Жанар-жағар май материалдары мен қатты отынды мемлекеттік сатып алу жөніндегі бірыңғай конкурсты ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 шілдедегі № 646 қаулысы (ҚР Үкіметінің 29.01.04 ж. № 100 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

Жанар-жағар май материалдары мен қатты отынды мемлекеттік сатып алу
жөніндегі бiрыңғай конкурсты ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 жылғы 3 шілдедегі № 646 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 29.01.04 ж. № 100 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

ҚР Үкіметінің 2004 ж. 11 наурыздағы № 307 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды

"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттiгi республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi үшін қатты отынды және жанар-жағар май материалдарын сатып алу жөніндегі конкурсты бiрыңғай ұйымдастырушы болып белгiленсiн.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

Қазақстан Республикасының

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2003 жылғы 3 шiлдедегi

№ 646 қаулысына

қосымша

ҚР Үкіметінің 29.01.04 ж. № 100 қаулысымен тізбе өзгертілді


Бiрыңғай конкурс өткізу жөнiнде жанар-жағар май материалдары мен қатты

отынды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын республикалық бюджеттік

бағдарламалар әкiмшілерiнiң тiзбесi