Жамбыл облысындағы жер сiлкінісiнiң салдарларын жою және әлеуметтiк
маңызды объектiлердi қалпына келтiру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 9 маусымдағы № 540 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 08.08.03 ж. № 793; 21.08.03 ж. № 842
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Бұрынғы ред. қара
Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов атындағы ауданындағы жер сiлкiнiсінен зақымданған азаматтық мақсаттағы объектілердi қалпына келтiру мәселелерiн жедел шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданындағы жер сiлкiнiсiнен зақымданған объектiлердi қалпына келтiру жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы ұсынған 2003-2004 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) мақұлдансын.
2. Қоса берiлiп отырған Жамбыл облысындағы жер сiлкiнiсi салдарларын жою жөніндегi iс-шараларды қаржыландырудың ережесi бекітілсiн.
3. Жамбыл облысының әкіміне жер сiлкiнiсiнен зардап шеккен объектiлерiн салуға алдын ала ақы төлеуге, зiлзала аймағынан басқа елдi мекендерге көшiрiлетiн азаматтар үшiн тұрғын үйлер сатып алуға және салуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен қаржыландырылатын объектiлер бойынша жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарына 2003 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен 2 300 000 000 (екi миллиард үш жүз миллион) теңге бөлiнсiн.
4. Жамбыл облысының әкімі мен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнің жекелеген сызбалар мен сметалар бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ұсынысына келісім берiлсiн.
ҚР Үкіметінің 08.08.03 ж. № 793 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
5. Жамбыл облысының әкімі, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгі, бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлiктерi 2003 жылғы 25 тамызға дейiнгi мерзiмде белгiленген тәртiппен мемлекеттік сараптама мен бекiтуден өткен жобалау-сметалық құжаттама негiзiнде жүргiзiлетiн жұмыстардың құны бөлiгiнде iс-шаралар жоспарын нақтылау жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн және тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп берсiн.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары А.С.Павловқа жүктелсiн.
8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының