Бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 ж. 18 желтоқсандағы № 485 қаулысы (2007.25.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
2002 ж. 18 желтоқсандағы № 485 қаулысы

(2007.25.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 8 қаулысымен күші жойылды

 

 

ҚР ҰБ Басқармасының 12.04.04 ж. № 54, ҚР ҚҚА 12.04.04 ж. № 111 бірлескен қаулысымен атауы өзгертілді (бұр. ред. қара)

Бағалы қағаздар рыногы қызметінің айқындылық дәрежесін және тиімділігін арттыру мақсатында, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногындағы инвесторлардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау мақсатыңда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДі:

ҚР ҰБ Басқармасының 12.04.04 ж. № 54, ҚР ҚҚА 12.04.04 ж. № 111 бірлескен қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енгізілсін.

3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):

1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан Тізілім ұстаушыларының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне және бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілім жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, "Қазақстан Тізілім ұстаушыларының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің мүшелері болып табылмайтын ұйымдарға жіберсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.