Екінші деңгейдегі банктер брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асырған
кезде мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасауға құқылы елдердің
ең төменгі талап етілетін рейтингі туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкі Басқармасының 2003 ж. 4 шілдедегі № 219 қаулысы
ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.25.02. № 46 Қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Екінші деңгейдегі банктердің "Standard & Poor's" немесе "Fitch" рейтинг агенттіктерінің "А"-дан төмен емес немесе "Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің "А2"-ден төмен емес шетел валютасымен тәуелсіз ұзақ мерзімді рейтингі бар елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарымен брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруына құқылы екендігі белгіленсін.