2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі) (ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1429 қаулысына 526-568 қосымшалар) (ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г; 13.12.03 ж. № 150ае; 25.12.03 ж. № 150ао қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Предыдущая страница

3. Қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.

4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кіруi.

5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: Қазақстан Республикасының Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кіру процесiн қамтамасыз ету.

6. Бюджет бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:

 
 
 
      7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан
Республикасының Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кіру процесiн жандандыру.

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына 540-қосымша

Қазақстан Республикасының

Индустрия және сауда министрлігі

________________________________

Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi

2003 жылға арналған 044 "Өнiмдер каталогын жүргiзу"

республикалық бюджет бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 1 000 мың теңге (бiр миллион теңге).

2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк құқықтық негiзi: "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 маусымдағы Заңының 17-1-бабы.

3. Қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.

4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: Қазақстанда өнiмдер туралы дәл ақпараттармен мүдделi тұлғаларды шұғыл қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы өнiмдерi жүйесiнiң тiзбесiн енгізу, оның шығарылу бойынша олардың сипаттары, өнiмдерi және нормативтiк құжаттар.

5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: Қазақстан Республикасында шығарылатын өнiмдердiң деректер қоры негiзiнде электронды тiзбелердiң маңыздылығы.

6. Бюджет бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:

 
 
 
      7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтiлетiн нәтижелер: үш тiзбе
енгізудi қаржыландыру: шағын бизнес кәсiпорындарымен шығарылатын өнiмдер;
жылу-энергетикалық кешенi кәсiпорындарымен шығарылатын өнiмдер; Қазақстан
Республикасының өзге кәсiпорындарымен шығарылатын өнiмдер.

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына 541-қосымша

Қазақстан Республикасының

Индустрия және сауда министрлігі

________________________________

Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi

2003 жылға арналған 045 "Мемлекеттік эталондарға техникалық

қызмет көрсету және оларды сүйемелдеу" республикалық

бюджет бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 18 879 мың теңге (он сегiз миллион сегiз жүз жетпiс тоғыз мың теңге).

2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк құқықтық негiзi: "Бірлік өлшемдерiн қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңының 10-бабы, "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 10-бабы, "Қазақстан Республикасының шамалар бірліктерiнiң эталондық базасын дамытудың кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 10 мамырдағы № 614 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.

4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: Қазақстан Республикасының халықаралық талаптарының эталондық базасына сәйкес шамалар бірліктерi көлемiнiң дәлдiгi мен бірліктерiн қамтамасыз ету, шамалар нәтижелерiнiң дәлдiгiнен экономикалық шығындарын жою.

5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: халықаралық деңгейде мамандарды оқыту, эталондардың метрологиялық аттестациялары мен салыстыруларды жүргiзу, эталондық базаны ұстау.

6. Бюджет бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:

 
 
 
      7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтiлетiн нәтижелер: эталондық
жабдықтар мен 20 эталондарға салыстыруды өткізу, 5 маманнан кем емес
біліктілігiн көтеру, ғалым-сақтаушылардың 42 эталондарын қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына 542-қосымша

Қазақстан Республикасының

Индустрия және сауда министрлігі

________________________________

Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi

2003 жылға арналған 046 "Қазақстанның үздiк тауарлары"

конкурсын өткізу және Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

сыйлығын беру" республикалық бюджет бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 5 000 мың теңге (бес миллион теңге).

2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000-2002 жылдарға арналған Iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 24 сәуірдегі № 470 қаулысы, "Сапа саласындағы конкурстар туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 26 наурыздағы № 384 қаулысы.

3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.

4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: Қазақстан рыногын отандық тауар өндiрушiлердің жоғары сапалы және бәсекелестiк қабiлетті өнiмдерiмен молайту.

5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң сыйлығы және "Қазақстанның үздiк тауарлардың конкурс-көрмесi жарысына конкурс ұйымдастыру және өткізу.

6. Бюджет бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:

 
 
 
      7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтiлетiн нәтижелер: лауреаттарды
эмблема сыйлығымен және 6 номинация бойынша дипломмен марапаттау және
барлық ұсынылған өтiнiмдер бойынша сараптық қорытындылар жiберу жолымен
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң сыйлығы жарысын 2 номинация бойынша
диплом және медальдар беру және көрмелер өткізу арқылы "Қазақстанның үздiк
тауарлары" конкурс-көрмесiн; конкурс қорытындысы туралы баспасөз
мәслихатын; Қазақстан Республикасы Yкіметінің сыйлығын тапсыру; Отандық
тауар өндірушiлердің бәсекелестігі мен сапа деңгейiн көтеру.

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына 543-қосымша

Қазақстан Республикасының

Индустрия және сауда министрлігі

________________________________

Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi

2003 жылға арналған 047 "Азаматтық және қызметтiк қарулардың

және олардың оқтарының мемлекеттік кадастрын жүргiзу"

республикалық бюджет бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 1 000 мың теңге (бip миллион теңге).

2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк құқықтық негiзi: "Қарудың жеке түрлерi айналымын мемлекеттік бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысы.

3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.

4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: Қазақстан Республикасы аумағында әрекет ететiн азаматтық және қызметтiк қару мен оның оқтарын анық есепке алуды қамтамасыз ету.

5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кадастрын өзектеу, шығару және жүргiзу.

6. Бюджет бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:

 
 
 
      7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Азаматтық
және қызметтік қару мен оның оқтарының Мемлекеттік кадастрын өзектеу.

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына 544-қосымша

ҚР Үкіметінің 25.12.03 ж. № 150ао қаулысымен 544-қосымша өзгертілді

Қазақстан Республикасының

Индустрия және сауда министрлігі

________________________________

Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi

2003 жылға арналған 050 "Шағын және орта бизнестi

қолдаудың республикалық бюджет бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 159 120 мың теңге (жүз елу тоғыз миллион жүз жиырма мың теңге).

2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк құқықтық негiзi: "Кәсiпкерлiк шағын кәсіпкерлiктi мемлекеттік қолдау туралы" 1997 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; "2030 жылға дейiнгi Қазақстанның даму стратегиясын жүзеге асырудың одан әрi шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 28 наурыздағы № 827 Жарлығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасы.

3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көзi: республикалық бюджет қаражаты.

4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: Ішкі жалпы өнiм құрылымындағы шағын бизнес (кәсiпкерлiк) үлесiнiң, шағын бизнестегi жұмыспен қамтылғандар санын ұлғайту.

5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: шағын бизнес (кәсiпкерлiк) секторында сапалы инфрақұрылымды жасау; кәсiпкерлiк ic-әрекеттi, шағын бизнестi (кәсiпкерлiктi) ақпараттық қамтамасыз ету жүйесiн дамытуды реттейтін заңнаманы жетiлдiру жөніндегі зерттеулердi өткізу, халықты жұмыспен қамту үлесiнiң артуы.

6. Бюджет бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары: