Сәйкестiк туралы декларациямен сәйкестiгiн растауға рұқсат етiлетiн
өнiмдердiң тiзбесiн бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 22 қаңтардағы № 77 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі № 367 Қаулысымен күші жойылды (күшіне енетін мерзімін қара)
"Сертификаттау туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiліп отырған Сәйкестік туралы декларациямен сәйкестiгiн растауға рұқсат етiлетін өнiмдердiң тiзбесi бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінің нормативтiк құжаттарын осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
3. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап бiр ай өткен соң күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының