, 531-баптары; "Жеке кәсiпкерлiк туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Заңының 11-бабы; "Жеке кәсiпкерлердi мемлекеттік тiркеу үшiн алым ставкаларын, жеке кәсiпкердi мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктiң нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 6 желтоқсандағы № 1586 қаулысы.

3. Қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарлама мақсаты: кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды, жеке кәсiпкер және патент негiзiнде салық төлеу ретiнде мемлекеттік тiркеуге тарту; қызметi мезеттiк сипаттағы тұлғалар, және қызметiн базарларда жүзеге асыратын тұлғаларды салықтарды төлеуге тарту; салық салу объектiлерi мен қызметiнiң жекелеген түрлерiнiң (казино, тотализатор, боулинг, бильярд және т.б.) есебiн жүргiзу; мүлiк, көлiк, жер салығын төлеуге жеке тұлғаларды тарту.

5. Бюджеттік бағдарлама мiндеттерi: салық органдарының салық төлеушiлерге куәлiктер, патенттер, тiркеу кәртешкелерiн беру; салық төлеушiлерге бiр жолғы талондарды, уәкiлеттi органдар арқылы салық төлегенi туралы квитанцияларды беру; уәкiлеттi органдарды бақылау.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 
 
 
      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: жеке
кәсiпкерлерден салық, түсiмiнiң 10 %-ке артуы; тiркелмеген объектiлер мен
қызметiнiң жекелеген түрлерiн жүзеге асырушы кәсiпкерлiк қызмет
субъектiлерiнiң санын төмендету; мүлiк (көлiк, жер, мүлiк) салығын төлеуге
жеке тұлғаларды қамту.

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына

306-қосымша

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

705 "Жекелеген негiздер бойынша мемлекеттiң меншiгiне

түскен мүлiктi бағалау, сақтау және сату"

республикалық бюджеттік бағдарламасының

2003 жылға арналған

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 80 000 мың теңге (сексен миллион теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбір мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 26 шілдедегi № 833 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жекелеген негiздер бойынша мемлекеттiң меншiгiне өткен мүлiктi сатудан қаражаттың толық және уақытылы түсуiн қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: уәкiлеттi органның жекелеген негiздер бойынша мемлекеттiң меншiгiне түскен мүлiктi бағалауға, тасымалдауға, жинақтауға, сақтауға, жiберуге және сату бойынша өзгелей шығындарға байланысты қызмет көрсетулерiне ақы төлеу.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 
 
 
      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: жекелеген
негiздер бойынша мемлекеттiң меншiгiне түскен мүлiктi сатудан түскен
қаражаттың бюджетке түсiмi, 150 000,0 мың теңге мөлшерiнде.

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына

307-қосымша

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

706 "Трансферттiк бағаларды қолдану кезiнде мемлекеттік бақылау үшiн

пайдаланылатын ресми ақпарат көздерiн

сатып алу" республикалық бюджеттік бағдарламасының

2003 жылға арналған

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 13 354 мың теңге (он үш миллион үш жүз елу төрт мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Трансферттiк бағаларды қолдану кезiнде мемлекеттік бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 қаңтардағы Заңының 9-бабы; "Халықаралық iскерлiк операцияларда трансферттiк бағалар қолдану кезiнде мемлекеттік бақылауға жататын тауарлардың жекелеген түрлерiне рыноктағы бағалары бойынша ресми ақпарат көздерiнiң тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 14 мамырдағы № 590 қаулысы, "Халықаралық iскерлiк операцияларда трансферттік бағалар қолдану кезiнде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң 2001 жылғы 14 мамырдағы № 590 бұйрығы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: трансферттiк бағаларды қолдану кезiнде мемлекеттік бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыру, бюджетке ақша қаражаттар түсiмiнiң көлемiн ұлғайту.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттері: трансферттiк бағаларды қолдану кезiнде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдарды халықаралық iскерлiк операцияларда трансферттiк бағаларды қолдану кезiнде мемлекеттік бақылауға жататын тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) жекелеген түрлерiне рыноктағы бағалары бойынша ресми ақпарат көздерiмен қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 
 
 
      7. Бюджеттік бағдарламаны орындауда күтiлетiн нәтижелер:
Трансферттiк бағаларды қолдану кезiнде мемлекеттік бақылаудың тиiмдiлiгiн
арттыру.

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына

308-қосымша

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

707 "Ipi салық төлеушiлердi салықтық әкiмшiлiктендiрудi

қамтамасыз ету" республикалық бюджеттік бағдарламасының

2003 жылға арналған

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 46 152 мың теңге (қырық алты миллион бiр жүз елу екi мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексi, "Трансферттiк бағаларды қолдану кезiнде мемлекеттік бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 қаңтардағы № 136-II Заңы, "Республикалық мониторингке жататын салық төлеушiлердiң тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 17 сәуiрдегі № 448 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: салық және басқа да мiндеттi төлемдердiң бюджетке түсуiн көздейтiн салық заңдарының сақталуына бақылау функцияларын жүзеге асыру.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: өзiндiк құнды, шикiзат, материалдар мен қызмет көрсетулер сатып алу бағасын, iшкi рынокта өткізу бағасын және экспорттық бағаларды, сатып алынған тауарлар бойынша ҚҚС-ты есепке жатқызуды қалыптастырудың негіздiлігіне, қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомасының негiздiлiгiне бақылау; трансферттiк бағаларды қолдану кезiнде бақылау; салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеудiң уақтылығы мен толықтығына бақылау.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 
 
 
      7. Бюджеттік бағдарламаны орындауда күтiлетiн нәтижелер: бюджетке
кiрiстер түсiмiнiң толықтығы мен уақтылығы, құжаттық тексерулердiң
нәтижелерi бойынша қосымша қоса есептелген салықтар мен басқа да мiндеттi
төлемдердiң бюджетке түсуi.

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына

309-қосымша

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

708 "Эйр Қазақстан" акцияларын мемлекеттің сатып алуы"

республикалық бюджеттік бағдарламасының

2003 жылға арналған

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 2 390 700 мың теңге (екi миллиард үш жүз тоқсан миллион жетi жүз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2000 жылғы 21 шiлдедегi № 1095 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасында мемлекеттік мүлiктi басқару және жекешелендiру тұжырымдамасы, "Эйр Қазақстан" жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 13 қыркүйектегі № 1004 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: әуе тасымалы саласында бiрыңғай мемлекеттік экономикалық саясат жүргiзу ұлттық тасымалдаушы қызметiне мемлекеттік бақылауды қалпына келтiру және "Эйр Қазақстан" жүзеге асыратын ұшу қауіпсiздiгін қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасы экономикасының стратегиялық саласының кәсіпорны болып табылатын және қоғамдық және әлеуметтiк мәнi бар "Эйр Қазақстан" жабық акционерлік қоғамының мүлiктерiн сатып алу.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 
 
 
      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан
Республикасы экономикасының стратегиялық саласында мемлекеттік мүдделердi
ұсынатын ұлттық тасымалдаушы қызметiне мемлекеттік бақылауды қалпына
келтiру, елдiң экономикалық қауіпсiздiгін және саяси тәуелсiздiгiн
қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына

310-қосымша

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

709 "Эйр Астана" ЖАҚ-тың мемлекеттік үлесiн ұлғайту"

республикалық бюджеттік бағдарламасының

2003 жылға арналған

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 273 870 мың теңге (eкі жүз жетпiс үш миллион сегiз жүз жетпiс мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2000 жылғы 21 шiлдедегi № 1095 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасында мемлекеттік мүлiктi басқару және жекешелендiру тұжырымдамасы, Ресей Федерациясының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы әуе хабарламасы туралы 1994 жылғы 28 наурыздағы келісімi.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықаралық әуе тасымалын жүзеге асыру және Ресейге әуе рейстерiн жөнелтудi жалғастыру үшiн әуе тасымалы саласында бiрыңғай мемлекеттік саясат жүргiзу.