Маңызды стратегиялық мәні бар көрсетілетін қызметтерді
мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 22 тамыздағы № 848 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 10.02.04 ж. № 158 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 29 қаңтардағы № 64 Қаулысымен күші жойылды
"Мемлекеттік сатып алу туралы" 2002 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 10.02.04 ж. № 158 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтары (қосымшаға сәйкес) тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттың шегінде, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу жөнінде маңызды стратегиялық мәні бар көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер болып белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің
2003 жылғы 22 тамыздағы
№ 848 қаулысына
қосымша