Ғылыми дәрежелер беру ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы № 16 бұйрығы
(2011.31.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен 2012 жылғы 1 шілдеден бастап күші жойылды, 3, 4, 7-12, 35 (бірінші бөлім), 36, 42-44, 50-тармақтарды қоспағанда
Жоғары білікті кадрларды аттестаттаудың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру мақсатында бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Ғылыми дәрежелер беру ережелері бекітілсін.
2. Жоғары аттестациялық комитет (Құсайынов А.Қ.) жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогтік кадрларды аттестаттау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық құжаттарын осы бұйрыққа сәйкес келтірсін.
3. Құқықтық қамтамасыз ету және аудит басқармасы (Күзембаев М.М.) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуден өткізуге тапсырсын.
4. Осы бұйрық 2003 жылғы 1 наурыздан қолданысқа енгізіледі.
5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрі міндетін атқарушының 2001 жылғы 4 маусымдағы «Ғылыми дәрежелер беру ережелерін бекіту туралы» № 422 бұйрығы күшін жойды деп саналсын.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бірінші вице-министр Ғ.М.Мұтановқа жүктелсін.