2. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қызметін бақылау мен қадағалауды уəкілетті орган осы Заңға жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сəйкес жəне өзінің бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың Қазақстан Республикасы заңнамасының, уəкілетті органның жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын, микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидаларын, стандарттарын бұзушылықтарын, сондай-ақ қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарды анықтау мақсатында жүзеге асырады.
3. Уəкілетті орган микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдарға қатысты:
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сəйкес микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар ұсынатын ақпаратты жəне есептілікті талдау;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен қашықтан қадағалау арқылы бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарын жүзеге асырады.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13-бап өзгертілді; 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi
Уәкiлеттi орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiн мемлекеттік реттеудi, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсаттарында:
1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерiне қойылатын талаптарды белгiлейдi;
2) салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;
3) ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензиядан айырылған жағдайда, салымшылардың ерікті зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару тәртібін белгілейді;
4) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін айқындайды;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
13-1-бап. 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 13-2-баппен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
13-2-бап. Қаржы нарығы саласындағы өзге ақпарат аудиті саласындағы өкілеттіктер
1. Уәкілетті орган:
1) тармақшаның қолданысы 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде осы тармақша 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңның 2-бабаның 4-тармағының редакциясында қолданылды (бұр.ред.қара)
1) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының өзге ақпарат аудитін жүргізуді талап етеді;
2) аудиторлық қызмет саласында мемлекеттік реттеуді және аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша өзге ақпарат аудиті шеңберінде тексеруге жататын мәселелердің тізбесін, өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындының мазмұнына, аудиторлық ұйымның оны ұсынуы мерзімдеріне қойылатын талаптарды, аудиторлық ұйымның құрамындағы өзге ақпарат аудитіне тартылатын аудиторларға қойылатын талаптарды белгілейді.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 13-3-баппен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
13-3-бап. Ерекше реттеу режимін енгізу мақсаттары және оның шеңберінде қызметті жүзеге асырудың жалпы шарттары
1. Ерекше реттеу режимі уәкілетті орган белгілейтін, қаржы саласындағы қызметті, қаржы ресурстарын шоғырландыруға және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметті жүзеге асырудың арнайы шарттарының жиынтығын білдіреді.
2. Ерекше реттеу режимі мынадай мақсаттарға қол жеткізуге:
1) қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығындағы бәсекелестікті және қаржы нарығының инвестициялық тартымдылығын арттыруға;
2) қанағаттану дәрежесін арттыру және тұтынушылардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және мемлекеттің мүдделеріне сәйкес келу үшін жаңа көрсетілетін қызметтерді ендіруге және қаржы нарығын дамытуға;
3) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын оңтайлы реттеу мен қадағалауды қалыптастыруға, қаржылық тұрақтылықты және тұтынушылардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.
1) ерекше реттеу режимі шеңберінде қатысу шарттарының теңдігін қамтамасыз ету;
2) ерекше реттеу режимі қатысушыларының тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін сақтауы ерекше реттеу режимінің қағидаттары болып табылады.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Ерекше реттеу режимі уәкілетті орган Басқармасының шешімімен енгізіледі, онда қаржы саласындағы қызметтің (көрсетілетін қызметтер, өнімдер), қаржы ресурстарын шоғырландыруға және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметтің түрлері, оларды ерекше реттеу режимі шеңберінде жүзеге асырудың арнаулы шарттары, қатысушылар тізбесі, ерекше реттеу режимінің қатысушыларына Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қолданудың тәртібі мен шарттары көрсетіледі.
Көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметке қатысты ерекше реттеу режимін енгізу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган Басқармасының шешімімен жүзеге асырылады.
Ерекше реттеу режимінің жалпы мерзімі бес жылдан аспайды.
5. Ерекше реттеу режимі енгізілген мерзім өткеннен кейін өз қолданысын тоқтатады.
6. Ерекше реттеу режимін енгізу және оның күшін жою, ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде бекітіледі.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 13-4-баппен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
13-4-бап. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру
1. Қаржы ұйымдары және (немесе) қаржы саласындағы қызметті, қаржы ресурстарын шоғырландыруға және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар ерекше реттеу режимінің қатысушылары (бұдан әрі - ерекше реттеу режимінің қатысушылары) бола алады.
2. Ерекше реттеу режимі қатысушысының қызметі уәкілетті органмен жасалатын, ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
Ерекше реттеу режимі шеңберінде көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметті жүзеге асыру туралы шарт ерекше реттеу режимінің қатысушысы, уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасында жасалады.
Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы үлгілік шартты уәкілетті орган бекітеді.
Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы үлгілік шартта ерекше реттеу режимінің қатысушысы көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларды өзінің ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыратыны туралы хабардар етуі міндетті болатын талап қамтылуға тиіс.
3. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты жасасу үшін құжаттарды іріктеу өлшемшарттары және қарау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде бекітіледі.
4. Мәлімделген қызмет түрі ерекше реттеу режимін енгізу мақсаттарына сәйкес келмеген, ерекше реттеу режимінің қатысушысы болғысы келетін тұлға іріктеу өлшемшарттарына сәйкес келмеген және (немесе) ұсынылған құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда, уәкілетті орган ерекше реттеу режимінің қатысушысы болғысы келетін тұлғаға ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасудан бас тартады.
5. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданысы:
1) ерекше реттеу режимі енгізілген мерзімнің өтуіне байланысты оның қолданысы тоқтатылған не оның күші жойылған кезде;
2) ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттың мерзімі өткен немесе ол мерзімінен бұрын бұзылған кезде;
3) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында немесе ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартта көзделген өзге де жағдайларда, тоқтатылады.
6. Ерекше реттеу режимінің қатысушысы шартта көзделген міндеттемелерді орындамаған жағдайда, сондай-ақ, егер ерекше реттеу режимінің қатысушысы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келуді тоқтатқан жағдайда, уәкілетті орган ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.
Уәкілетті орган ерекше реттеу режимінің қатысушысын ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартта айқындалған міндеттемелердің орындалмағаны және бұзушылықтарды хабардар етілген күннен бастап алпыс жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жою қажеттігі туралы хабардар етеді.
Ерекше реттеу режимінің қатысушысы анықталған бұзушылықтарды және (немесе) олардың жасалуына ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын уәкілетті органның хабарламасын алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде әзірлейді және уәкілетті органға ұсынады. Іс-шаралар жоспарында жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.
Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда, ерекше реттеу режимінің қатысушысы оны іске асыруға кіріседі және іс-шараларды орындау туралы есепті уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде уәкілетті органға ұсынады.
Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарымен келіспеген жағдайда, ерекше реттеу режимінің қатысушысы уәкілетті органның ескертулерін жояды.
Іс-шаралар жоспары мақұлданбаған және (немесе) ерекше реттеу режимінің қатысушысы көрсетілген ескертулерді жою бойынша шаралар қабылдамаған жағдайда, уәкілетті орган ерекше реттеу режимінің қатысушысын ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты біржақты тәртіппен бұзатыны туралы хабардар етеді.
7. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданысы тоқтатылғаннан кейін бұрын ерекше реттеу режимінің қатысушысы болған тұлға ерекше реттеу режимі шеңберінде жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялануға жататын немесе өзіне қатысты рұқсат беру тәртібі қолданылатын қызметті дереу тоқтатуға, сондай-ақ өзінің клиенттері алдындағы міндеттемелерді уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындауға міндетті.
8. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялануға жататын немесе өзіне қатысты рұқсат беру тәртібі қолданылатын қызметті ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданысы тоқтатылғаннан кейін жүзеге асыру заңсыз болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
9. Уәкілетті органның осы баптың 4 және 6-тармақтарында көзделген көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметке қатысты өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша жүзеге асырылады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 13-5-баппен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
13-5-бап. Уәкілетті органның уәжді пайымдауды пайдалану жөніндегі өкілеттіктері
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Уəкілетті орган:
1) банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, банк холдингтеріне, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушыларына, сақтандыру холдингтеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру топтарына жəне (немесе) сақтандыру топтарының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру брокерлеріне, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарийлерге, бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушыларға (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда), инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушыларына, микроқаржы ұйымдарына;
2) банктің, банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушының (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда), бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлеріне, басшы қызметкерлері лауазымына кандидаттарға қатысты уəжді пайымдауды пайдалануға құқылы.
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Уəкілетті органның алқалы органының негізделген кəсіби пікірі уəжді пайымдау деп түсініледі, ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген қадағалап ден қою шараларын қолдану үшін, сондай-ақ осы Заңда жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де жағдайларда шешімдер қабылдау үшін негіз болып табылады.
Уəкілетті орган уəжді пайымдауды мынадай:
1) банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат, банктің ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мəртебесін иеленуге келісім, ұйымдардың капиталдарына банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуына рұқсат, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйым құруына немесе иеленуіне рұқсат, сондай-ақ банк, банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі, сақтандыру брокері, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым, бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушы (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда), бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры жəне банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым басшы қызметкерлерді тағайындау (сайлау) туралы хабардар еткен кезде банктің, банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушының (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда), бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беру (келісім беруден бас тарту), банк лицензияларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға, сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыруға, бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияларды беру кезінде мінсіз іскерлік беделінің болуы не болмауы тұрғысынан іскерлік беделін бағалау, сондай-ақ орнықсыз қаржылық жағдайының болуы не болмауы тұрғысынан қаржылық жағдайын бағалау;
2) банктің, банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушының (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда), бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерінің өз міндеттерін жүзеге асыруы кезеңінде немесе банктің, банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушының (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда), бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісімнің қолданылуы кезеңінде мінсіз іскерлік беделінің болуы не болмауы тұрғысынан іскерлік беделін бағалау;
3) қызметкердің банктің, банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушының (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда), бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерінің функцияларына тəн қызметті жүзеге асыру белгілерінің болуын айқындау;
4) банкпен, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар деп танылатын тұлғаларды айқындау, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өздерімен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдікті шарттар беру фактілерін анықтау, сондай-ақ банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған мəмілелерді жеңілдікті шарттары бар мəмілелерге жатқызу;
5) бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында өзара байланысты тұлғалар деп танылатын тұлғаларды айқындау;
6) тармақшаның қолданысы 2026 ж. 1 шілдеге дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңның 2-бабының 2-тармағының 1) тармақшасының редакциясында қолданылады
6) банктегі жəне банк конгломератындағы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымындағы жəне сақтандыру тобындағы, бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушыдағы (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) тəуекелдерді басқару жəне ішкі бақылау жүйесінің сапасын банктің, банк конгломератының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының, бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушының қызметі сипатына, ауқымына жəне күрделілігіне, сондай-ақ олардың көлемдеріне сəйкес келетін тиімді ішкі саясат пен рəсімдердің болуы жəне іске асырылуы тұрғысынан бағалау;
7) банктің, микроқаржы ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушының (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) провизияларының (резервтерінің), сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарий есептеген сақтандыру резервтерінің барабарлығын, оның ішінде оларды қалыптастыру жөніндегі əдістемелердің банктің, микроқаржы ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушының тəуекелдеріне сəйкестігі, сондай-ақ оларды қалыптастыру үшін пайдаланылатын ақпараттың анықтығы тұрғысынан бағалау;
8) банктің директорлар кеңесі мүшесінің - банктің тəуелсіз директорының тəуелсіздікке қойылатын талаптарға сəйкестігін бағалау;
9) аудиторлық есептерді аудиторлық ұйымның мүдделі болуы аудит жүргізілетін субъектінің қаржылық есептілігінің анықтығы туралы пікірге əсер етуі мүмкін мүдделер қақтығысының бар-жоғы тұрғысынан бағалау;
10) банк жасайтын (жасау болжанатын) мəмілені жоғары тəуекел белгілерінің бар-жоғы тұрғысынан бағалау;
11) қаржы ұйымдарының, уəкілетті агенттердің жəне қаржы нарығының басқа да қатысушыларының қызметін (операцияларын) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға қаржы өнімдерін ұсыну кезінде жосықсыз практикалардың бар-жоғы тұрғысынан бағалау жағдайларында пайдалануға құқылы.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген уәкілетті органның алқалы органының құрамын уәкілетті орган Төрағасының орынбасарлары, уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатарынан уәкілетті органның Басқармасы бекітеді. Уәкілетті органның алқалы органының отырысын уәкілетті органның Төрағасы орынбасарларының бірі жүргізеді.
