Штат санының лимиттерін бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 сәуірдегі № 314 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 26.08.03 ж. № 868; 21.11.03 ж. № 1162;17.03.04 ж. № 330
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Бұрынғы ред. қара
ҚР Үкіметінің 30.04.04 ж. № 495 қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасының Үкiметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) министрлiктердiң, агенттіктердiң және ведомстволардың қызметкерлерi штат санының лимиттерi;
2) министрліктердің, агенттiктердiң және ведомстволардың аумақтық органдарының қызметкерлерi штат санының лимиттерi бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 17.03.04 ж. № 330 қаулысымен 2-тармақ алып тасталды
2. "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары жүйесі штат санының лимитін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1443 қаулысына мынадай өзгерiс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының ішкi iстер органдары жүйесi штат санының лимитiнде:
"Орталық органның аппараты" деген жолдағы "1459" деген сандар "1458" деген сандармен ауыстырылсын.
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбір шешiмдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 1 сәуірдегі № 314 қаулысымен
бекiтілген
ҚР Үкіметінің 26.08.03 ж. № 868 (бұр.ред. қара); 21.11.03 ж. № 1162 (бұр. ред. қара);17.03.04 ж. № 330 қаулыларымен өзгерістер енгізілді
Министрліктердiң, агенттіктердің және ведомстволардың
қызметкерлері штат санының лимиттері
Қазақстан Республикасы Үкiметінің
2003 жылғы 1 сәуірдегі № 314 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 26.08.03 ж. № 868 (бұр.ред. қара); 21.11.03 ж. № 1162 (бұр. ред. қара);17.03.04 ж. № 330 қаулыларымен өзгерістер енгізілді
Министрлiктердiң, агенттіктердің және ведомстволардың аумақтық
органдарының қызметкерлерi штат санының лимиттерi
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2003 жылғы 1 сәуірдегі № 314 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
күшi жойылған кейбір шешiмдерiнiң
тiзбесi
1. "Штат санының лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 39 қаулысы.
2. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөніндегі комитетiн тарату туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 17 маусымдағы № 662 қаулысы 3-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 17, 195-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 39 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 18 маусымдағы № 667 қаулысы.
4. "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 39 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 13 шiлдедегi № 775 қаулысы.
5. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 3 қыркүйектегi № 962 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 29, 322-құжат).
6. "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 4 қыркүйектегi № 970 қаулысының 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 29, 323-құжат).
7. "Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 6 қыркүйектегi № 981 қаулысының 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 29, 325-құжат).
8. "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қыркүйектегi № 993 қаулысының 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 29, 327-құжат).
9. "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi № 995 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 30, 329-құжат).
10. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi № 996 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 30, 330-құжат).
11. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 18 қыркүйектегi № 1031 қаулысының 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 30, 334-құжат).
12. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 7 қазандағы № 1096 қаулысының 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 33, 357-құжат).
13. "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 6 қарашадағы № 1173 қаулысы 5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 39, 398-құжат).
14. "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 39 және 2002 жылғы 7 қазандағы № 1096 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 15 қарашадағы № 1216 қаулысы 1-тармағының 1) тармақшасы.
15. "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 21 шiлдедегi № 985 және 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 39 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 31 қаңтардағы № 115 қаулысы 1-тармағының 2) тармақшасы.