Ветеринариялық құқықтық нормативтiк кейбір актiлердi бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2002 ж. 30 қазандағы № 351 бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi «Ветеринария туралы» Заңының 22 бабының 6 тармағына, 23 бабының 4 тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Базарларда ветеринариялық-санитариялық сараптау жүргiзу Ережесi;
2) Сойылатын малдарды сояр алдындағы ветеринариялық тексеру және сойылғаннан кейiн ұшаларын және iшкi органдарын ветеринариялық-санитариялық сараптау және оларды санитариялық бағалау Ережесi бекітілсiн.
2. Ветеринариялық департаментiне, Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық басқармаларымен, Астана және Алматы қалалары, бірлесе отырып, заңнамада белгiленген тәртiпте, осы бұйрықтан туындайтын керектi шаралар қабылдасын.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрінің