Алдын ала шешімді қабылдау тәртібі мен нысаны бекіту туралы Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 15 мамырдағы № 210 бұйрығы (2007.27.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Алдын ала шешiмдi қабылдау тәртібі мен нысаны бекіту туралы Қазақстан
Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 15 мамырдағы № 210 бұйрығы

(2007.27.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 48, 49-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiлiп отырған Алдын ала шешiмдi қабылдау тәртібі мен нысаны бекітілсiн.

2. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн.

3. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң Баспасөз қызметi осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.

ҚР Қаржы министрінің 2007.27.12. № 486 Бұйрығымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті жүктeлcін.

5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының

Кедендік бақылау агенттігі

төрағасының 2003 жылғы 15 мамырдағы

№ 210 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Алдын ала шешiмдi қабылдау тәртібі және нысаны

 

 

1. Жалпы ережелер

 

ҚР Қаржы министрінің 2007.27.12. № 486 Бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Осы Тәртiп Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 47, 48-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар бойынша:

1) Сыртқы экономикалық қызметтiң Тауар Номенклатурасына (бұдан әрi - СЭҚ ТН) сәйкес жiктелуiне;

2) ҚР Қаржы министрінің 2007.27.12. № 486 Бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

ҚР Қаржы министрінің 2007.27.12. № 486 Бұйрығымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) тауарлардың шыққан елiн анықтау қатысты алдын ала шешiм қабылдаудың тәртібін айқындау мақсатында әзiрлендi.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.