1. Құны: 40 000 мың теңге (қырық миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңы; Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 наурыздағы "Атмосфералық ауаны қорғау" Заңы Президент жарлығымен бекітілген 1996 жылғы 30 сәуірдегi № 2967 қоғамдық және экологиялық қауiпсіздік Концепциясы; Қазақстан Республикасы Yкіметi және Ресей Федерациясы арасындағы 1997 жылғы 4 қазандағы жалға беру жағдайындағы "Байқоңыр" кешенi аумағындағы табиғатты пайдалану және экология бойынша Келісімi; Қазақстан Республикасы Үкіметi және Ресей Федерациясы арасындағы 1999 жылғы 18 қарашадағы жалға беру жағдайындағы "Байқоңыр" кешенi аумағындағы табиғатты пайдалану және экология бойынша Келісімiн тарату жоспары.
3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаттары.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: космостық-зымыран кешендерiн пайдаланудың экологиялық қауіпсіздігi және космостық-зымыран әрекетiнiң осы аймақ тұрғындары денсаулығы, қоршаған ортаға әсерiн төмендету тәжiрибелiк шараларын жасау және таратуды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: "Байқоңыр" космодромы экологиялық мониторингi және зымырандардан бөлiнiп шыққан бөлшектердің құлау аймағы жүйесiн ұйымдастыру, жер жаны космостық әртүрлі қабаттарда болатын әрекеттер мониторингiн өткізу, зымыран отыны және одан шыққан әртүрлi заттар құрамының қоршаған ортаға әсерiн физика-химиялық диагностикасын жасау, космостық-зымыран әрекетiне ұшыраған аймақтарды кешендi экологиялық бағалау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру бойынша шаралардың жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтілетiн нәтижелер:
"Байқоңыр" космодромы және зымырандардан бөлінген бөлшектердің құлау
аудандары экологиялық мониторингі қызметі жүйесін және бағдарламасын
сапалы және уақытында ұйымдастыру, зымыран-ғарыштық әрекетiне ұшыраған
аймақтардың экологиялық жағдайын бағалау.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
576-қосымша
ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулысымен 576-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімі
2003 жылға "Қарағанды облысы Шет ауданының тыңайған жерлерiн
оңалту жобасы" 037 республикалық бюджеттік
бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 12320 мың теңге (он екi миллион үш жүз жиырма мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы "2003 жылдың республикалық бюджетi жөнiнде" Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаржысы.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: дән өндіруге қиын аймақта табиғи ресурстарды сақтау, қалпына келтiру және тұрақты пайдалану.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi:
- қуаңшылық жағдайда жер пайдаланудың тұрақты жүйесiн ендіру;
- фермерлердің ауыл шаруашылық өнiмдерiн таратылуынан табыс алуына жәрдем ететiн iс-шараларын iске асыру;
- Қазақстан Республикасының көмiртек квотасы атты халықаралық саудада қатысу үшiн көмiртегiнің сіңiрiлуiн бағалау;
- жобаның нәтижелерiн Қазақстан мен Орта Азияның басқа аймақтарына тарату стратегиясын жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру бойынша шаралардың жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындауды күтілетін нәтижелер: 500 гектар
қуаң жер және 3,5 мың гектар зақымдалған жайлымы қалпына келтіріледі; бұта
көшеттерін өндіретін танап жасалады, 1 жел агрегаты орнатылады, 2 eлді
мекендe сүт жинайтын орталық ұйымдастырылады. Сонымен қатар жобаны жүзеге
асыру үшiн келесi жылдарына дайындық жұмыстары жүргізіледі (топырақты
өңдеу, тұқым және жабдықтарды сатып алу).
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
577-қосымша
Қазақстан Республикасының
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімі
2003 жылға "Ақтау Теңiз порты" арнайы экономикалық
аймағының аумағында экологиялық бекет құру"
041 республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 40 100 мың теңге (қырық миллион жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: 1993 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасының Су кодексi; Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңы; Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 наурыздағы "Атмосфералық ауаны қорғау туралы" Заңы; Қазақстан Республикасы Президентiнің 2002 жылғы 26 сәуірдегі "Ақтау Теңiз порты" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Үкімі; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 27 шiлдедегi № 885 "Мекемелердің Ережелерiн және табиғи ресурстар және қоршаған орта мониторингiсiн бiрыңғай мемлекеттік жүйеде жүргiзудi бекіту туралы" қаулысы; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 2 наурыздағы № 185 "Казгидромет" және "Казавиамет республикалық мемлекеттік кәсiпорынын құру туралы" қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаттары.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: "Ақтау Теңiз порты" арнайы экономикалық аймағындағы теңiз акваториялары мен басқа компоненттерiнің ластануын, қоршаған ортаның жағдайын үнемi және әділдікпен бағалау үшiн кешендi бақылау жасау, Каспий теңiзiнің экожүйесiне антропогендiк ықпалы және табиғи ортаның әсер етуiн бағалау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: "Ақтау Теңiз порты" арнайы экономикалық аумағында экологиялық бекеттер құрастыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру iс-шарасының жоспары: