Алматы қаласын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасын iске асыру жөнiндегі 2003-2005 жылдарға арналған
iс-шаралар жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 ж. 14 сәуірдегі № 356 қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентінің "Алматы қаласын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2003 жылғы 10 ақпандағы № 1019 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Алматы қаласын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекітілсiн.
2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар:
Жоспардың iс-шараларын iске асыруды қамтамасыз етсiн және Алматы қаласының әкіміне жарты жылдық қорытындылары бойынша жылына екi рет 20 қаңтарда және 20 шiлдеде Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсiн.
3. Алматы қаласының әкімі Қазақстан Республикасының Үкіметіне жарты жылдықтың қорытындылары бойынша 1 ақпанға және 1 тамызға дейiн жылына екi рет Жоспар iс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсiн.
4. Алматы қаласының әкімі 2004 жылға арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттер қабылданғаннан кейiн Жоспарға өзгерістер енгізу жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын дайындасын және белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн.
5. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Алматы қаласын аймақтық қаржы орталығы ретiнде дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 27 шiлдедегi № 1014 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 28, 355-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 27 шiлдедегi № 1014 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 маусымдағы № 706 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 20, 217-құжат);
3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметiнің мәселелері бойынша толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 26 қарашадағы № 1258 қаулысы 1-тармағының 3) тармақшасының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 42, 472-құжат).
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірiншi орынбасары А.С.Павловқа жүктелсiн.
7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының