Темекі бұйымдарының жекелеген түрлерінде никотин мен шайырлы заттардың болуына рұқсат етілетін шекті деңгейлерді бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 шілдедегі № 687 қаулысы (күші жойылды)

Темекі бұйымдарының жекелеген түрлерінде никотин мен шайырлы заттардың болуына рұқсат етілетін шекті деңгейлерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 шілдедегі № 687 қаулысы

ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 12 қыркүйектегі № 744 Қаулысымен күші жойылды

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 маусымдағы № 424 бұйрығын қараңыз

 

«Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған темекі бұйымдарының жекелеген түрлерінде никотин мен шайырлы заттардың болуына рұқсат етілетін шекті деңгейлер бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д.К. Ахметов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2003 жылғы 11 шілдедегі

№ 687 қаулысымен

бекітілген

Темекі бұйымдарының жекелеген

түрлерінде никотин мен шайырлы заттардың

болуына рұқсат етілетін шекті деңгейлер

Темекі түтінін       реттеуші құрауыш                                               Темекі бұйымдарының жекелеген түрлерінде     никотин мен шайырлы заттардың болуына рұқсат етілетін шекті деңгейлер өлшемі              миллиграмм сигаретке (мг/сигаретке)         
Шайырлы заттар                                         14,0                                      артық емес                        
Никотин                                                1,2                                       артық емес                        

     Ескерту: