"Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру
жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
2003 ж. 29 тамыздағы № 194-ө өкімі
ҚР Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 383-ө Өкімімен күші жойылды
1. Қоса беріліп отырған "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажеттi Қазақстан Республикасының Үкіметі кесiмдерінің тiзбесi (бұдан әрi - Тiзбе) бекітілсiн.
2. Мемлекеттік органдар Тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекiтуге енгiзсiн.
3. Мемлекеттік органдар алты ай мерзiмде "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыруға тиiстi ведомстволық нормативтік құқықтық кесiмдердi қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Үкiметтi хабардар етсiн.
Қазақстан Республикасы