Ақпараттандыру, электрондық құжат және электрондық цифрлық қол қою саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 ж. 14 тамыздағы № 173-ө өкімі (ҚР Премьер-Министрінің 27.02.04 ж. № 52-ө өкімімен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

Ақпараттандыру, электрондық құжат және электрондық цифрлық қол қою
саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін іске асыру
жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
2003 ж. 14 тамыздағы № 173-ө өкімі
(ҚР Премьер-Министрінің 27.02.04 ж. № 52-ө өкімімен
енгізілген өзгерістерімен)

ҚР Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 383-ө Өкімімен күші жойылды

1. Қоса беріліп отырған ақпараттандыру, электрондық құжат және электрондық цифрлық қол қою саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін іске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының Үкіметі нормативтік құқықтық кесімдерінің тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.

2. Мемлекеттік органдар Тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін.

3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері екі айлық мерзімде Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін іске асыруға тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық кесімдер қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Үкіметті хабардар етсін.

Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

2003 жылғы 14 тамыздағы

№ 173 өкімімен

бекітілді

Ақпараттандыру, электрондық құжат және электрондық

цифрлық қол қою саласындағы Қазақстан Республикасының

заңнамалық кесімдерін іске асыру мақсатында

қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының

Үкіметі кесімдерінің тізбесі

ҚР Премьер-Министрінің 27.02.04 ж. № 52-ө өкімімен тізбе өзгертілді