Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының магистратурасына
қабылдаудың типтік ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігінің 2003 жылғы 29 мамырдағы № 354 бұйрығы
(2005.26.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 161 Бұйрығымен күші жойылды
Магистратураға қабылдау мәселелерiн реттеу мақсатында және "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының магистратурасына қабылдаудың типтiк ережесi бекітілсiн.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білім департаментi (Б.С.Әбдiрәсiлов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енедi.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бiрiншi вице-министр .М. Мұтановқа жүктелсiн.
| Министр |
|
|
|
|
|
| Ш. Беркімбаева |
Білім және ғылым министрінің
2003 жылғы 29 мамырдағы
№ 354 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының
магистратурасына қабылдаудың типтік ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының магистратурасына қабылдаудың осы типтік ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес әзiрленген.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 05.06.04 ж. № 520 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
2. Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының магистратурасына кәсіптік жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар қабылданады.
3. Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының магистранттар контингентін қалыптастыру ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар қаражаты есебінен оқуға ақы төлеу арқылы жүзеге асырылады.