1. Құны: 60 000 мың теңге (алпыс миллион теңге).
2. Бюджет бағдарламасының нормативтік құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңының 28 және 29-баптары, "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шiлдедегi Заңы, "Өрт қауіпсiздігi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңы, "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 24 сәуірдегі № 470 қаулысымен бекітілген, "Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн дамыту жөнiндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 28 қарашадағы № 1778 қаулысы, "Республиканың сейсмоқауiптi аймақтарындағы құрылғылар мен сейсмикалық шыдамды ғимараттарды көтеру жөнiндегі жедел шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 28 ақпандағы № 380 , "Мемлекеттік қала құрылысы кадастры туралы" 1995 жылғы 6 шiлдедегi № 931 қаулысы.
3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және құрылыс саласында нормативтiк-техникалық базаны жетiлдiру.
5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: Құрылыс жобалау және сәулет қала құрылысы қызметi саласындағы нормативтiк-техникалық құжаттарды қайта даярлау және әзiрлеу; құрылыс өнеркәсiбi саласындағы нормативтiк құқықтық құжаттарды қайта даярлау және әзiрлеу; тұрғын-үй шаруашылығындағы нормативтiк-техникалық құжаттарды қайта даярлау және әзiрлеу; баға құрау саласындағы нормативтiк-техникалық құжаттарды қайта даярлау және әзiрлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтiлетiн нәтижелер: 2003 жылы
200 бірлік нормасы дайындалатын болады.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 531-қосымша
Қазақстан Республикасының
Индустрия және сауда министрлігі
________________________________
Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi
2003 жылға арналған 033 "Құрылыс саласындағы халықаралық,
аймақтық және ұлттық стандарттарды сатып алу"
республикалық бюджет бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 15 000 мың теңге (он бес миллион теңге).
2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылыс қызметi туралы" 2001 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңы, "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 24 сәуірдегі № 470 қаулысы, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылыс қызметi жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 28 қарашадағы қаулысы, "Мемлекеттік қала құрылысы кадастры туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1995 жылғы 6 маусымдағы № 931 қаулысы, "ТМД елдерi шеңберiнде ғылыми-техникалық ынтымақтастықты және келісімдердi iске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1992 жылғы 22 маусымдағы № 540 қаулысы және 1994 жылғы 18 тамыздағы № 2.1. Стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Ресей Федерациясының Yкіметі арасындағы Келісім.
3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: жобалаудың нормативтiк базасын жаңарту, экономиканың базалық салалық объектiлерiн салу, сондай-ақ қолданыстағы нормативтердi Тәуелсiз мемлекеттер Достастығы елдерiмен Еуропалық, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнiң стандарттары мен нормаларына үйлестiру.
5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: қала аумақтарды Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнiң өзара мүдделерiн көздейтiн объектiлердi жобалау мен салуға арналған нормалардың талаптарымен үлестiрiлген халықаралық нормалары мен ережелер, стандарттар саласында негiзге алынатын құжаттарды сатып алу; объектiлердiң төзiмдiлiгi, сенiмдiлiгi, өрт-жарылыс қауiпсiздiгi, еңбек қауiпсiздiгi, жылу-энергетикалық ресурстарды үнемдеудi қамтамасыз ету проблемалары бойынша iздестiруге, жобалауға, салуға арналған жалпытехникалық нормативтiк құжаттар базасын қалыптастыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
республиканың құрылыс кешенiн дүниежүзiлiк талаптарға сәйкес келетiн және
сауда-экономикалық қатынастарға кедергiлердi жоятын 54 бірлікте
мемлекетаралық нормалар және стандарттармен қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулысымен 531-1-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 бұйрығына
531-1-қосымша
Қазақстан Республикасының
Индустрия және сауда министрлігі
_________________________________
Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi
2003 жылға арналған 034 "Экспорттық кредиттердi
және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру
корпорациясын құру" республикалық
бюджет бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 7700000 мың теңге (жетi миллиард жетi миллион теңге).
2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентінің "Ішкi және сыртқы саясатты" 2004 жылға арналған негiзгi бағыттары" 2003 жылғы 4 сәуірдегі Жолдауы, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңы, Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 маусымдағы Заңы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 8 мамырдағы № 442 қаулысы.
3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көзi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: сыртқы рынокта қазақстандық өңдеу өнеркәсiбi тауарларының бәсеке қабiлетiн жоғарылату үшiн экспорттық операцияларды сақтандыруды жүзеге асыру.
5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: "Мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" Ашық акционерлік қоғамының жарғылық қорын қалыптастыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7- Бюджет бағдарламасын орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
1) Сандық өлшемдер:
Экспорттың жалпы көлемiнiң 20%-ша жуығын құрайтын қосылған құны жоғары тауарларды қазақстандық экспорттаушыларға кепiлдемелер ұсыну;
2) Сапалық өлшемдер:
Қажеттілiктер үшiн ақысыз, икемдi және бейiм қызметтi құру жолымен бiр мезгiлде елiмiзде және шетелде қаржылық жағынан күштi және сенiмдi серiктес экспорттаушылар мен отандық тауарлар экспортын қаржыландыратын ұйымдарға сақтандыру және кепiлдемемен қолдау көрсету.
3) Тиiмдiлiк өлшемдер:
Кәдiмгi сақтандырумен қамтылмай пайда болатын тәуекелдердi өтеу жолымен экспорттық операцияларды жүргiзу кезіндегі тәуекелдердi төмендету;
4) Нәтижелiк өлшемдер:
Жоғары деңгейде өңделген отандық өнiм экспортының өсiмi, ел экономикасының дамуы, жаңа өндiрiс түрлерiн игеру.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 532-қосымша
Қазақстан Республикасының
Индустрия және сауда министрлігі
________________________________
Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi
2003 жылға арналған 035 "Астана қаласы жаңа орталығының
объектiлерiн салуға мердiгерлiк жұмыстарды мемлекеттік
сатып алу жөнiнде конкурстар өткізу" республикалық
бюджет бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1 000 мың теңге (бiр миллион теңге).
2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк құқықтық негiзi: "Мемлекеттік сатып алулар туралы" 2002 жылғы 16 мамырдағы № 357-1 Қазақстан Республикасының Заңының 1-бабы; "Астана-жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының құрылыс нысандарының кейбір мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 16 қарашадағы № 1458 қаулысы.
3. Қаржыландыру көзi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: Мемлекеттік сатып алулар туралы шарттарды мейлiнше тиiмдi жағдайларына бағытталған және әлеуеттi берушiлер арасындағы бәсекелестiктi көздейтiн конкурстарды өткізуге және ұйымдастыруға арналған шығыстарды өтеу.
5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: орындаушыларды айқындауға арналған конкурстарды өткізу мен конкурстық құжаттамаларды дайындау үшiн қолайлы жағдайлар жасау; конкурс қорытындысы мен өткізу шарттары туралы хабарламаның ресми мөрiнде жариялау жолмен әлеуетті жеткізушiлердi хабарлау; тиiстi қаржы жылына арналған жұмыстар мен қызмет көрсетулер берудi iріктеу.