1. Құны: 19 312 мың теңге (он тоғыз миллион үш жүз он екi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы ?кіметінің "Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алу жүйесiн дамытудың 2001-2004 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" 2001 жылғы 10 желтоқсандағы № 1605 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік мекемелер үшiн мемлекеттік туралы хабарландыруларды және ақпараттық материалдарды ортақты, ақысыз баспаға шығару мемлекеттік сатып процесстiң жариялылығын және бюджеттік қаражатты үнемдеуге қамтамасыз етедi.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: бюджеттік бағдарламаларының әкiмшілерiмен жүргiзiлетiн мемлекеттік сатып алу туралы хабарландырулар мен Мемлекеттік сатып алу жөніндегі бюллетеньдi шығару (формат А3-газет үлгiсi).
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7- Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
мемлекеттік сатып алу процессiн әйгiлеуге қамтамасыз ету үшiн мемлекеттік
сатып алу туралы хабарландыруларды ортақты басылымға шығаруға және
ақпараттық материалдарды уақытылы және сапалы қамтамасыз ету, бұл орайда
мемлекеттік мекемелер үшін олар ақысыз негiзінде, мемлекеттік кәсіпорындар
және акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлі акционерлік қоғамдар,
сондай-ақ олармен қосылма заңды тұлғалар үшiн қазiргi уақыттағы бағалардан
төмен көрсеткiшпен ақылы негiзiнде, қорытындысында осы бюджеттік
бағдарламаны қабылдау бюджеттік қаражатты үнемдеудi қамтамасыз етуге
мүмкiндiк бередi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
643 қосымша
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарлама әкiмшісi
2003 жылға арналған
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі
агенттiгiнің ақпараттық жүйелерiн сүйемелдеу"
500 республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 9 659 мың теңге (тоғыз миллион алты жүз елу тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының Ақпараттық қамтамасыз етудiң 2000-2003 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2000 жылғы 14 наурыздағы № 359 Жарлығы, Қазақстан Республикасы ?кіметінің "Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алу жүйесiн дамытудың 2001-2004 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" 2001 жылғы 10 желтоқсандағы № 1605 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: "Мемлекеттік сатып алудың мониторингi" ақпараттық жүйелерiнің жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, техникалық қолдану мен сүйемелдеу және байланыс арналарын ұйымдастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: ақпараттық жүйенi сүйемелдеу, әкiмшілендiру және қолдау; есептеу және ұйымдастыру техникасы құралдарының, телекоммуникациялық желiнің, жүйенің жергiліктi есептеу желiлерiнің жүйелiк-техникалық қызмет көрсетуiн жүзеге асыру, есептеу желiнің ақпараттық қауіпсiздiгiн және ақпараттық қорғауды қамтамасыз ету, оның iшiнде жабық ақпаратты өңдеу кезінде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгiнің Web-серверiн сүйемелдеу; есептеу құралдарды және жабдықтарды қоса бөлшектермен және шығыс материалдармен қамтамасыз ету, ақпаратты берудiң телекоммуникациялық қызмет көрсетудi, электрондық поштаны, Интернет желiсiмен телекоммуникациялық жабдықтаудың сатып алуды сапалы және уақытылы алу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7- Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің ақпараттық
ресурстарына қашықтан реттелген және көпшілік қатынауды, мемлекеттік сатып
алу мониторингі жүйеде ақпаратты берудің сапалы қамтамасыз ету, ақпараттық
жүйелерде қолданбалы және жүйелі қамтамасыз етудің тиімді жұмысы,
Web-сайттың жұмыс жасауы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
644 қосымша
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарлама әкiмшісi
2003 жылға арналған
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі
агенттігінің ақпараттық жүйелерiн құру"
600 республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2 602 мың теңге (екi миллион алты жүз екi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының Ақпараттық қамтамасыз етудің 2000-2003 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2000 жылғы 14 наурыздағы № 359 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентiнің "Мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсарту, төрешiлдiкке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 31 шілдедегi № 427 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Yкіметінің Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алу жүйесiн дамытудың 2001-2004 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы 2001 жылғы 10 желтоқсандағы № 1605 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік сатып алу мониторингiнің қазiргi заманғы деңгейiне қол жеткiзуге бағытталған ақпараттандыруды жүргiзу, сондай-ақ есептеу, коммуникациялық, желiлі жабдықтарды және ұйымдастыру техникасын, жүйелi бағдарламалық қамтамасыз етудi құралдармен уақытылы жаңғыртуды және жарақтандыруды қамтамасыз ету, және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгiнде ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мониторингінің автоматтандырылған жүйелерді және мемлекеттік сатып алу есебiн әзiрлеу және дамыту, есептеу, жүйелiк жабдықтарын, ұйымдастыру техникасын және ақпараттық-бағдарламалық құралдарын сатып алу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7- Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: жаңа
технологиялық шешімдер және құрал-сайман жабдықтар негiзiнде мемлекеттік
сатып алу мониторингiн ақпараттандыруын қазiргi заман деңгейіне қамтамасыз
ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
645 қосымша
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарлама әкiмшісi
2003 жылға арналған
"Электрондық саудалар, аукциондар және бәсекелiк саудалар
жүйелерiн құру" 601 республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 57 786 мың теңге (елу жетi миллион жетi жүз сексен алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкiметінің Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алу жүйесiн дамытудың 2001-2004 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы 2001 жылғы 10 желтоқсандағы № 1605 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
ҚР Үкіметінің 09.12.03 ж. № 1262 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: электрондық саудалар және электрондық қаржылар, электрондық бизнес жүргiзудi дамыту, online-режимде мемлекеттік сатып алу өрiсте қазiргi заманға сай ақпараттық технологияларды енгізу."Электрондық коммерция орталығы" РМҚК құру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: республикалық және жергiліктi бюджеттік әкiмшiлер ортасында мемлекеттік сатып алу өрiсте электрондық саудалар тетiгiн жүзеге асыру.
ҚР Үкіметінің 09.12.03 ж. № 1262 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: осы
бюджеттік бағдарламаны қабылдау мемлекеттік сатып алу процесстің барлық
кезеңдерiнің айқындылығын, барлық ықтимал берушілер үшiн мемлекеттік сатып
алу жүйенiң ашықтығын және қол жетiмдiлігі деңгейiн көтеруге, құжаттамалық
айналымын қысқартуға, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен мекемелердiң
мұқтаждары үшін сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн
қызметтердiң 5-10% мөлшерiнде бюджеттік ақша қаражатын үнемдеудi
қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.