2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы) (ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1429 қаулысына 677-690 қосымшалар) (ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г; 28.11.03 ж. № 150э қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Предыдущая страница

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қаржы полициясы органдарының орталық аппараты мен аумақтық және мамандандырылған органдары қызметкерлерiне үйдi ұстау және коммуналдық қызмет көрсету шығындарын өтеу, бекітілген тiзiмге сәйкес жүргiзiледi.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары қызметкерлерін материалдық ынталандыру.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі шаралар:

 
 
 
      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: бекітілген
тiзiмге сәйкес, қаржы полициясы органдарының орталық аппараты мен аумақтық
және мамандандырылған органдары қызметкерлерiне үйдi ұстау және
коммуналдық қызмет көрсету шығындарының өтем ақысын төлеу.

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына

687 қосымша

Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгi

___________________________________________________

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

ҚР Үкіметінің 28.11.03 ж. № 150э қаулысымен 687-қосымша өзгертілді

2003 жылға арналған 038 "Қаржы полициясының арнайы

мұрағатын құру" республикалық бюджеттік бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 43 200 мың теңге (қырық үш миллион екi жүз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Жедел-iздестiру қызметi туралы" 1994 жылғы 15 қыркүйектегi Қазақстан Республикасы Заңы; "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы; "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" 2002 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау қызметiн жандандыру жөніндегі шаралар туралы" 2001 жылғы 22 қаңтардағы № 536 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының барлық ұйымдық-құқықтық нысандағы бірлестiктерiнде (кәсiпорындарында) мекемелерiнде және ұйымдарында құжаттау мен құжаттамаларды басқарудың негiзгi ережелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 1992 жылғы 30 маусымдағы № 562 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 27 ақпандағы № 283 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қаржы полициясы органдары қызметiне қатысты мұрағаттық құжаттарды пайдалану, тұрақты сақтау және жинау (алу) құқықтарымен үлестірілген қаржы полициясы органдарында арнайы мемлекеттік мұрағат құру.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: қаржы полициясы органдары қызметiнiң қорытындысында туындаған құжаттар мен iстердi, шектеулi сақтау мерзім жеткеннен кейiн сақталуын қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі шаралар:

 
 
 
      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: қаржы
полициясы органдары қызметiнiң қорытындысында туындаған құжаттар мен
icтepдi, шектеулі сақтау мерзімі жеткеннен кейін сақталуын қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына

688 қосымша

Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгi

___________________________________________________

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2003 жылға арналған 104 "Нашақорлық және есiрткi

бизнесiмен күрестiң мемлекеттік бағдарламасы"

республикалық бюджеттік бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 8 000 мың теңге (сегiз миллион теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Есiрткi заңдары, психотроптық заттар, прекурсорлар және олармен зиян келтiру мен олардың заңсыз айналымына қарсы шаралар туралы" 1998 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңы; "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" 2002 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 16 мамырдағы № 394 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының нашақорлыққа және есiрткi бизнесiмен күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған Стратегиясы; "Қазақстан Республикасының нашақорлыққа және есiрткi бизнесiмен күрестiң 2002-2003 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 8 шiлдедегi № 736 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есiрткi бизнесiнiң әрi қарай таратылуына мемлекеттік және қоғамдық қарсы тұру әрекеттерiнiң тиiмдi жүйесiнiң негiзгi звеносын бекіту.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: есірткіге тәуелді тұлғаларды ақтап шығару жүйесін құру және нашақорлықты емдеу профилактикасының жүйесін бекіту; Есірткі заттары, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымына қарсы шаралар механизмiн бекіту; Есiрткiнiң заңсыз айналымы мен онымен зиян келтiрудi бақылау облысындағы халықаралық ынтымақтастықты бекіту.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі шаралар:

 
 
 
      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
нашақорлықпен науқастанған тұлғаларды ақтап шығару жүйесiн құру және
нашақорлықты емдеу профилактикасының тиiмдi жүйесiн бекіту; бейресми
айналымдағы есiрткi заттарын психотропты заттар мен прекурсорларды алып
тастау жөніндегі қызметтi жандандыру, олардың әкелiну мен шығарылуына
Қазақстан Республикасының мемлекеттік және кеден шекарасына бақылауды
күшейту; ұйымдастырушылық, кадрлық және материалдық-техникалық күшейту
жолымен мүдделi органдардың қызметiн жақсарту, олардың арасында тиiмдi
қарым-қатынас орнату; Нашақорлық пен есiрткi бизнесінiң тарауына
байланысты мәселелердi шешуде үлкен қоғамдық нысанға жету; Есiрткiнiң
заңсыз айналымы және олармен зиян келтiрудi бақылау облысында есiрткiнiң
бейресми айналымының жолын кесу, есiрткiге тәуелдi тұлғаларды ақтап шығару
және емдеу, есiрткiге сұранысты бәсеңдету саласында келешекті
бағдарламаларды әзiрлеу мен енгізу және олармен техникалық көмек көрсету
үшiн донор-елдер мен халықаралық ұйымдардың назарын аудару жолымен
халықаралық ынтымақтастықты нығайту.

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына

689 қосымша

Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгi

___________________________________________________

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2003 жылға арналған 500 "Қаржы полициясы органдарының

ақпараттық жүйелерiне қызмет көрсету" республикалық бюджеттік

бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 25 000 мың теңге (жиырма бес миллион теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік ақпараттың жұмысын жақсарту, төрешiлдiкке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 31 шiлдедегi № 427 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау қызметiн жандандыру жөніндегі шаралар туралы" 2001 жылғы 22 қаңтардағы № 536 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң 2001-2003 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы" 2001 жылғы 2 ақпандағы № 201 өкімі; "Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестiң 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 31 қазандағы № 1641 қаулысы; "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 11 сәуірдегі № 487 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: құрылып жатқан қаржы полициясы органдарының бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесiнiң және басқа да ақпараттық ресурстардың тұрақты және үздiксiз жұмыс icтeуi үшiн жағдайларды жасау мен ұстау.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы қаржы полициясы бөлiмшелерi арасындағы байланысты электрондық пошта бойынша қамтамасыз ету; әртүрлi ақпараттық ресурстарға қол жеткізудi қамтамасыз ету; көмекшi бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу; пайдаланудағы есептеу техникасы құралдары мен перифериялық жабдықтың жұмыс қабiлеттілігiн қамтамасыз ету; қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң ақпараттық технологиялар саласындағы біліктілігiн арттыру.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі шаралар:

 
 
 
      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: ақпарат
алу мен алмасудың жеделдiгiн арттыру, қаржы полициясы органдары қызметiне
есептеу техникасы құралдарын нәтижелi енгізу, қаржы полициясы органдарының
қызметкерлерi пайдаланатын ақпараттық ресурстарды уақытылы жаңарту; қаржы
полициясы органдарының қызметiн "Интернет" желiсiнде жариялау.

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына

690 қосымша

Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгi

___________________________________________________

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

ҚР Үкіметінің 28.11.03 ж. № 150э қаулысымен 690-қосымша өзгертілді

2003 жылға арналған 600 "Қазақстан Республикасы Қаржы

полициясы агенттiгiнiң бірыңғай автоматтандырылған

ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесiн құру" республикалық

бюджеттік бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 25 000 мың теңге (жиырма бес миллион теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік ақпараттың жұмысын жақсарту, төрешiлдiкке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 31 шiлдедегi № 427 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау қызметiн жандандыру жөніндегі шаралар туралы" 2001 жылғы 22 қаңтардағы № 536 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң 2001-2003 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы" 2001 жылғы 2 ақпандағы № 201 өкімі; "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 116 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 10 сәуірдегі № 116a қаулысы; "Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестiң 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 31 қазандағы № 1641 қаулысы; "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 11 сәуірдегі № 487 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының бірыңғай автоматтандырылған-телекоммуникациялық жүйесiн құру.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: бірыңғай деңгейдегi қаржы полициясы бөлiмшелерiн техникалық жабдықтау; қаржы полициясы органдары қызметкерлерi жедел-қызметтік iс-әрекетiнiң процестерiн автоматтандыру; ақпараттық ресурстарды қалыптастыру мен оларға қол жеткізу, ақпаратты сақтауды, өңдеудi, өзгертудi және берудi қоса, қамтамасыз ететiн бірыңғай ақпараттық кеңiстiкке барлық қаржы полициясы бөлiмшелерiн бірiктiретiн коммуникациялық инфрақұрылым құру.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі шаралар: