Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі өкілетті органның тәртіптік
комиссиясы туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет
істері жөніндегі агенттігі төрағасының
2003 ж. 26 наурыздағы № 02-01-02/33 бұйрығы
(2005.25.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 10 қазандағы № 02-01-02/133 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2005.25.11. № 02-01-02/170 Бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы № 321 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану ережесінің 1-тарауының алтыншы абзацына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 280 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі туралы ереженің 9-тармағының 10-1-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі өкілетті органның тәртіптік комиссиясы құрылсын.
2. Қоса берілген Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі өкілетті органның тәртіптік комиссиясы туралы ережесі бекітілсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға
Мемлекеттік қызмет iстерi
жөніндегі агенттігі Төрағасының
2003 жылғы 26 наурыздағы
№ 01-02/33 бұйрығымен
бекітілді
Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі өкiлеттi органның
тәртiптiк комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ
Осы Ереже Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегi өкілеттi органның тәртіптiк комиссиясының өкiлеттiгiн, iс-қызметiн ұйымдастыруын және тәртібін анықтайды.
1. Жалпы ережелер
ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2005.25.11. № 02-01-02/170 Бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)