Өзбекстан Республикасынан Америка Құрама Штаттары мен Германия
Федеративтiк Республикасына уран концентратының Қазақстан Республикасының
аумағы арқылы транзитiне рұқсат беру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 ж. 19 ақпандағы № 179 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008.04.05. № 406 Қаулысымен күші жойылды
«Экспорттық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнiмдер транзитiнiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 11 тамыздағы № 1143 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Өзбекстан Республикасынан Америка Құрама Штаттары мен Германия Федеративтiк Республикасына 1992 жылғы 10 сәуірдегі шартқа сәйкес 1-қосымшаға сай номенклатура мен санда "RWE Nukem" (АҚШ Коннектикут, Стемфорд қаласы) корпорациясы және 2000 жылғы 2 мамырдағы N NMMC-00/27 шартқа және 2002 жылғы 16 желтоқсандағы № 2 қосымша келісімге сәйкес 2-қосымшаға сай номенклатура мен санда "Siemens Financial Services GmbH" (Германия, Мюнхен қаласы) кәсiпорыны үшiн Науаи тау-кен металлургиялық комбинаты (Өзбекстан Республикасы, Науаи қаласы) беретiн уран концентратының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiне рұқсат берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң Атом энергетикасы жөніндегі комитетi заңнамада белгiленген тәртіппен уран концентратының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiн бақылауды қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының