«Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 19 желтоқсандағы № 173 бұйрығымен күші жойылды
Балаларға, оның ішінде білім беру және әлеуметтік қорғау жүйелері ұйымдарында медициналық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Бала денсаулығы паспорты» (бұдан әрі Паспорт) 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулық бекітілсін.
2. Облыстық, Астана, Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерінің) бастықтары Паспортты назарға алсын және емдеу-алдын алу ісіне, оның ішінде меншік нысанына қарамастан білім беру және әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру жүйелеріне енгізсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр С.Диқанбаеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министрдің м.а.