1. Құны: 1 353 мың теңге (бiр миллион үш жүз елу үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 6 қарашадағы "Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау Министрлігінiң сұрақтары" № 1173 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаттары.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қызметкерлердiң кәсiптiк шеберлiгiн арттыру және кәсiптiк қызмет саласында білімділік бағдарламалар бойынша квалификациялық шараларға сәйкес мiндеттерiн тиiмдi орындау, теориялық және практикалық білімiн, шеберлiгiн жаңарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мемлекеттік қызметкерлерiнің кәсiптiк бiліктiлiгiн арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру шараларының жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер:
мемлекеттiң мүмкiншiлiгiне және қазiргi экономикалық шарттарға және
мемлекеттік қызмет талаптарына сәйкec сапалы білiмнің бiркелкi жүйесiн
жетілдiру мен қалыптастыру мақсатында қызметкерлердің білім деңгейiн
көтеру.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
571-қосымша
ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулысымен 571-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімі
2003 жылға "Экологиялық мониторинг жүргiзу және қоршаған
ортаны қорғау" 031 республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 136200 мың теңге (бiр жүз отыз алты миллион екi жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 31 наурыздағы Су кодексі; Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңы; Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 18 наурыздағы "Экологиялық сараптау туралы" Заңы; Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 наурыздағы "Атмосфералық ауаны қорғау туралы" Заңы; Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi "Ерекше қорғалатын табиғи аймақтары туралы" Заңы; Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 21 қарашадағы "Жануарлар әлемiн қорғау, қайта өндiру және қолдану туралы" Заңы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 6 қарашадағы № 1173 "Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң сұрақтары" қаулысы; Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы № 885 "Табиғи ресурстар және қоршаған орта мониторингiсiн бiрыңғай мемлекеттік жүйеде жүргiзу және ұйымдардың Ережесiн бекіту туралы" қаулысы; Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 наурыздағы № 185 "Казгидромет" және "Казавиамет" республикалық мемлекеттік кәсіпорынын құру туралы" қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1121 "Арал аймағын дамыту және қолдау шаралары туралы" қаулысы; Қазақстан Республикасы Президентi 2002 жылғы 28 наурыздағы № 827 Жарлығымен бекiткен Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2002-2004 жылдардың iс-шаралар Бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Президентінің "Мұнай туралы" 1995 жылғы 28 маусымдағы Жарлығы", "Қазақ мұнай және газ институты" жабық акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 23 желтоқсандағы № 1346 қаулысы", "Қазақстан Республикасының Мұнай және газ кен орындарын игерудiң бiрыңғай ережелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 18 маусымдағы № 745 қаулысы, " Қазақстан Республикасының теңiздерi мен iшкi су қоймаларында мұнай операцияларын жүргiзудiң тәртібі туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 27 қаңтардағы № 105 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаттары.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қоршаған ортаны қорғау, қоршаған ортаға мүмкiн болатын терiс антропогендiк әсер етудiң алдын алу, экологиялық мониторингтiң өңiрлiк жүйесiн құру және Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын болжау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: қоршаған ортаны қорғау саласындағы экологиялық талаптардың бұзушылығын анықтау мен оларды тоқтату, ерекше қорғалатын аймақтарды пайдалану, өсімдік және жануарлар әлемін көбейту, мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу, экологиялық мониторингті жүргізу, мемлекеттік ұйымдарды мәліметтермен қамту және табиғи ортаны негізгі ластайтын компоненттерін басқару және табиғатты қорғаудағы іс-шаралардың нәтижелігін бағалау.
Экологиялық мониторингтiң өңiрлiк жүйесi тұжырымдамасын әзiрлеу және Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторы (бұдан әрi - КТҚС) табиғи жүйесiнiң жағдайын болжау;
теңiз экожүйесiнiң ластануы деңгейiн айқындау бойынша КТҚС-қа экологиялық мониторинг жүргiзудiң аспаптық-әдiстемелiк базасының жобасын құру;
Каспий теңiзiнiң, жағалау аймағының және жағалауының табиғи экожүйелерiнiң компьютерлiк моделдерiн әзiрлеу;
6. Бюджеттік бағдарламаның iс-шараны iске бойынша жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалу нәтижесінің күтілуі:
- жануарлар және өсімдiк әлемiнің, ерекше қорғалатын аймақтарды қорғау және көбейту саласында экологиялық талаптарды бұзушылықты анықтау және тоқтату;
- мемлекеттік экологиялық сараптаудың қорытындысы;
- көрсеткіштер жүйесiн алу, қоршаған ортаның жағдайын сипаттайтын және қоршаған ортаның жақсаруы бойынша ұсыныс жасау.
Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторының экологиялық мониторингi өңiрлiк жүйесiнiң тұжырымдамасы;
Каспий өңiрiнiң экологиялық мониторингi жүйесiнiң және Каспий өңiрiнiң табиғи ресурстарының және табиғи ортасының құрамдас бөлiктерiнiң жағдайы туралы мемлекеттік органдарды және басқа да пайдаланушыларды ақпаратпен қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн қоршаған орта жағдайының талдама зерттеулерi әдiстемесiнiң жобасы;
қоршаған ортаның ластану деңгейiн айқындаудың қазiргi заманғы аспаптарымен және әдiстемесiмен жарақтандырылған эксперименталдық зертхана құрылды.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
572-қосымша
ҚР Үкіметінің 13.12.03 ж. № 150ад қаулысымен 572-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімі
2003 жылға "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы экологиялық
зерттеулер, стандарттар мен нормативтер әзiрлеу"
032 республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 40 000 мың теңге (қырық миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңы; Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 наурыздағы "Атмосфералық ауаны қорғау туралы" Заңы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 сәуірдегі № 470 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған Бағдарламасын iске асыру шаралар Жоспары.