Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнiң кейбір мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 шілдедегі № 714 қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру туралы» 2003 жылғы 13 маусымдағы № 1107 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Балық шаруашылығы комитетi құрылсын.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі балық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi құрылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Балқаш-Алакөл балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегі бассейндiк басқармасы» және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Зайсан-Ертіс балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегі бассейндiк басқармасы» мемлекеттік мекемелерi Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнiң «Балқаш - Алакөл облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегі бассейндiк басқармасы» және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнiң «Зайсан-Ертіс облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегі бассейндiк басқармасы» мемлекеттік мекемелерi болып қайта аталып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Орал-Каспий облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегі бассейндiк басқармасы», «Балқаш-Алакөл балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегі бассейндiк басқармасы» және «Зайсан-Ертіс балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегі бассейндiк басқармасы» мемлекеттік мекемелерi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі Балық шаруашылығы комитетiнiң қарамағына берiлсiн.
ҚР Үкіметінің 07.05.04 ж. № 517 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді
4. Қоса берiлiп отырған:
1) ҚР Үкіметінің 2005.06.04. № 310 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2) ҚР Үкіметінің 2005.06.04. № 310 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2-1) ҚР Үкіметінің 2005.06.04. № 310 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
3) ҚР Үкіметінің 2005.06.04. № 310 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
4) Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен бiрлесiп, тиiстi қажеттi материалдық- техникалық құралдарды және өзге де мүлiктi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Балық шаруашылығы комитетiне берудi қамтамасыз етсiн.
6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының