Техникалық кедендік бақылау құралдарының тізбесі және оларды қолдану тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 ж. 6 мамырдағы № 184 бұйрығы
(2006.23.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 473-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Техникалық кедендік бақылау құралдарының тізбесі мен оларды қолдану тәртібі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметі (А.А.Қаңлыбаева) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі аумақтық бөлімшелерінің бастықтары осы бұйрықтың орындалуын қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға
кедендік бақылау агенттігі
төрағасының 2003 жылғы
6 мамырдағы № 184 бұйрығымен
бекітілген
Техникалық кедендік бақылау құралдарының тізбесі
мен оларды қолдану ережесі
1. Жалпы ережелер
ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Төрағасының 2006.23.05. № 188 Бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 473-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде техникалық құралдарды қолданудың тәртібін белгілейді.