2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі) (ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1429 қаулысына 526-568 қосымшалар) (ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г; 13.12.03 ж. № 150ае; 25.12.03 ж. № 150ао қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Предыдущая страница
 
 
      7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Дүниежүзiлiк
сауда ұйымымен өзара iс-қимыл жөніндегі ақпараттық жүйе жұмыс iстеуiн
қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына 562-қосымша

Қазақстан Республикасының

Индустрия және сауда министрлігі

________________________________

Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi

2003 жылға арналған 501 "Қазақстан Республикасы импорттық-экспорттық

бақылауының ақпараттық жүйесiн

сүйемелдеу" республикалық бюджет бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 17 295 мың теңге (он жетi миллион екi жүз тоқсан бес мың теңге).

2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк құқықтық негiзi: "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 12-14-баптары, "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңының 5-1, 5-2-баптары, "Қару-жарақ, әскери техниканы, сондай-ақ олардың өндiрiсiмен байланысты шикiзаттар, материалдар, жабдықтар, технологиялар және қызметтерге экспорттық бақылау жасаудың автоматтандырылған жүйесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 30 қаңтардағы № 120 қаулысы, "Қару-жарақ, әскери техниканы, сондай-ақ оларды өндiруге байланысты шикiзатты, материалдарды, жабдықтарды, технологиялар мен қызмет көрсетулердi экспорттық бақылаудың автоматтандырылған жүйесiн енгізу жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 19 тамыздағы № 1025 қаулысы, "Қазақстан Республикасындағы тауарларды" (жұмыстар, қызмет көрсетулер) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысы, "Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 9 наурыздағы № 186 қаулысы, "Қазақстан Республикасында экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 1 тамыздағы № 1282 қаулысы.

3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.

4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: экспорттық бақылау саласында бiрыңғай республикалық бақылау-ақпараттық жүйенiң жұмыс қабiлеттiгiн қамтамасыз ету.

5. Бюджет бағдарламасының мiндетi: экспорттық бақылаудың автоматтандырылған жүйесiнiң (бұдан әрi - ЭБАЖ) қолданылып жүрген автоматтандырылған технологиясын және функционалдық бағдарламалық қамтамасыз ету; жалпыжүйелiк бағдарламалық қамтамасыз етудi және ЭБАЖ-дың техникалық құралдарын қамтамасыз ету; ЭБАЖ-дың келiсушi министрлiктерi мен ведомстволары үшiн қолданбалы бағдарламалық-техникалық құралдарды, кеден ақпараттық жүйесiмен өзара байланысты қамтамасыз ету, ЭБАЖ-дың мәлiметтер сенiмдiлiгi мен қауiпсiздiгiн және ЭБАЖ-дың деңгейлерi арасында мәлiметтер алмасуды қамтамасыз ету.

6. Бюджет бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:

 
 
 
      7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтiлетiн нәтижелер: экспорттық
бақылауға жататын өнiмдердi бақылаудың 80 пайызына дейiн қамтитын,
экспорттық бақылау саласында бiртұтас республикалық бақылау-ақпарат жүйесi
жұмысын қамтамасыз ету (ЭБАЖ жүйесi жалпы республикалық ведомствоаралық
жүйе болып табылады және бұл жүйелердiң ақпараты Қазақстан Республикасының
Yкіметі, Кеден комитетi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Денсаулық сақтау
министрлігі және басқа мемлекеттік органдар үшiн ведомстволық ақпарат
жүйелерiн құру үшiн қажет); жүйе енгiзiлгеннен кейiн лицензиаттардың
лицензия ресiмдеу жөніндегі уақыт және шығыстарды қысқарту жоспарлануда.

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына 563-қосымша

Қазақстан Республикасының

Индустрия және сауда министрлігі

________________________________

Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi

2003 жылға арналған 502 "Мемлекеттік стандарттар қорының

ақпараттық жүйелерiн сүйемелдеу" республикалық бюджет

бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 3 463 мың теңге (үш миллион төрт жүз алпыс үш мың теңге).

2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк құқықтық негiзi: "Стандарттау туралы" 1999 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы.

3. Қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.

4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: Қорғаныс шаралары үшiн стандарттау, сертификаттау және метрология саласындағы нормативтiк құжаттарға қол жеткізудi қамтамасыз ету, электронды тасымалдағы стандарттау, метрология және сертификаттау саласында нормативтiк құжаттарды және ақпараттарды өңдеу және тарату.

5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: Ақпарат жүйесiнiң техникасына қызмет көрсету, стандарттар бойынша деректер қорын жасау, алу және стандарттау, сертификаттау және метрология саласында нормативтiк құжаттарды өңдеу, редакцияланбайтын электронды қатарға аудару және тарату.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:

 
 
 
      7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтiлетiн нәтижелер: 660
нормативтiк құжат бойынша ақпарат жинауды, өңдеудi, берудi, көрсетудi
автоматтандыруға және құрал-жабдықтың 19 бірлігiн жұмыс күйiнде ұстауға
мүмкiндiк бередi.

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына 564-қосымша

Қазақстан Республикасының

Индустрия және сауда министрлігі

________________________________

Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi

2003 жылға арналған 503 "Қазақстан Республикасында

Кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың 2003-2005 жылдарға

арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша ақпараттық жүйенi

сүйемелдеу" республикалық бюджет бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 13 000 мың теңге (он үш миллион теңге).

2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк құқықтық негiзi: "2030 жылға дейiнгi Қазақстанның Даму стратегиясын орындау жөніндегі одан арғы шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 28 наурыздағы № 827 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасы; "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi № 996 қаулысы.

