7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігінiң ақпараттық жүйелерiн қолданбалы және
жүйелiк қамтамасыз ету жұмыстарының, оның iшiнде Қазынашылықтың ақпараттық
жүйелерiнің тиiмдiлiгi. Республикалық бюджеттің және жергiлiктi
бюджеттердiң есептiк-кассалық қызметтерiнің, талаптар мониторингiнiң және
мемлекет мiндеттемелерiнің уақытылы орындалуы, мерзiмдiк бухгалтерлік және
бақылау-тексеру есептіліктiң уақытылы қалыптасуы, министрлiктiң
Web-сайтының жұмыс iстеуi, қаржы-шаруашылық қызметтердi жүргiзудi
ақпараттық қолдау; салықтық әкімшілендiру процестерiн сүйемелдеу,
автоматтандыру, ақпараттардың сапасы мен жеделдігін арттыру, ақпараттық
жүйелердi, хабарларды жеткізу, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Салық комитетi мен оның аумақтық бөлiмшелеріндегі компьютерлік, желiлiк,
коммуникациялық жабдықтар жұмыстарының үздiксiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз
ету.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
301-қосымша
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
505 "Акциздiк өнiмдердің айналымын және оларды өндiрудi
бақылау" ақпараттық жүйесiн сүйемелдеу"
республикалық бюджеттік бағдарламасының
2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 4 080 мың теңге (төрт миллион сексен мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының "Этил спиртi мен алкоголь өнiмдерінiң өндiрілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шiлдедегi Заңының 3, 13-баптары; Қазақстан Республикасы Үкiметінің "Қазақстан Республикасының аумағында Мұнай өнiмдерiнің айналымын мемлекеттік реттеудi күшейту жөніндегі бағдарлама туралы" 2000 жылғы 2 наурыздағы № 339 қаулысы;
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: тиiстi қызмет түрлерiне лицензиялары бар кәсiпорындардың акциз өнiмдерiнің айналымына және өндiрілуіне бақылау бойынша ақпараттық жүйенiң қалыптасуын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: акциздік өнiмдердiң айналымын және оларды өндiрудi бақылау бойынша ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары:
7- Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер: тиiстi
қызмет түрлерiне лицензиялары бар кәсiпорындардың акциз өнiмдерiнiң
айналымына және өндiрілуiне бақылау бойынша ақпараттық жүйенiң iркілiссiз
жұмыс icтeуi.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
302-қосымша
ҚР Үкіметінің 13.11.03 ж. № 150c; 24.12.03 ж. № 150ан қаулыларымен 302-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
600 "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
органдарының ақпараттық жүйелерiн құру"
республикалық бюджеттік бағдарламасының
2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1 889 904 мың теңге (бip миллиард сегiз жүз сексен тоғыз миллион тоғыз жүз төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық Кодексi)" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексi; "Трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 қаңтардағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдар жүйесiн одан әрi реформалау туралы" 1998 жылғы 12 қазандағы № 4114 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң 2000-2003 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2000 жылғы 14 наурыздағы № 359 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсарту әкiмшілiкпен күресу және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 31 шілдедегi № 427 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000-2002 жылдарға арналған мемлекеттік iс-әрекет бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 7 наурыздағы № 367 қаулысы; "Халықаралық iс операцияларында трансферттік бағаларды қолдану кезiнде мемлекеттік бақылауға жататын жекелеген тауар түрлерiне нарық бағасы жөніндегі ақпараттың ресми көздерiнiң тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2001 жылғы 9 маусымдағы № 788 қаулысы; "Республикалық мониторингке жататын салық төлеушілердiң тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң № 448 қаулысы; "Қазақстан Республикасы салық төлеушiлерiнiң мемлекеттік тiзілімiн қалыптастыру және жүргiзудi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 28 мамырдағы № 579 қаулысы; "Толығымен автоматтандырылған қазынашылық жүйесiн (Қазынашылықты жаңғырту жобасы) белгілеу және сынау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 18 маусымдағы № 671 қаулысы; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң 2000 жылғы 23 қазандағы № 459 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігін ақпараттандырудың 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: бюджеттік-қаржылық жоспарлауды және бюджет рәсiмдерiнiң мониторингiн ақпараттандырудың қазiргi заманғы деңгейiне қол жеткізуге бағытталған кешендi ақпараттандыруды жүргiзу, сондай-ақ уақытылы жаңғыртуды қамтамасыз ету және есептеу, коммуникациялық, желілiк жабдықтар және ұйымдастыру техникасы, жүйелiк бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарымен жарақтандыру, ақпараттық жүйелердi ықпалдастыру және ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Салық комитетi мен оның аумақтық бөлiмшелерiнде салықтық әкімшiлiктiң ақпараттық жүйелерiн, жалпы пайдаланудағы коммуникациялары мен ақпараттық жүйелерiн құру және дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: ақпараттық-қаржылық тұтастандырылған жүйелердi әзiрлеу және құру, қаржылық есептеулердiң автоматтандырылған жүйелерi мен мемлекеттік мекемелердiң қаржы-шаруашылық қызметiн басқару жүйесiн дамыту, жалпы пайдаланудағы дерекқорды (ақпараттық ресурстарды) құру, лицензиялық жүйелiк бағдарламалық қамтамасыз етудi және ақпаратты қорғаудың бағдарламалық құралдары мен оларды техникалық қолдауды сатып алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің Ақпараттандыру бағдарламасына сәйкес серверлiк, есептеу, желілiк жабдықтарды, ұйымдастыру техникасы мен ақпаратты қорғаудың аппаратты-бағдарламалық құралдарын сатып алу; ақпараттық жүйелердiң пилоттық жобаларын құру және дамыту: "Қазақстан Республикасының салық төлеушілерi мен салық салу объектілерi мемлекеттік тiзілiмiнiң деректерiн сақтау қоймасы", "Төлемсіз және дәрменсiз кәсiпорындардың тізілімiн жүргiзу", "Қазақстан Республикасының ақпараттық салықтық ықпалдасқан жүйесi", Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетiнiң бухгалтерлiк жүйесiн дамыту, "Қазақстан Республикасының салық төлеушiлері мен салық салу объектілерiнiң мемлекеттік тiзiлiмi", "Салық есептілігiнiң электрондық нысандары", "Салық төлеушiлер мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Салық комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерi үшiн хабарларды кепiлдендiрiлген жеткізу мен ақпараттарды қорғау жүйесі", "Төлем көзiнен ұсталынатын заңды тұлғалардың кiрiстерiн есепке алу", "ҚҚС төлеушiлердi тiркеу. ҚҚС шығарылған шот-фактуралар тiзілiмдерін қабылдау және өңдеу жүйесi", "Салық заңнамасын түсіндіру жөнiндегі мультимедиялық байланыс жүйесi", "Ipi кәсiпорындардың мониторингі", "Салық аудитiн, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Салық комитетi мен оның аумақтық бөлімшелерінің мамандарын қашықтан оқыту мен тестiлеудiң ақпараттық жүйесiн электрондық бақылау", "Резидент еместердiң келу мерзiмiн есепке алу", "Бір жолғы талондардың негізіндегі арнайы салық режимi", салық комитеттерiнде серверлiк үй-жайларға арналған жабдықтарды сатып алу және монтаждау; салық комитеттерiн ақпараттық жүйелердi кеңейту үшiн және байланысты ұйымдастыру үшiн серверлермен және компьютерлiк жабдықтармен қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетiнiң орталық аппаратын ЕврАзЭС мүше елдердiң салық ведомстволарымен бейнеконференциялар жүргізу үшiн жабдықпен қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Салық комитетiнің ведомстволық желiлерiн бiрiктіру шеңберiнде телекоммуникациялық жабдықтарды сатып алу және байланыс арналарын кеңейту, ақпараттық жүйелердi енгізу жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары: