Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 404 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 15 тамыздағы № 906 қаулысының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 19 тамыздағы № 828 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 404 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2003 жылғы 15 тамыздағы № 906 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 19 тамыздағы № 828 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2007.26.07. № 633 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестерiне кiрiс туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 404 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1) 1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"2) осы қаулыға 2-қосымшада көрсетiлген стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншiктегi акционерлік қоғам мен осы қаулыға 3-қосымшада көрсетiлген мерзiмдi баспасөз басылымдарын шығаруды жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншiктегi акционерлік қоғамдар таза кiрiстiң 10 (он) пайызын дивидендтердi төлеуге жұмсайды;";

2) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім, Индустрия және сауда министрлiктерi осы қаулыға 2 және 3-қосымшаларда көрсетiлген акционерлік қоғамдардың иеленуiнде қалған таза кірiстiң бiр бөлiгiн олардың материалдық-техникалық базасын дамытуға және жетiлдiруге жұмсауды қамтамасыз етсiн.";

3) көрсетiлген қаулыға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" ашық акционерлік қоғамының дивидендтерiн есептеу мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 15 тамыздағы № 906 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2003 жылғы 19 тамыздағы

№ 828 қаулысына

қосымша

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2003 жылғы 25 сәуірдегі

№ 404 қаулысына

2-қосымша

Стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы қызметтi

жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншiктегi

акционерлік қоғам

"Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" ААҚ.