Қазақстан Республикасының Кеден кодексiн iске асыру жөніндегі шаралар
туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
2003 ж. 26 мамырдағы № 105-ө өкімі
ҚР Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 383-ө Өкімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Кеден кодексiн iске асыру мақсатында:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Кеден кодексiн iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесi бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдердi Қазақстан Республикасының Кеден кодексiне сәйкес келтiрсiн.
3. Аумағында арнайы экономикалық аймақтар орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жергiлiктi атқарушы органдары белгiленген тәртiппен арнайы экономикалық аймақтар туралы ережелердi Қазақстан Республикасының Кеден кодексiне сәйкес келтiрудi көздейтiн Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарының жобаларын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн.
4. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары А.С.Павловқа жүктелсiн.
Қазақстан Республикасы