1. Құны: 793789 (жетi жүз тоқсан үш миллион жетi жүз сексен тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңы; "Репатрианттар (оралмандар) үшін республикалық бюджеттен бөлiнген қаражаттарды нысаналы пайдалану туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 18 тамыздағы № 1194 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының демографиялық ахуалын жақсарту және халқының санын өсiру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: оралмандарды қоныстандыруды ұйымдастыру және әлеуметтік қорғау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: 2003 жылы
келетін оралмандар отбасылары - 5000, соның iшiнде ұйымдастырылған түрде
келетіндер - 205; өз бетінше келетіндер - 4795; ұйымдастырылған түрде
қоныс аудару жөніндегі көлiк шығыстарының орнын толтыру және өз бетінше
келгендердiң көлiк шығыстары жөніндегі өтем; 2003 жылы көшiп келу квотасы
бойынша келгендeргe бiржолғы жәрдемақы төлеудi қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 627-қосымша
ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулысымен 627-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының Көшi-қон және
демография жөніндегi агенттiгі
_______________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған "Оралмандардың және Түркiстан ауылынан қоныс
аударған Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасылары үшiн тұрғын
үйлер сатып алуға, салуға, оларды қайта жаңартуға және күрделi жөндеуге
облыстардың бюджеттерiне, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне
мақсатты трансферттер" 400 республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2614221 мың теңге (екi миллиард алты жүз он төрт миллион екi жүз жиырма бiр мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; "Халықтың көшi-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 29-бабы; "Республикалық бюджеттен репатрианттар (оралмандар) үшiн республикалық бюджеттен бөлiнген қаражаттарды нысаналы пайдалану туралы ереженi бекіту" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 18 тамыздағы № 1194 қаулысы; "Оралмандардың отбасылары үшiн тұрғын үй сатып алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 4 мамырдағы № 605 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: 2003 жылға арналған көшiп келу квотасы бойынша өзiнiң тарихи отанына қайтып оралған оралмандарды жайластыру (тұрғын үймен қамтамасыз ету) (тұрғын үймен қамтамасыз ету)" деген сөздерден кейiн ", оралмандардың 2002 жылға арналған көшiп келу квотасына енгiзiлген 246 оралман отбасын және Түркiстан ауылынан қоныс аударған Қазақстан Республикасы азаматтарының 8 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: 2003 жылға арналған көшiп келу квотасы бойынша келген оралмандар отбасыларына, оралмандардың 2002 жылға арналған көшiп келу квотасына енгiзiлген 246 оралман отбасына және Түркiстан ауылынан қоныс аударған Қазақстан Республикасы азаматтарының 8 отбасына тұрғын үй сатып алу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:*
7.
Оралмандардың 2003 жылға арналған көшіп келу квотасы бойынша келген
5000 оралман отбасын, оралмандардың 2002 жылға арналған көшiп келу
квотасына енгiзiлген 246 оралман отбасын және Түркiстан ауылынан қоныс
аударған Қазақстан Республикасы азаматтарының 8 отбасын тұрғын үймен
қамтамасыз eту.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 628-қосымша
Қазақстан Республикасының Көшi-қон және
демография жөніндегi агенттiгі
_______________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған "Қазақстан Республикасының Көшi-қон
және демография жөніндегі агенттiгiне ақпараттық-есептеу
қызметiн көрсету" 500 республикалық бюджеттік
бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 5 000 000 (бес миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөніндегі агенттiгінің ақпараттық-есептеу жүйесiне қызмет көрсету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөніндегі агенттігінің корпоративтiк желiлерiн қайта жаңғырту және кеңейту, оралмандар жөнінде деректер банкiн дамыту, электрондық құжат айналымы жүйесiне қызмет көрсету, жергiлiктi есептеу желiлерiн ұлғайту, Интернетке Агенттiктің ресми сайтын орналастыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
Агенттiктiң өз органдарымен деректер алмасуы үшiн ақпараттық жүйенi
сапалық тұрғыда жақсарту.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 629-қосымша
Қазақстан Республикасының Көшi-қон және
демография жөніндегi агенттiгі
_______________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған "Қазақстан Республикасы Көшi-қон
және демография жөніндегі агенттiгiнiң ақпараттық жүйесiн
құру" 600 республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 4 000 000 (төрт миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Орталық офистi (Агенттiктің) бөлiнген линиялар бойынша және аумақтық органдарды деректер алмасу үшiн коммутаторлық қосу бойынша Интернет желiсiне қосу жолымен бiртұтас ақпараттық жүйе құру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Электрондық поштаның бiртұтас корпоративтiк жүйесiнің көмегімен оралмандар жөніндегі деректер базасын дамыту, қосымша лицензиялар алу жолымен электрондық құжат айналымы жүйесiн енгізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер:
- бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi және аумақтық органдармен коммуникациялық байланысты құру;
- факстiк хабарламалар беруден, телефонмен артық сөйлесуден арылу;
- берiлетiн деректердiң қорғалуы мен сақталуы;
- Агенттiк жұмысының еңбек өнiмдiлiгiн айтарлықтай арттыру;
- жұмыс уақытының ысырабын азайту;
- берілетiн деректерде қателер кету ықтималдығын жою.