1. Құны: 298893 мың теңге (екi жүз тоқсан сегiз миллион сегiз жүз тоқсан үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 56-бабы; "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 26 қаңтардағы Заңының 6-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: әкiмшілiк ғимарат құрылысына сатып алынған, кеден төлемдерiн салудан босатылған, құрылыс материалдары мен жабдықтарға кеткен шығындарды өтеу бойынша Бас прокуратура мiндеттемелерiн орындау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекет Басшысының қатысуымен хаттамалық кеңесiнде анықталған Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының әкiмшiлiк ғимаратының құрылысын белгiленген мерзiмде аяқтау. Заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асыру үшiн прокуратура органдары қызметкерлерiне жағдай жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан
Республикасы Бас прокуратурасының ғимарат құрылысын аяқтау, шетел
мердiгерлерiнiң алдындағы мiндеттердi толығымен орындау, кеден заңдарын
сақтау (орындау).
ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 15 қыркүйектегі № 150ж қаулысымен 622-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 622 қосымша
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
____________________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
600 "Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы
Құқықтық статистика және ақпарат орталығының ақпараттық
жүйесiн құру" республикалық бюджеттік бағдарламасының
2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны 50000 мың теңге (елу миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 56-бабы; "Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының жүйесiн одан әрi реформалау жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 сәуірдегі № 3465 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрес бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 31 қазандағы № 1641 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: статистикалық көрсеткiштердiң тұтастығын, уәждiлiгiн және жеткiлiктілiгiн қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасында қылмыстар туралы автоматтандырылған ақпараттық мәлiметтер базасын қалыптастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: ақпараттық жүйенi жетiлдiру мақсатында ақпараттық базаны қалыптастыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: республика
бойынша статистикалық есептiң бiрыңғай автоматтандырылған мәлiметтер
базасын құру және ақпараттық-статистикалық жүйенi толығымен
компьютерлендiру және автоматтандыру үшiн жағдай жасау; құқықтық
статистика субъектiлерiнiң қызметтерi және құқық бұзушылық, қылмыстар,
оларды жасаған адамдар туралы ақпараттарды өңдеу және жинау жеделдiлiгiн
арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 623 қосымша
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
____________________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
602 "Прокуратура органдарын есептеу және ұйымдастыру
техникасымен қамтамасыз ету" бюджеттік
бағдарламасының 2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 50000 мың теңге (елу миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңы (53, 56-баптар); "Қазақстан Республикасындағы қылмысқа қарсы күрес бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 31 қазандағы № 1641 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: материалдық бөлiктерiнiң елеулi тозуына байланысты нақты және моральды ескірген компьютерлердi ауыстыру және аумақтық прокуратура органдарын қазіргі компьютер техникасымен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: прокуратура органдарының техникалық қамтамасыз етiлуiнің прокуратура органдарында дамыту, аймақтық желiлерi негiзiнде бiрыңғай ақпараттық жүйе құру, республиканы автоматтандырылған жұмыс орындарын ұйымдастыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
жабдықтарды және бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу және орнату,
аумақтық прокуратура органдарын уақытты компьютер техникасымен қамтамасыз
ету, бiрыңғай ақпараттық кеңiстiк құру, заңдылықтың сақталуына қатысты
мәселелердi жедел шешу үшiн қызметкерлерге жағдай жасау.