1. Құны: 150 000 мың теңге (жүз елу миллион теңге).
2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында сәулет, қала және құрылыс қызметтер туралы" 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің білім беру, денсаулық сақтау, көлiктiк инфрақұрылым қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалары: 1) 1997 жылғы 20 тамыздағы № 3621; 2) 1997 жылғы 22 қыркүйектегi № 3645; 3) 1998 жылғы 16 қарашадағы № 4153; 4) 2000 жылғы 30 қыркүйектегi № 448, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шiлдедегi Заңының 12-бабы, "Жамбыл облысындағы жер сiлкiнiсi салдарларын жою және әлеуметтiк маңызы бар объектiлердi қалпына келтiру жөніндегi бiрiншi кезектегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 мамырдағы № 492 қаулысы.
3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: тек құжаттамаларды алуға арналған жұмсалымдарды көздейтiн оны әзiрлеуге арналған жұмсалымдарды төмендету, сондай-ақ үлгi жобаларды нақты мекенге және инженерлiк қамтамасыз ету шараларын қосуға, жобалық құжаттамаларды көп реттi пайдалану. Қиратушы жер сiлкiнiсi аймағында қалған бюджеттік қаржыландыру салаларына жататын объектiлердi қалпына келтiрудi қамтамасыз ету.
5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: инженерлiк қамтамасыз ету жағдайлары мен нақты жергiлiктi үлгiлiк жобаларға әуелi қымбат құрылыс материалдар, бұйымдар, конструкциялар, құрал жабдықтарды және қамтамасыз ету заттарын пайдалануға жобаларды жобалауға қасақана немесе абайсызда тапсырмаларға енгізуге мүмкiндiк бермейтiн мемлекеттік білім беру және денсаулық сақтау мекемелерi, республикалық және жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен құрылатын шағын темір жол станциялары үшiн кеден бекеттерi мен терминалдарын әлеуметтік және көлiктiк халықты ауыл мектептерiн, қоғамдық орталықтардың инфрақұрылым нысандарының құрылысы үшiн қажеттi жобалық-сметалық құжаттамаларды қамтамасыз ету. Қиратушы жер сiлкiнiсiне ұшыраған объектiлердің жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүзеге асыру үшiн жобалау негiздерiн жасау
6. Бюджет бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтiлетiн нәтижелер: 27 Yлгi
жобаларды әзiрлеу.
Тұрғын үй ғимараттарын және жалпы құрылыс көлемi 1834579
шаршы метр қоғамдық мақсаттағы объектiлердi шұғыл зерттеу. Жалпы құрылыс
көлемi 170818 шаршы метр қоғамдық ғимараттарды егжей-тегжейлі зерттеу және
күшейту жөніндегі ұсынымдарды әзiрлеу.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 535-қосымша
Қазақстан Республикасының
Индустрия және сауда министрлігі
________________________________
Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi
2003 жылға арналған 039 "Технологиялық сипаттағы қолданбалы
ғылыми зерттеулер" республикалық бюджет бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Бюджет бағдарламасының құны: 507 040 мың теңге (бec жүз жетi миллион қырық мың теңге).
2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк-құқықтық негiзi: "2001-2005 жылдарға арналған машинажасауды дамыту және жоғары тиiмдi машиналарды жасаудың ғылыми-техникалық проблемаларын дамыту" республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 16 наурыздағы № 353 қаулысы; "1999-2003 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының тау-кен металлургия кешенiн дамытудың стратегиялық артықшылықтары мен нақты жұмыс iстеуiн ғылыми-техникалық қамтамасыз ету" республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаларының көрсеткiштерін және негізгi тапсырмаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 1999 жылғы 8 қаңтардағы № 15 қаулысы; "2001-2005 жылдарға арналған ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер үшін радиоэлектронды аспаптар мен құралдарды әзiрлеу, құру және дамыту" республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаларды бекіту туралы" "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 29 желтоқсандағы 1956 қаулысы; "Ақпаратты қорғау саласындағы ғылымын зерттеулер мен техникалық әзiрлемелердi өткізудiң Бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 2 сәуірдегі 433 қаулысы.