3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.

4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: бизнесте интернет-технологияларды қолданатын кәсiпкерлер үлесiн, халықтың жұмыс бастылығын ұлғайту.

5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: кәсiпкерлiк жөніндегі ақпараттық жүйенiң қолдануын қамтамасыз ету; WEB-сайтты ақпараттық сүйемелдеуге және деректер қорын өзектi жағдайда ұстау, тораптар мен деректер қорына әкiмшiлiк ету, тұтыну интерфейсiн жетiлдiру мақсатында қолданбалы бағдарламалық-математикалық қамтамасыз етудi пысықтау;

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:

 
 
 
      7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтiлетiн нәтижелер: АЖ-дiң
ақпараттық ресурстарына алысталған жеткiзiмдi қоса алғанда кәсiпкерлiктi
қолдау инфрақұрылымын дамыту; Достық интерфейсiн жасау, шағын кәсiпкерлiк
субъектiлерiнiң ақпаратқа жеткiзiм механизмiн реттеу; Бизнесте
интернет-технологияларды қолданатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлер үлесiнiң
ұлғаюы; Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн ақпараттандыру деңгейiнiң өсуi.

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына 565-қосымша

Қазақстан Республикасының

Индустрия және сауда министрлігі

________________________________

Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi

2003 жылға арналған 504 "Қазақстан Республикасы Индустрия

және сауда министрлігінiң ақпараттық жүйелерiн сүйемелдеу"

республикалық бюджет бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 3 600 мың теңге (үш миллион алты жүз мың теңге).

2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк құқықтық негiзi: "Бюрократизммен күрес және құжат айналымын қысқарту мемлекет аппаратының жұмысын жақсарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 31 шiлдедегi № 427 және "Қазақстан Республикасының ұлттық инфрақұрылымын дамыту мен қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығы, "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң мәселелерiнiң Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi № 996 қаулысы.

3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.

4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң автоматтандырылған ақпараттық-техникалық жүйелерiнен құрылатын үздiксiз және тұрақты жұмыстарды қолдау және құру.

5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: Электрондық почта бойынша есептеу құралдары мен байланыс құралдарын пайдалану жұмыс қабiлетiн қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң ақпараттандыру және автоматтандырылған жүйелерiн енгізу үшiн бағдарламалық қамтамасыз етудi қондыру. Электрондық почта қызметi мен ведомстволық деректер базасына қол жеткізу қызметiн бағдарламалық-техникалық қамтамасыз ету.

6. Бюджет бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:

 
 
 
      7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан
Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң барлық құрылымдық
бөлiмшелерi мен комитеттерiн қосқанда бiрыңғай ақпараттық жүйенi
қалыптастыру; Министрлiктiң қызметіндегі ақпараттық-техникалық құралдарын
тиiмдi енгізу.

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына 566-қосымша

Қазақстан Республикасының

Индустрия және сауда министрлігі

________________________________

Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi

2003 жылға арналған 600 "Дүниежүзiлiк сауда ұйымымен

аккредиттеу, стандарттау, метрология және сертификаттау

мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жөніндегі ақпараттық

орталық жүйесiн сүйемелдеу" республикалық бюджет

бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 5 463 мың теңге (бес миллион төрт жүз алпыс үш мың теңге).

2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк құқықтық негiзi: "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 17-бабы және "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі мәселелерi" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы № 996 қаулысы.

3. Қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.

4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: аккредиттеу, стандарттау, сертификаттау және метрология, сондай-ақ Дүниежүзiлiк сауда ұйымының (бұдан әрi - ДСҰ) бiрыңғай ақпараттық кеңiстiгiне кіру мәселелерi жөнiнде мемлекеттік басқару органдарын қоғамдық және iскер орталарды ақпаратпен қамтамасыз ету.

5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: ақпараттық-анықтама қызметiн ұйымдастыру, Қазақстан Республикасындағы ДСҰ Хатшылығын бекіту рәсiмдерiн орындалуы үшiн дербес аудармашыларға оргтехникалармен және техникалық құралдары орталықтарын жарақтандыру және тиiстi бағалау рәсiмдерiн және рәсiмдерге қатысты ДСҰ-ы елдерi мүшелерiне ақпараттарды ұсыну.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:

 
 
 
      7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазiргi
заман техникасының көмегiмен Мемстандарт ақпараттық желiлерiнiң үздiксiз
жұмыс iстеуi үшiн жағдайлар жасау.

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына 567-қосымша

Қазақстан Республикасының

Индустрия және сауда министрлігі

________________________________

Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi

2003 жылға арналған 601 "Мемлекеттік стандарттар қорының

ақпараттық жүйесiн дамыту" республикалық бюджет

бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 2 000 мың теңге (екi миллион теңге).

2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк құқықтық негiзi: "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегi Заңының 17-бабы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң мәселелерi" туралы 2002 жылғы 12 қыркүйектегi қаулысы.

3. Қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.

4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: Мемлекеттік стандарттар қорын стандарттау, метрология және сертификаттау саласында нормативтiк құжаттар және ақпарат жинау, өңдеу және тарату үшiн қазiргi заман талаптарына сай қажетті техникамен жарақтандыруды қамтамасыз ету.

5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: қорды техникалық құралдары, ұйымдастыру техникасымен және нормативтiк базамен жарақтандыру; телекоммуникация желісіне және бiрыңғай ақпарат жүйесiне қосу.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары: