1. Құны: 5 078 мың теңге (бec миллион жетпiс сегiз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы; "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" 2002 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңы; "Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 27 ақпандағы № 283 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң кәсiби шеберлiгiн жетiлдiру және өзiне жүктелген қызметтiк мiндеттерiн тиiмдi орындау үшiн қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кәсiби қызмет саласындағы білімдiк бағдарлама бойынша теориялық және тәжiрибелiк білімiн, шеберлiгi мен дағдылығын жаңарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң кәсiби біліктілігін арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі шаралары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
мемлекеттiң ресурстық мүмкiншiлiгiне және қазiргi жағдайларға сәйкес қаржы
полициясы органдарының кәсiби талаптарына жауап беретiн сапалы оқытудың
дұрыс жүйесiн дамыту және құру жолымен қаржы полициясы органдары
қызметкерлерiнің кәсіби деңгейiн арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
682 қосымша
Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған 032 "Қаржы полициясы органдарының
жедел-iздестiру қызметi" республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 30 000 мың теңге (отыз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Жедел-iздестiру қызметі туралы" 1994 жылғы 15 қыркүйектегi Қазақстан Республикасы Заңының 2, 6, 11 және 12-баптары; "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" 2002 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесiн жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 20 сәуірдегі № 377 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң 2001-2003 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы" 2001 жылғы 2 ақпандағы № 201 өкімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: экономика және қаржы қызметi саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестi күшейту, қаржы полициясы органдарының жедел-iздестiру, тергеу бөлiмшелерi қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, экономикалық қылмыстардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі шаралар:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелерін экономика және қаржы
саласындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу мен ашуда пайдалану.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
683 қосымша
Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған 033 "Қылмыстық соттық өндiрiске
қатысатындардың процессуалдық шығындарын өтеу" республикалық
бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 16 500 мың теңге (он алты миллион бес жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексiнiң 174, 175, 176-баптары, "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" 2002 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Соттық процеске куәгерлер мен жәбірленушiлердi уақытылы жеткізу.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: қылмыстық процеске қатысушы тұлғаларға қылмыстық iстер өндiрiсiнде келтiрiлген шығындарын өтеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі шаралар:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: соттарда
қылмыстық iстердiң сапалы және уақытылы қаралуы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
684 қосымша
Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған 034 "Қаржы полициясы органдарын
нормативтiк құқықтық актiлер және қатаң есептегi бланктермен
қамтамасыз ету" республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 7 400 мың теңге (жетi миллион төрт жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" 2002 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңы; "Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 27 ақпандағы № 283 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң құқықтық мәдениетiн және кәсiптiк дәрежесiн арттыру, қатаң есептегi бланктердiң бірлiк үлгiсiн әзiрлеу және қолдану.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қаржы полициясы агенттiгiнiң орталық аппараты мен аумақтық және мамандандырылған аппараттарын нормативтiк құқықтық актiлер және қатаң есептегi бланктермен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі шаралар:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан
Республикасының қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң кәсiби деңгейiн
арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
685 қосымша
Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған 036 "Қылмыстық процеске қатысатын
тұлғаларды мемлекеттік қорғау" республикалық бюджеттік
бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 750 мың теңге (жетi жүз елу мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық атқару кодексiнiң 7, 15, 26, 65-баптары; "Қылмыстық процеске қатысатын тұлғаларды мемлекеттік қорғау туралы" 2000 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңы; "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" 2002 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қылмысқа қарсы күресу облысында бірлiк мемлекеттік саясат жүргiзу; бұдан әрi заңдылықты және құқықтық тәртiптi күшейту; қылмыстық процеске қатысатын тұлғалардың мүлкiн, денсаулығын, конституциялық құқықтарын, еркiндiгiн және өмiрiне қаупiн қорғауды қамтамасыз ету; қылмысқа қарсы күресудiң тиiмділiгін арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: қылмыстық процеске қатысатын тұлғаларды, олардың отбасының және жақын туыстарының өмiрiне, денсаулығы және мүлкiне шын қауiп төнгенде мемлекеттік қорғау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі шаралар:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: қылмыстық
процеске қатысатын тұлғаларға қауiпсiздiк шараларын қолдану қорытындысында
қылмыстардың ашылу пайызын арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
686 қосымша
Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгi
___________________________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған 037 "Орталық аппарат және аумақтық
органдар қызметкерлерiнiң үйдi ұстау және коммуналдық қызмет
көрсету шығындарын өтеу" республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 107 263 мың теңге (жүз жетi миллион екi жүз алпыс үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Жедел-iздестiру қызметi туралы" 1994 жылғы 15 қыркүйектегi Қазақстан Республикасы Заңының 2, 6, 11, 12-баптары; "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" 2002 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңы; "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы; "Yйдi ұстау және коммуналдық қызмет көрсету шығындарын төлеу үшiн ақшалай өтем ақыға құқы бар Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының жедел-iздестiру, тергеу қатардағы бөлiмшелерi қызметкерлерi лауазымдарының тiзiмi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 30 қарашадағы № 1275 қаулысы.