Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы 2003 ж. 3 маусымдағы № 423-II Қазақстан Республикасының Заңы (2026.19.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) тармақша жаңа редакцияда

8) Қордың басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім береді, сондай-ақ мінсіз іскерлік беделдің болмау өлшемшарттарын қоса алғанда, келісім беру тәртібін және келісім алу үшін қажет құжаттардың тізбесін белгілейді;

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) Қорға, қатысушы-сақтандыру ұйымдарына Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және негіздерде қадағалап ден қою шараларын қолданады;

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10) Қор жарғысын, сондай-ақ оған енгізілетін өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды келіседі;

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды

10-1) Қордың қызметін тексеруді жүргізеді;

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 10-2) тармақшамен толықтырылды; 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 10-2) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10-2) Қор стратегиясын, Қордың тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатын, Қордың ішкі аудит жөніндегі саясатын, сондай-ақ оларға енгізілетін өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды келіседі;

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 10-3) тармақшамен толықтырылды

10-3) Қордың комиссиялық сыйақыны алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 10-4) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

10-4) Қордың директорлар кеңесі бекіткен Қордың мынадай мәселелер бойынша ішкі құжаттарын, сондай-ақ оларға енгізілетін өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды келіседі:

Қордың меншікті активтерін, «жалпы сақтандыру» және «өмірді сақтандыру» салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражатын, зиянды өтеу резервінің қаражатын ішкі есепке алуды жүргізу;

«жалпы сақтандыру» және «өмірді сақтандыру» салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтері жеткіліксіз болған кезде Қордың меншікті активтері есебінен осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көзделген функцияларды жүзеге асыру;

«жалпы сақтандыру» және «өмірді сақтандыру» салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің жеткіліксіз болуына байланысты осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін пайдаланылған Қордың меншікті активтерінің орнын толтыру;

инвестициялық комитетті, консультативтік комитетті, олардың негізгі міндеттері мен құзыреттерін қалыптастыру және олардың жұмыс істеуі;

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 10-5) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

10-5) Қордың есепке алу саясатын келіседі;

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 10-6) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

10-6) Қордағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды белгілейді;

11) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

1-1. 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Уәкiлеттi органның мынадай:

1) Қордың жарияланған акцияларының санын арттыру;

2) Қордың өзге де заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметiне Қорға тиесiлi барлық активтердiң он және одан да көп процентiн құрайтын сомадағы активтердiң бiр бөлiгiн немесе бiрнеше бөлiгiн беру арқылы қатысуы;

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) Қор мiндеттемелерiн Қордың меншікті капиталы мөлшерiнiң он және одан да көп процентiн құрайтын сомаға ұлғайту;

4) Қордың өзiнiң орналастырылған акцияларын сатып алуы және оларды сатып алу бағасы;

5) iрi мәмiлелердi және Қордың жасауға мүдделiлiгi бар мәмiлелердi жасасу мәселелерi бойынша акционерлердiң жалпы жиналысының және Қордың директорлар кеңесiнiң шешiмдерiне вето қою құқығы болады.

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

2-1. Қор акционерлері жалпы жиналысының отырыстарына дауыс беруге қатысу құқығынсыз уәкілетті органның өкілі қатысуға құқылы. Қор акционерлері жалпы жиналысының отырысына қатысып отырған уәкілетті органның өкілі осы баптың 2-тармағында айқындалған мәселелер бойынша Қор акционерлері жалпы жиналысының шешімдеріне вето құқығын пайдаланады.

3. Акционерлердiң жалпы жиналысында және Қордың директорлар кеңесiнде қабылданатын шешiмдер осы баптың 2-тармағында вето құқығы белгiленген мәселелер бойынша уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде көзделген тәртiппен және мерзiмде уәкiлеттi органмен келiсуге жатады.

4. Қордың осы баптың 2 және 3-тармақтарының талаптарын сақтамауы осы мәмiлелердi жарамсыз деп тануға әкеп соғады.

 

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4-1-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 4-1-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4-1-бап. Қордың басшы қызметкерлері

1. Мыналар Қордың басшы қызметкерлері болып табылады:

1) Қордың басқару органының басшысы мен мүшелері;

2) Қордың атқарушы органының басшысы мен мүшелері;

3) Қордың бас бухгалтері.

Қордың атқарушы органы мүшелерінің кемінде біреуінің уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасы курстарының кемінде елу пайызын тыңдағаны туралы растайтын құжаттары болуға тиіс.

2. Қордың басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар жəне оларды келісу тəртібі «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабында белгіленеді.

 

 

3-тарау. Қорды құру және оның қызметі

 

2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен; 2007.07.05. № 244-III Заңымен (2008 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр. ред . қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-бап жаңа редакцияда

5-бап. Қорды құру тәртібі және оның органдары

1. Қор акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады және өз қызметін осы Заңның және құрылтай құжаттарының негізінде жүзеге асырады.

Қор сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз ұйым болып табылады.

2. Сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар қатысушы-сақтандыру ұйымы Қордың акционері болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі де Қордың акционері бола алады.

Акционерлердің жалпы жиналысының құзыреті осы Заңда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар және коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.

3. Қордың акциялары тек қана ақшамен төленеді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, Қордың әрбір акционері акцияларының саны кемінде бір мың акцияны құрайды және Қордың орналастырылған акцияларының жалпы санының он пайызынан аспайды.

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

3-1. Қор акционерлерінің жалпы жиналысында дауыс беру акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беруге құқығы бар әрбір тұлғаға бір дауыстан беру қағидаты бойынша жүзеге асырылады.

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

3-2. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының осы Заңға сәйкес кепілдік берілуге жататын сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыратын филиалдары Қордың акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлесін сатып алмай Қормен қатысу шартын жасасады.

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Қордың директорлар кеңесінің құрамы мынадай талаптарға сай келуге тиіс:

1) Қордың тәуелсіз директорларының саны Қордың директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс;

2) Қордың директорлар кеңесінің құрамына уәкілетті органның кемінде екі өкілі кіруге тиіс;

3) Қордың директорлар кеңесінің тәуелсіз директорлар және уәкілетті органның өкілдері болып табылмайтын мүшелері Қор акционерлерінің арасынан сайлануға тиіс;

4) «өмірді сақтандыру» және «жалпы сақтандыру» салалары бойынша қызметін жүзеге асыратын қатысушы-сақтандыру ұйымдары өкілдерінің саны тең болуға тиіс.

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді); 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 4-1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4-1. Қор сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын, зиянды өтеу резервінің қаражатын Қордың меншікті активтерінен бөлек бухгалтерлік есепке алуды жүргізеді.

Қордың меншікті активтерін, «жалпы сақтандыру» жəне «өмірді сақтандыру» салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражатын, зиянды өтеу резервінің қаражатын ішкі есепке алуды жүргізу тəртібін Қор уəкілетті органмен келісу бойынша Қордың директорлар кеңесі бекіткен ішкі құжатқа сəйкес белгілейді.

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Қор:

«жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын;

«өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын;

зиянды өтеу резервінің қаражатын;

Қордың меншікті активтерін есепке алу үшін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде бөлек банктік шоттар ашады.

2 бөлік 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

Кастодиан «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің, «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің және зиянды өтеу резервінің қаражатын есепке алуды және сақтауды кастодиандық шартқа сәйкес жүзеге асырады.

Қордың сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің, зиянды өтеу резервінің қаражатын осы Заңда көзделмеген мақсаттарға пайдалануына тыйым салынады.

4 бөлік 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

Кастодиан уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен осы Заңның талаптарына сәйкес «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві, «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві және зиянды өтеу резерві қаражатының пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады.

