Денсаулық сақтау кадрларына жататын медициналық, фармацевтикалық,
ғылыми, ғылыми-педагогикалық, педагогикалық, инженерлік-техникалық
қызметкерлердің мамандықтары мен лауазымдарының Тізбесі туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің
2003 ж. 20 маусымдағы № 463 бұйрығы
(ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2005.10.01. № 9 бұйрығымен
енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Денсалық сақтау министрінің 2007 жылғы 12 ақпандағы № 97 Бұйрығымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасындағы азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы № 111-І Заңының 62-бабын орындау және денсаулық сақтау саласы мамандықтары мен қызметкерлерінің лауазымдарын есепке алуды ретке келтіру, дайындау, регламенттеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған денсаулық сақтау кадрларына жататын, жоғары және орта білімді медициналық, фармацевтикалық, ғылыми, ғылыми-педагогикалық, педагогикалық, инженерлік-техникалық қызметкерлер мамандықтарының Тізбесі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.