*) Icкe асыру жөніндегі iс-шаралар тiзбесi, республикалық бюджеттен алынатын трансферттердi игеру шеңберiнде күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткiштер тиiстi жергiлiктi бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетiледi
1. Құны: 2730000 мың теңге (екi миллиард жетi жүз отыз миллион теңге).
2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк құқықтық негiзi: "Астананың-гүлденуi - Қазақстанның гүлденуi" 2005 жылға дейiнгi мерзiмге Астана қаласы әлеуметтік-экономикалық дамуының Мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 19 наурыздағы № 574 Жарлығы; "Астананың гүлденуi - Қазақстанның гүлденуi" 2005 жылға дейiнгi мерзiмге арналған Астана қаласы әлеуметтiк-экономикалық дамуының Мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 534 қаулысы; "2003-2005 жылға арналған Қазақстан Республикасы әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтi жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 13 қыркүйектегi № 1000 қаулысы.
3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көзi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: Астана қаласында бас алаң құрылысын қамтамасыз ету.
5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: Астана қаласында бас алаң құрылысы үшiн республикалық бюджеттен Астана қаласының бюджетiне трансферттер бөлу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:*
7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтiлетiн нәтижелер:*
жоба-сметалық құжаттамаға сәйкес Астана қаласында бас алаң құрылыс
жөніндегі орындалған жұмыстардың көлемiн қаржылық қамтамасыз ету.
Ескерту:
*) Iске асыру жөніндегі iс-шаралар тiзбесi, республикалық бюджеттен алынатын трансферттердi игеру шеңберiнде күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткiштер тиiстi жергiлiктi бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетiледi.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 559-қосымша
Қазақстан Республикасының
Индустрия және сауда министрлігі
________________________________
Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi
2003 жылға арналған 407 "Астана қаласының бюджетiне Астана
қаласында Есіл өзенi арқылы өтетiн автожол көпiрiн қоса
алғанда "Сол жақ жағалау орталығы - Абылай-Хан даңғылы"
магистралды автожолын салуға арналған мақсатты
инвестициялық трансферттер" республикалық бюджет
бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2 702 600 мың теңге (екi миллиард жетi жүз екi миллион алты жүз мың теңге).
2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк құқықтық негiзi: "Астананың гүлденуi - Қазақстанның гүлденуi" 2005 жылға дейiнгi мерзiмге Астана қаласы әлеуметтiк-экономикалық дамуының Мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 19 наурыздағы № 574 Жарлығы, "Астананың гүлденуi - Қазақстанның гүлденуi" 2005 жылға дейiнгi мерзiмге арналған Астана қаласы әлеуметтiк-экономикалық дамуының Мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 534 қаулысы.
3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көзi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: Есіл өзенi арқылы автожол көпiрiн қоса алғанда "Сол жағалау орталығы - Абылай-Хан даңғылы" магистралды автожол құрылысы.
5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: Астана қаласының бюджетiне Астана қаласында Есіл өзенi арқылы өтетiн автожол көпiрiн қоса алғанда "Сол жақ жағалау орталығы - Абылай-Хан даңғылы" магистралды автожолын салуға арналған мақсатты инвестициялық трансферттердi бөлу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:*
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:* Астана
қаласында "Есіл өзенi арқылы автожол көпiрiн қоса алғанда "Сол жақ жағалту
орталығы - Абылай-Хан даңғылы" магистральды автожол құрылысы жөніндегі
атқарылған жұмыстардың көлемiн қаржыландыруды қамтамасыз ету.
Ескерту:
*) Iске асыру жөніндегі iс-шаралар тiзбесi, республикалық бюджеттен алынатын трансферттерді игеру шеңберiнде күтiлетiн нәтижелердi сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткiштер тиiстi жергiлiктi бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетіледi.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 560-қосымша
Қазақстан Республикасының
Индустрия және сауда министрлігі
________________________________
Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi
2003 жылға арналған 408 "Астана қаласының бюджетiне Есіл
өзенiнiң арнасын қайта жаңартуға арналған мақсатты
инвестициялық трансферттер" республикалық бюджет
бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 898 400 мың теңге (сегiз жүз тоқсан сегiз миллион төрт жүз мың теңге).
2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң ақпараттық жүйесiн қамтамасыз ету "Астананың гүлденуi - Қазақстанның гүлденуi" 2005 жылдарға дейiнгi кезеңге арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 19 наурыздағы № 574 Жарлығы, "Астананың гүлденуi - Қазақстанның гүлденуi" 2005 жылдарға дейiнгi кезеңге арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 534 қаулысы.
3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: Есіл өзенiнiң сол жақ жағалауын сәулет және безендiру құралдарын қалыптастыру және жаңа әкiмшiлiк және iскерлiк орталықтың аумағын ағын судан инженерлiк қорғаудың ғимараттарын құру.
5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: Есіл өзенi арнасын қайта құрылымдау үшiн Астана қаласының бюджетiне республикалық бюджеттен трансферттер бөлу.
6. Бюджет бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:*
7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтiлетiн нәтижелер:* өзеннiң
арнасын қайта құрылымдау жөніндегі жұмыстардың орындалған көлемi.
Ескерту:
*) Iске асыру жөніндегі iс-шаралар тiзбесi, республикалық бюджеттен алынатын трансферттердi игеру шеңберiнде күтiлетiн нәтижелердi сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткiштер тиiстi жергiлiктi бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетiледi.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 561-қосымша
Қазақстан Республикасының
Индустрия және сауда министрлігі
________________________________
Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi
2003 жылға арналған 500 "Дүниежүзiлiк сауда ұйымымен
аккредиттеу, стандарттау, метрология және сертификаттау
мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жөніндегі ақпараттық
орталық жүйесiн сүйемелдеу" республикалық бюджет
бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 4 379 мың теңге (төрт миллион үш жүз жетпiс тоғыз мың теңге).
2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк құқықтық негiзi: "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 маусымдағы Заңының 17-бабы; "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi № 996 қаулысы.
3. Қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: Саудадағы техникалық кедергiлердi жоюға ықпал ететiн Республикалық аккредиттеу, стандарттау, сертификаттау және метрология жөніндегі бiрыңғай ақпарат кеңiстiгiнiң қолданылуы.
5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: Республикадағы стандарттар жөнiнде бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктiң жұмыс iстеуi үшiн қажетті жағдайлар жасау. Республикадағы стандарттар бойынша бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктiң жұмыс iстеуi үшiн жағдайлар жасау. ИСО және бойынша бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктiң жұмыс iстеуi үшiн жағдайлар жасау. ИСО және Дүниежүзiлiк сауда ұйымы Хатшылығының шұғыл өзара іс-қимыл жөніндегі орталық ақпараттық жүйесiнiң үздiксiз жұмыс iстеуi.
6. Бюджет бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:*