Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Премьер-Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы арасында міндеттерді бөлу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 17 маусымдағы № 129-ө өкімі (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Премьер-Министрінің
орынбасарлары және Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы арасында
мiндеттердi бөлу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
2003 жылғы 17 маусымдағы № 129-ө өкімі

ҚР Премьер-Министрінің 2004 ж. 20 қаңтардағы № 16-ө өкімімен күші жойылды

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Премьер-Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы арасында мiндеттердi бөлу бекітілсiн.

2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2002 жылғы 2 қыркүйектегi № 132 өкімінiң күшi жойылды деп танылсын.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д.К.Ахметов

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

2003 жылғы 17 маусымдағы

№ 129 өкімімен

бекітiлген

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi,

Премьер-Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министрi

Кеңсесiнiң Басшысы арасында

міндеттерді бөлу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi

Д.К.Ахметов

Үкiметтiң қызметiне басшылық жасау.

Қазақстан Республикасының Президентiмен, сондай-ақ Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен және басқа да конституциялық органдармен қатынастарда Үкiметтiң атынан өкiлдiк ету.

Мемлекетаралық қатынастар мен халықаралық ынтымақтастық мәселелерi.

Үкiметтiң заң шығару қызметiн үйлестiру.

Қорғаныс, құқық тәртібі, мемлекеттік материалдық резервтер мәселелерi.

Республикалық бюджет комиссиясының және Экономикалық саясат жөніндегі кеңестiң жұмысына басшылық жасау.

Мұнай-газ секторын дамыту мәселелерi.

Үкiметтiң кадр мәселелерi.

Сыртқы iстер министрлігінiң, Қорғаныс министрлігінiң, Iшкi iстер министрлігінiң, Әдiлет министрлігінiң, Қаржы полициясы агенттiгiнiң, Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттiктiң қызметiн жалпы бақылау.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің

бiрiншi орынбасары

А.С.Павлов

Экономиканы жедел басқару, өңiрлiк саясат, төтенше жағдайлар мәселелерi.

Экономикалық жоспарлау және даму, қаржы, салық және тариф саясаты, бюджетаралық қатынастарды жетілдiру мәселелерi.

Үкiметтiң Ұлттық Банкпен, халықаралық қаржы және экономика ұйымдарымен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету.

Қазақстанның Даму Банкінің қызметiн үйлестiру.

Мемлекеттік органдардың әлеуметтiк саланы дамыту, білім беру, ғылым, мәдениет, ұлтаралық қатынастар, денсаулық сақтау, спорт пен туризм мәселелерi жөніндегі қызметiн үйлестiру.

Әлеуметтiк әрiптестiк мәселелерi.

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінiң, Қаржы министрлігінiң, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң, Білім және ғылым министрлігінiң, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң, Денсаулық сақтау министрлігінiң, Статистика жөніндегі агенттiктiң, Кедендiк бақылау агенттiгiнiң, Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiктiң, Туризм және спорт жөніндегі агенттiктiң, Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiктiң қызметiн жалпы бақылауды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары

С.М.Мыңбаев

Инвестициялық саясат, экспорттық бақылау және жұмылдыру жұмысының, Қазақстанның Дүниежүзiлiк сауда ұйымына енуi мәселелерi.

Мемлекеттік органдардың өндiрiстiк саланы, инфрақұрылым мен жаңа технологияларды (өнеркәсiп, энергетика секторы, құрылыс, көлiк пен коммуникациялар) дамыту мәселелерi жөніндегі қызметiн үйлестiру.

Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселелерi.

Геология, жер қойнауын пайдалану және жер қойнауын қорғау мәселелерi.

"Байқоңыр" ғарыш айлағының мәселелерi.

ТМД елдерiмен және олардың ықпалдастық бiрлестiктерiмен өзара қатынастарды үйлестіру.

Индустрия және сауда министрлігінiң, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң, Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң, Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiктiң қызметiн жалпы бақылауды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары -

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi

А.С.Есімов

Мемлекеттік органдардың ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік агроазық-түлiк бағдарламасын iске асыру мәселелерi жөніндегі қызметiн үйлестiру.

Аграрлық ғылым, экология, табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау, жер және су қатынастары мәселелерi.

Ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерi.

Көшi-қон және демография саясаты мәселелерi.

Ауыл шаруашылығы министрлігінiң қызметiне басшылық жасау.

Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң, Көшi-қон және демография жөнiндегі агенттiктiң, Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiктiң қызметiн жалпы бақылауды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi

Кеңсесінің Басшысы

А.А.Тілеубердин

Үкiметтiң шешiмдерiн дайындау және олардың орындалуын ұйымдастыру, мемлекеттік және орындаушылық тәртiптi қамтамасыз ету бөлiгiнде орталық және жергілiктi атқарушы органдардың, ведомстволардың қызметiн үйлестiру. Yкiметтiң кадр саясатын iске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.

Yкiметтiң өңiрлiк саясатын iске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, Үкiметтiң облыстар әкімдерiмен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету.

Премьер-Министр Кеңсесiнiң Президент Әкiмшілiгiмен және Парламент палаталарының аппараттарымен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету.