Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың 2003-2004 жылдарға арналған жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 сәуірдегі № 344 қаулысы (ҚР Үкіметінің 04.03.04 ж. № 272; 20.04.04 ж. № 441; 24.08.04 ж. № 891 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру
жөніндегі iс-шаралардың 2003-2004 жылдарға арналған жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 сәуірдегі № 344 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 04.03.04 ж. № 272; 20.04.04 ж. № 441; 24.08.04 ж. № 891 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

 

ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 747 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі 2003-2004 жылдарға арналған iс-шаралардың жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекітілсiн.

2. Жергiлiктi атқарушы органдардың басшылары бір ай мерзiмде тiлдердi қолдану мен дамытудың 2003-2004 жылдарға арналған өңiрлiк бағдарламасын әзiрлеп, бекiтсiн.

ҚР Үкіметінің 04.03.04 ж. № 272 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді

3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың басшылары Жоспарда белгiленген iс-шаралардың iске асырылуын қамтамасыз етсiн және Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігіне жыл сайын 20 маусым мен 20 желтоқсаннан кешiктiрмей, Жоспар iс-шараларының орындалуы туралы ақпарат ұсынсын.

ҚР Үкіметінің 04.03.04 ж. № 272 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді

4. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі Қазақстан Республикасының Yкіметіне жыл сайын, 30 маусым мен 30 желтоқсаннан кешіктiрмей, Жоспар iс-шараларының орындалуы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.

5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2003 жылғы 9 сәуірдегі № 344 қаулысымен

бекітілген

Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға

арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөнiндегі

iс-шаралардың 2003-2004 жылдарға арналған жоспары

ҚР Үкіметінің 04.03.04 ж. № 272; 20.04.04 ж. № 441 (бұр. ред. қара); 24.08.04 ж. № 891 қаулыларымен жоспар өзгертілді