Уәкілетті орган уәжді пайымдауды заңдылық, негізділік, объективтілік және біркелкі тәсіл қағидаттарын сақтай отырып пайдаланады.
Уәжді пайымдау уәкілетті органның осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалардың қызметіне бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруы шеңберінде алынған ақпарат пен жеке және заңды тұлғалардан, халықаралық ұйымдардан, мемлекеттік органдардан, оның ішінде шетелдік қадағалау органдары мен ұйымдарынан, өзге де қолжетімді көздерден алынған және уәжді пайымдауды қалыптастыру үшін маңызды болып табылатын өзге де ақпаратқа негізделеді.
Уәкілетті орган уәжді пайымдауды қалыптастыру кезінде осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалардың түсініктері болған кезде оларды назарға алады.
Уәжді пайымдаудың жобасы осы баптың 1-тармағында аталған тұлғаға жіберіледі. Осы баптың 1-тармағында аталған тұлға бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға уәжді пайымдаудың жобасымен келісетіні не келіспейтіні туралы уәжді жауап ұсынуға тиіс. Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғаның белгіленген мерзімде уәжді жауапты ұсынбауы уәжді пайымдаудың жобасымен келісу деп есептеледі.
Осы баптың 1-тармағында аталған тұлға уәжді пайымдаудың жобасымен келіспейтіні туралы уәжді жауапты ұсынған жағдайда, оны қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган уәжді пайымдаудың жобасын уәкілетті органның алқалы органының қарауына шығару қажеттігін айқындайды.
4. Осы баптың 1-тармағында аталған тұлға уәкілетті орган уәжді пайымдау негізінде қолданған қадағалап ден қою шарасымен келіспеген жағдайда, қадағалап ден қою шарасы қолданылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өз қарсылықтарын уәкілетті органға жазбаша түрде ұсынуға құқылы.
Қадағалап ден қою шарасын қолдануға қатысты қарсылықтар уәкілетті органның Төрағасы қатысатын кеңесте қаралады не уәкілетті орган Төрағасының ұсынысы бойынша уәкілетті орган Басқармасының қарауына шығарылады. Егер уәжді пайымдау негізінде қолданылған қадағалап ден қою шарасы пруденциялық нормативтердің және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің белгіленген мәндерден төмен төмендеуіне алып келуі мүмкін болған жағдайда, алынған қарсылықтарды уәкілетті орган Басқармасы қарайды. Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғаның өкілдері қарсылықтарды қарауға қатысуға құқылы.
Қарсылықтар келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Қарсылықтарды қарау мерзімі он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бір рет ұзартылуы мүмкін.
Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғаның қарсылықтарын қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган қарсылықтармен негізді түрде келіспейтіні не уәкілетті орган қолданған қадағалап ден қою шарасының күшін жою туралы жазбаша хабарлама жібереді.
Уәжді пайымдау негізінде қолданылған қадағалап ден қою шарасы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткен соң не қарсылықтар ұсынылған жағдайда, осы баптың 1-тармағында аталған тұлғаға қарсылықтармен негізді түрде келіспейтіні туралы жазбаша хабарлама жіберілген күннен бастап күшіне енеді.