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді); 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Қорда:

1) Қордың директорлар кеңесінің, басқармасының, құрылымдық бөлімшелерінің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін;

2) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі ішкі саясаттар мен рәсімдерді;

3) тәуекелдердің жол берілетін мөлшеріне лимиттерді;

4) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі есептілікті Қор органдарына ұсынудың ішкі рәсімдерін;

5) тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалаудың ішкі өлшемшарттарын айқындайтын тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі қалыптастырылуға тиіс.

Қордың тəуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшесінің басшысы (Қорда тəуекелдерді басқару функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын Қор тəуекел-менеджері), Қордың ішкі аудит қызметінің басшысы (Қорда ішкі аудит функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын Қор аудиторы), Қордың комплаенс-бақылау жөніндегі бөлімшесінің басшысы (Қорда комплаенс-бақылау функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын Қор комплаенс-бақылаушысы) лауазымына жұмыскерлерді тағайындау (сайлау) кезінде Қор олардың уəкілетті органның тəуекелдерді басқару жəне ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тəртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сай келуін өз бетінше тексереді.

Қордағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

7. Қорда Қордың қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асыратын ішкі аудит қызметі құрылуға тиіс.

 

2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

6-бап. Қордың директорлар кеңесінің құзыреті

Қордың жарғысында белгіленген шекте Қордың директорлар кеңесінің құзыретіне мынадай мәселелер жатады:

2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен  1) тармақша  жаңа редакцияда (бұр. ред . қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының әрбір күнтізбелік жылға арналған міндетті және қосымша жарналардың ставкаларын, сондай-ақ осы Заңда көзделген мiндеттi шартты мiндеттемелердi, қатысушы-сақтандыру ұйымдары Қорға төлеуге тиісті төтенше жарналардың мөлшерін белгілеу;

1-1) 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен алынып тасталды (бұр.ред.қара)

2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді

2) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияны тоқтата тұруды немесе одан айыруды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген қатысушы-сақтандыру ұйымына инспекторлық тексеру жүргізу және (немесе) оған қадағалап ден қою шараларын және санкциялар шараларын қолдану туралы уәкілетті орган алдында өтініш жасау жөнінде шешім қабылдау;

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) кредиторларға өтем төлеу туралы шешім қабылдау;

 4) агент-банкті таңдау;

2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды  

4-1) тартылатын заемдардың және Қордың қарызға алуларының шекті мөлшерлерін белгілеу;

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды   (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

4-2) Қорда тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру және осындай жүйенің жұмыс істеуін бақылау;

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4-3) тармақшамен толықтырылды   (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

4-3) Қордың комиссиялық сыйақысының мөлшерлемесін жыл сайын айқындау;

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4-4) тармақшамен толықтырылды   (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

4-4) Қорда ішкі аудит қызметін құру;

5) осы Заңға және Қор жарғысына сәйкес өзге де өкілеттіктер.

 

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды; 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 6-1-бап жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6-1-бап. Консультативтік комитет

1. Неғұрлым маңызды мәселелерді қарау және директорлар кеңесіне ұсынымдар дайындау үшін Қорда консультативтік комитет құрылуға тиіс.

Қор акционерлерінің жалпы жиналысы, Қордың директорлар кеңесі, Қордың директорлар кеңесінің комитеттері консультативтік комитеттің қарауына берген (енгізген) мәселелер бойынша Қордың директорлар кеңесіне ұжымдық ұсынымдар дайындау және беру арқылы қатысушы-сақтандыру ұйымдарының мүдделерін білдіру консультативтік комитеттің негізгі міндеті болып табылады.

2. Консультативтік комитет уәкілетті органмен келісу бойынша Қордың директорлар кеңесі бекіткен өзі туралы ереже негізінде әрекет етеді.

3. Консультативтік комитет туралы ережеде:

1) консультативтік комитеттің негізгі міндеті мен құзыреті;

2) консультативтік комитет мүшелерін, олардың өкілеттіктерінің мерзімін айқындау тәртібі;

3) консультативтік комитет мүшелерінің функциялары, міндеттері, құқықтары мен жауапкершілігі;

4) консультативтік комитеттің отырыстарын шақыру және өткізу, консультативтік комитет мүшелерінің сырттай дауыс беру тәртібін қоса алғанда, консультативтік комитеттің жұмыс тәртібі;

5) консультативтік комитеттің хатшысын және оның функцияларын айқындау тәртібі;

6) осы Заңға қайшы келмейтін өзге де ережелер айқындалуға тиіс.

4. Консультативтік комитеттің шешімдері жазбаша түрде ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.

Консультативтік комитет комитеттің отырысына қатысып отырған мүшелерінің немесе сырттай дауыс беруге қатысқан мүшелерінің саны қанша болса да шешімдер қабылдауға құқылы.

5. Консультативтік комитеттің құрамына:

1) сақтандыру қызметін, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына бұрын берілген барлық лицензияларының қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған қатысушы-сақтандыру ұйымын қоспағанда, әрбір қатысушы-сақтандыру ұйымынан бір-бір өкілден;

2) Қордың директорлар кеңесі айқындаған Қор қызметкері кіреді.

Консультативтік комитет отырысының төрағасы консультативтік комитеттің әрбір отырысында отырысқа қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауысымен сайланады.

6. Консультативтік комитеттің әрбір мүшесі бір дауысқа ие болады. Дауыстар тең болған кезде консультативтік комитет мүшелерінің ешқайсысының, оның ішінде консультативтік комитет отырысы төрағасының дауысы шешуші болып табылмайды.

7. Консультативтік комитеттің мүшелеріне оның жұмысына қатысқаны үшін сыйақылар есепке жазылмайды және төленбейді.

8. Консультативтік комитеттің ұсынымы, егер оны қабылдауға консультативтік комитеттің отырысына қатысып отырған консультативтік комитет мүшелерінің немесе сырттай дауыс беруге қатысқан мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.

9. Консультативтік комитеттің отырыстарына дауыс беруге қатысу құқығынсыз уәкілетті органның өкілдері қатысуға құқылы.

 

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 6-2-баппен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

6-2-бап. Инвестициялық комитеттің қызметі. Инвестициялық комитеттің мүшелеріне қойылатын талаптар

1. Қордың меншікті активтерін, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің және зиянды өтеу резервінің қаражатын инвестициялау мақсатында Қорда бір немесе бірнеше инвестициялық комитет құрылуға тиіс.

2. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қордың меншікті активтеріне, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражатына және зиянды өтеу резервінің қаражатына қатысты инвестициялық шешімдер қабылдауды тек қана инвестициялық комитет (инвестициялық комитеттер) жүзеге асырады, оның құрамында (әрқайсысының құрамында) кемінде үш адам болуға тиіс.

Қордың өзге органдары және (немесе) басшы қызметкерлері осы Заңмен Қордың инвестициялық комитетінің (инвестициялық комитеттерінің) құзыретіне жатқызылған шешімдер қабылдауға құқылы емес.

3. Қордың меншікті активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер қабылдауды жүзеге асыратын инвестициялық комитет мүшелерінің кемінде жартысы өздерін басшы қызметкерлер етіп тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісімін алған Қордың басшы қызметкерлері болып табылуға тиіс.

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражатына және (немесе) зиянды өтеу резервінің қаражатына қатысты инвестициялық шешімдер қабылдауды жүзеге асыратын инвестициялық комитет мүшелерінің кемінде жартысы өздерін Қордың және (немесе) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының басшы қызметкерлері етіп тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісімін алған, тиісінше Қордың және (немесе) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының басшы қызметкерлері болып табылуға тиіс.

Қордың инвестициялық комитетінің (инвестициялық комитеттерінің) құрамына Қордың атқарушы органының мүшесі және Қордың тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшесі басшысы кіреді.

4. Инвестициялық комитеттің (инвестициялық комитеттердің) мүшелерін сайлауды Қордың директорлар кеңесі жүзеге асырады.

5. Инвестициялық комитеттің отырыстары оларға инвестициялық комитет мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы, бірақ инвестициялық комитеттің кемінде үш мүшесі қатысқан кезде өткізіледі.

Инвестициялық комитеттің шешімдері отырысқа қатысып отырған мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады және жазбаша түрде ресімделеді.

6. Инвестициялық комитеттің (инвестициялық комитеттердің) мүшелері инвестициялық шешімдер қабылдау бөлігінде өздеріне жүктелген функцияларды атқаруды өзге адамдарға беруге құқылы емес.

7. Инвестициялық комитеттің (инвестициялық комитеттердің) мүшелері өз мүдделері мен Қордың мүдделері өзара сәйкес келмейтін мән-жайлардың бар екендігі туралы ақпаратты Қордың атқарушы органының назарына жеткізуге міндетті.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар басталған жағдайда, инвестициялық комитеттің (инвестициялық комитеттердің) мүшелері инвестициялық комитеттің (инвестициялық комитеттердің) отырысына қатысуға және қабылданатын шешімдерге қандай да бір түрде ықпал етуге құқылы емес.

8. Инвестициялық комитет отырыстарының қорытындысы бойынша хаттамалар жасалады, оларға инвестициялық комитеттің төрағасы мен отырысқа қатысып отырған барлық мүшелері қол қояды және онда қабылданған шешімдердің негіздемесі қамтылады.

Инвестициялық комитеттің мүшелері өздерінің ерекше пікірін білдіруге құқылы, ол инвестициялық комитет отырысының хаттамасына қоса беріледі және оның бір бөлігі болып табылады.

9. Қордың инвестициялық комитеті (инвестициялық комитеттері) қабылдаған инвестициялық шешімдерді Қордың атқарушы органы қабылданған шешімдерге қатаң сәйкестікте орындауға тиіс.

10. Инвестициялық комитет Қордың меншікті активтері және (немесе) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражаты және (немесе) зиянды өтеу резервінің қаражаты есебінен, осы активтерді және (немесе) қаражатты мақсатсыз пайдалануды, Қазақстан Республикасы заңнамасының, инвестициялық декларацияның талаптарын бұзуды көздейтін мәмілелер жасау туралы шешімдер қабылдаған кезде, уәкілетті орган мұндай шешімдерді қабылдауға дауыс берген адамды (адамдарды) инвестициялық комитет мүшесінің міндеттерін атқарудан шеттетуге құқылы.

Уәкілетті органның адамды не адамдарды инвестициялық комитет мүшесінің міндеттерін атқарудан шеттету туралы хабарламасы Қордың атқарушы органының назарына жеткізіледі, ол осындай хабарламаны алған күннен кейінгі күннен кешіктірмей мұны инвестициялық комитет мүшесінің міндеттерін атқарудан уәкілетті орган шеттеткен адамдардың назарына жеткізуге міндетті.

11. Уәкілетті органның адамды не адамдарды инвестициялық комитет мүшесінің міндеттерін атқарудан шеттету туралы хабарламасы Қордың атқарушы органының назарына жеткізілген кезден бастап аталған адам не адамдар инвестициялық комитеттің жұмысына қатысуға құқылы емес және уәкілетті орган мұндай шеттету туралы шешім қабылдағаннан кейін үш жыл бойы оның құрамына сайлана алмайды.

12. Инвестициялық комитетті құру және оның жұмыс тәртібі, негізгі міндеттері мен құзыреті уәкілетті органмен келісу бойынша Қордың директорлар кеңесі бекітетін Қордың ішкі құжатында белгіленеді.

 

 

2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен  7-бап  жаңа редакцияда ( бұр. ред . қара); 2007.07.05. № 244-III Заңымен (2008 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)