3. Бюджет бағдарламасын қаржыландырудың көзi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: iшкi өндiрiстiң және бәсекеге жарамды машинажасау өнiмдерiн шығарудың ғылыми-техникалық және технологиялық алғышарттарын құру, машинажасау саласы және машинажасаудағы ғылыми-ақпараттық ортаны қалыптастыру үшiн ресурс және энергия үнемдеушi технологиялық ғылыми жұмсалымын құру, елдiң басыңқы экономикалық салалары үшiн қажеттi жоғары тиiмдi машиналарын және жабдықтарын құру, қайта қарулануды өндiрiс салаларды дамыту бағдарламаларын ғылыми қамтамасыз ету.
5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi:
iшкi өндiрiс және бәсекеге жарамды өндiрiс өнiмдерiн ғылыми-техникалық және технологиялық алғышарттарын құру;
ғылыми толықты ресурс- және қуат- сақтау технологияларды өндiрiс салалары үшiн жасау және өндiрiс саласындағы ғылыми-ақпараттық ортаны қалыптастыру;
жоғарғы технологиялық, экспортқа бағдарланған өндiрiс дамуын қолдау;
радиоэлектронды бағытталған ұлттық ғылыми толықты өндiрiстi, жоғарғы ақпараттық технологияларды дамыту;
ақпаратты қорғау жөніндегі бiркелкi техникалық саясатты қалыптастыру үшiн ғылыми-әдiстемелiк негiздi жасау;
аппараттық, бағдарламалық, және аппараттық-бағдарламалық ақпаратты қорғау тәсiлдердi әзiрлеу.
Технологиялық сипаттағы ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қаржыландыру және жиынтық бойынша қорытындылар дайындау қолданбалы ғылыми-техникалық әзiрлеулер енгізу.
6. Бюджет бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар:
7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтiлетiн нәтижелер: өнеркәсiптiң
бәсекеге қабiлеттi өнiмдерiнiң iшкi өндiрiсiн өндiру және шығарудың
технологиялық алғышарттары және ғылыми-техникалық қамтамасыз ету;
өнеркәсiптiң ғылыми-ақпараттық ортасын қалыптастыру және өнеркәсiп саласы
үшiн ғылыми ресурстық және энергия үнемдеушi технологияларын қамтамасыз
ету; тиiмдiлiгi жоғары экспортқа бағытталған өндiрiстердi дамытудың ғылыми
қолдауын қамтамасыз ету; бәсекеге қабiлеттi өнiмдердiң жоғары тауар
дайындығын өндiру жөніндегі технологияларды өнеркәсiпке игеруге дайындық;
жаңа өндiрiстердi және жұмыс орындарын құру; Қазақстан Республикасының
өнеркәсiп кешенiн және мемлекеттік органдарын
ақпараттық-телекоммуникациялық қамтамасыз ету жөніндегі жүйелiк жобаларды
iске асыру және әзiрлеу; ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер үшiн
отандық өндірістің аспаптық-саймандар паркiн қалыптастыру; жоғары
ақпараттық технологияларды радиоэлектронды мақсаттағы отандық ғылыми
қажеттi өндiрiстердi дамыту; ақпаратты қорғау жөніндегі бiрыңғай
техникалық саясатты өткізу мен қалыптастыру үшiн ғылыми-әдiстемелiк және
технологиялық негiз құру; ақпаратты қорғаудың отандық аппараттық,
бағдарламалық және аппараттық-бағдарламалық құралдарын әзiрлеу;
радиотехника саласында мемлекеттiң қорғаныс жетiстiгiн қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 536-қосымша
Қазақстан Республикасының
Индустрия және сауда министрлігі
________________________________
Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi
040 "Стандарттау, сертификаттау, метрология және сапа
жүйелерi саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер"
республикалық бюджет бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 10 000 мың теңге (он миллион теңге).
2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы "Стандарттау туралы" 1999 жылғы 16 шiлдедегi Заңының 6-бабы, "Сапа" 2001-2005 жылдарға арналған Республикалық бағдарлама туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 2 мамырдағы № 590 қаулысы; Қазақстан Республикасы "Өлшем бірліктерiн қамтамасыз ету туралы" Заңының 2000 жылғы 7 маусымдағы 5-бабы.
3. Қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: қазiргi заманға сай сапаны басқарудың тиiмдi әдiстерiн енгізудi қамтамасыз ету, тауар өндiрушiлердiң бәсекеге қабiлетi мен экспорттық мүмкiндiктерiн арттыру.
5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: сапа және қоршаған ортаны қорғау мәселелер жөніндегі нормативтiк құжаттарды әзiрлеу, ISO сериясындағы 9000 және 14000 халықаралық стандарт бiрлесе қолдану жөніндегі ұсыныстар, динамикадағы салмақты өлшеу әдiстерiн зерттеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтiлетiн нәтижелер: 9000 және
14000 сериясындағы ISO халықаралық стандарттарын енгізу үшiн ұсыныстарды
әзiрлеу; динамикадағы салмақ өлшеу мәселелерi жөніндегі бiр есептiк
ұсыныстарды әзiрлеу.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 537-қосымша
Қазақстан Республикасының
Индустрия және сауда министрлігі
________________________________
Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi
2003 жылға арналған 041 "Стандарттау, метрология және
сертификаттау саласындағы халықаралық, аймақтық және ұлттық
стандарттарды әзiрлеу және сатып алу" республикалық
бюджет бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 47 970 мың теңге (қырық жетi миллион тоғыз жүз жетпiс мың теңге).
2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк құқықтық негiзi: "Стандарттау туралы" 1999 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 10 және 15-баптары.
3. Қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: Стандарттау жөніндегі жұмыстардың халықаралық практикасына өтуi үшiн жағдайлар жасау; өнiмдердiң экспортқа шығарылуын арттыру және қазақстан өнiмiнiң әлемдiк рынок және өнiм экспортын арттыру талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз ететiн мемлекеттік стандарттау және сертификаттау жүйесiн жетiлдiру және дамыту.
5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: Дүниежүзiлiк сауда ұйымының халықаралық стандарттар және принциптер талаптарына сәйкес негiзгi дерлiк мемлекеттік стандарттар әзiрлеу және қайта қарау; өнiмдер және оларды сынау әдiстерi стандарттарын үйлестiру жөнiнде жұмыстар жүргiзу үшiн қажеттi нормативтiк база құру; халықаралық, аймақтық және ұлттық стандарттар алу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтiлетiн нәтижелер: мемлекеттік
стандарттар жұмысының жоспарына сәйкес 80 мемлекеттік стандарт әзiрлеу;
300 халықаралық, аймақтық және ұлттық стандарттарға алу және олардың
аудармасын жүзеге асыру, Бағдарламаны іске асыру отандық өнiмдердiң
бәсекелестiк қабiлетiн арттыру және оның әлемдiк рынокқа ықпалдасуына
мүмкiндiк бередi.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 538-қосымша
Қазақстан Республикасының
Индустрия және сауда министрлігі
________________________________
Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi
2003 жылға арналған 042 "Республиканың нақты шамалар
өлшемдерiнiң ұлттық эталондық базасын жасау"
республикалық бюджет бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 185 000 мың теңге (жүз сексен бес миллион теңге).
2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк құқықтық негiзi: "Өлшем бірлігiн қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы, Қазақстан Республикасы "Мемлекеттік сатып алулар туралы" 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 10-бабы, "2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 7 наурыздағы № 367 қаулысы, "Қазақстан Республикасы бірліктерiнiң эталондық базасын дамытудың кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 10 мамырдағы № 614 қаулысы.
3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: Республикада өлшемдердiң бірлігiн және дәлдiгiн қамтамасыз етудiң техникалық негiзi болып табылатын шама бірліктерiнiң эталондық базасын құру және жетiлдiру. Өлшем нәтижелерi дәлсiздiгiнiң экономикалық шығындарын аластау.
5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: Қазақстан Республикасының эталондық базасын құру үшiн эталон құрал-жабдықтарын және эталондар алу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтілетiн нәтижелер: бар
құрал-жабдықты түбірлі жаңарту, өлшем дәлдiгiн арттыру, өлшем құралдарын
тексерудегi шығындарды төмендету, материалдық және энергетикалық
ресурстарды үнемдеудi қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының
халықаралық ұйымдарға қатысуы үшiн халықаралық талаптарға сәйкес келуi
үшiн саны 13 дана эталондық құрал-жабдық алу.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 539-қосымша
ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г; 13.12.03 ж. № 150ае қаулыларымен 539-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының
Индустрия және сауда министрлігі
________________________________
Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi
2003 жылға арналған 043 "Қазақстанның Дүниежүзiлiк сауда
ұйымына кіруi" республикалық бюджет бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 52 000 мың теңге (елу екi миллион теңге).
2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөніндегі шаралар туралы "Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 28 наурыздағы № 827 Жарлығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002-2004 жылдарға арналған Бағдарламасы; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 24 сәуірдегі № 470 "2002-2004 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөніндегі жоспарды бекіту туралы" қаулысы.