Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 Жарлығы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтардың дамуын талдау және мемлекеттік реттеу департаментінің осы Жарлығына түсіндірмесін қара
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 8) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Yкіметі Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бiр ай мерзiмде әзiрлесiн және бекiтсiн.
3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі және оған тартылған басқа да барлық министрлiктер, агенттiктер мен облыстардың әкiмдерi Бағдарламаны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
4. Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі бақылау мен үйлестiру Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелсiн.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының