Республикалық бюджеттiң қаражатын игеру туралы жедел есептiлiктi жасау
және беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігінің 2003 жылғы 12 мамырдағы № 192 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2007 жылғы 24 шілдедегі № 263 Қаулысымен күші жойылды
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 3-1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса берiлiп отырған Республикалық бюджеттiң қаражатын игеру туралы жедел есептiлiктi жасау және беру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрi Нұсқаулық) бекітілсiн.
2. Ақпараттық технологиялар департаментi (А.Евсюков) 2003 жылғы 30 мамырға дейiнгi мерзiмде Нұсқаулыққа сәйкес республикалық бюджеттiң қаражатын игеру туралы жедел есептiлiктi жасау үшiн бағдарламалық өнiмдi әзiрлеудi қамтамасыз етсiн.
3. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi ай сайын есептiден кейiнгi айдың 7-i күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық бюджеттiң қаражатын игеру жөніндегі жедел есептiлiктi берсiн.
4. Мемлекеттік органдарды қаржыландыру департаментi (Ә.Шаихова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi Р.Қ.Тоқсейiтовке жүктелсiн.
6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.