«Күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды тамақтандырудың және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын, сондай-ақ Жазасын өтеуден босатылатын сотталғандарға көмек көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 2 қыркүйектегі № 889 Қаулысы (2011.24.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Предыдущая страница

Ескертпе:

1. Климаты ыстық аудандарда (Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары, Балқаш көлінің оңтүстігінде орналасқан Алматы облысының аумағы, сондай-ақ Қарағанды облысының Жезді және Приозерский аудандары) тоқу тығыздығы 2 жіп, суық климатта - 3 жіп.

2. Жылы қысқа пальто әйел адамдарға жылы күртенін орнына берілуі мүмкін.

3. Жейделер ер адамдарға беріледі.

4. Климаты ыстық аудандарда берілмейді.

5. Климаты суық аудандарда беріледі. Климаты қалыпты аудандарда, далада және жылытылмайтын үй жайларда жұмыс істейтіндерге 4 жылға беріледі. Климаты ыстық аудандарда берілмейді.

6. Жылы шалбарлар жылы күртеге беріледі.

 

 

Стационарлық медициналық мекемелерде емделіп жатқан науқас сотталғандарды заттай мүлікпен

жабдықтаудың заттай нормалары

 

 

Ескертпе:

1. Әйел адамдарға іштен киетін жейделер мен мақта-матадан жасалған панталондар 1 жылға 2 данасы беріледі;

2. Әйел адамдарға мақта-матадан жасалған шұлықтар 1 жылға 2 данасы беріледі;

3. Туберкулезбен ауыратындарға, тері ауруы бар және операциядан кейінгі ауруларға 1 жылға 3 жайма беріледі;

4. Әйел адамдарға қосымша гигиеналық орамал 1 жылға 1 данасы беріледі.

 

Тергеу изоляторларында ұсталатын күдіктілер мен айыпталушыларды төсек жабдықтарымен

жабдықтаудың заттай нормалары

 

 

 

Түзеу мекемелерде ұсталатын сотталғандарды төсек жабдықтарымен жабдықтаудың заттай нормалары

 

 

 

Түзеу мекемелерінде ұсталатын сотталғандардың заттай мүліктерін жөндеуге жұмсалатын

материалдар шығындардың заттай нормалары

 

 

Ескертпе:

Ұлтараққа кесілетін киіз бен аяқ киім кремі киіліп жүрген пималар мен былғары аяқ киімнің 1 жұбына есептеліп беріледі.

 

 

Күдіктілерге, айыпталушыларға және сотталғандарға 1 кг. құрғақ кірді қолмен жуғанда және оның ластануы мен

су кермектігінің дәрежесіне байланысты жұмсалатын синтетикалық жуу ұнтақтары, сабын мен кальцийленген сода,

жеке гигиена бұйымдарының және жұқпасыздандыру құралдарының грамм есебіндегі шығындарының заттай нормалары

 

1) синтетикалық кір жуу ұнтақтарын қолдана отырып кір жуу кезінде:

 

 

2) сабын мен кальцийленген соданы қолдана отырып жуу кезінде:

 

 

Ескертпе:

1. Кірлердің ластану дәрежесі мынадай көрсеткіштермен сипатталады:

І дәреже - қолданыста аз тұтынылған шамалы ластанған кірлер мен киімдер, жаңа заттар;

II дәреже - орташа ластанған кір (дақтары, үйкелген жерлері бар төсек орнының кірі, жеке адамның сүлгілері және т.б.);

III дәреже - дақтары көп, қатты үйкелген қатты ластанған кір (ас үй орамалдары, көп киілген киімдер және т.б.);.

IV дәреже - тұрмыстық және өндірістік қатты ластанған арнайы киім - ac үй, наубайхана (нан зауыттар) кірлері.

2. Төртінші дәрежеде ластанған кірлерді жуу үшін кір жуу ұнтақтарының шығындау нормасына қосымша 1 килограмм құрғақ кірге мынадай мөлшерде:

1) жұмсартылған суда ақ кірлер үшін 6 грамм және түрлі-түсті кірлер үшін 3 грамм;

2) кермек суда ақ кірлер үшін 8 грамм және түрлі-түсті кірлер үшін 5 грамм кальцийленген сода жұмсалады;

3) Кірлерді қолмен жуған кезде 1 кг. құрғақ кірге: 60% кір сабын - 20 грамм (немесе 40% - 30 грамм) және кальцийленген сода 12 гр. мөлшерінде жұмсалады;

4) Кір жууға арналған сабын мен сода синтетикалық кір жуу ұнтақтары болмаған кезде беріледі;

5) Көрмек судың дәрежесі жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық станциялардың зертханалық анализдерімен расталуы тиіс.

3) жеке гигиена құралдары

 

 

Ескертпе:

1. Түзеу мекемелері мен түрмелерде ұсталатын денсаулыққа зиянды және ауыр еңбек жағдайларында жұмыс істейтін сотталғандарға, бір адамға айына салмағы 50 грамм кір сабын қосымша беріледі.

2. Бір сотталғанға моншада жұмсауға 30 грамм сабын қосымша беріледі.

4) жұқпасыздандыру, бұқырлау және дератизациялау құралдарының тізбесі

 

 

 

Күдіктілерге, айыпталушыларға және сотталғандарға арналған дәретхана қажеттіліктері бойынша

шығындардың заттай нормалары

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2003 жылғы 2 қыркүйектегi

№ 889 қаулысымен

бекітілген

 

 

Жазасын өтеуден босатылатын сотталғандарға көмек көрсету

ережесi

 

Осы Ереже Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару Кодексiнің 177-бабының негiзiнде әзiрлендi және бас бостандығын шектеу, қамауға алу немесе бас бостандығынан айыру түрiндегi жазасын өтеуден босатылатын адамдарды тұрғылықты немесе жұмыс iстейтiн жерiне ақысыз жол жүрумен, сондай-ақ жол жүру кезiнде тамақ өнiмдерiмен немесе ақшамен қамтамасыз ету тәртібін реттейдi.

1. Түзеу мекемелерiнің, тергеу изоляторларының немесе қамауға алу үйлерінің (бұдан әрi - мекемелер) әкiмшiлiгi жазасын өтеу мерзiмдерінің аяқталуына дейiн он жұмыс күнi қалғанда немесе бас бостандығынан айырудың өтелмеген бөлiгiн Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексiнiң 71-бабына сәйкес бас бостандығын шектеу түрiндегi жазамен алмастырған жағдайда босатылуы тиiс сотталғандардың тiзiмiн (босатылған күнiн, бағытын және соңғы барып жететiн пунктiн көрсете отырып) дайындайды.

Қылмыстық-атқару инспекциясы қызметi жазасын өтеу мерзiмдерiнiң аяқталуына дейiн бiр ай қалғанда Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң облыстық Басқармасына бас бостандығын шектеу түрiндегi жазасын тұрғылықты жерiнде өтеп жатқан босатылуы тиiс адамдардың тiзiмiн (босатылатын күнiн көрсете отырып) бередi.

2. Мекеменiң қаржы қызметi тiзiмдi алғаннан кейiн он жұмыс күнi iшiнде босатылатын адамға тұрғылықты немесе жұмыс iстейтiн жерiне дейiн жүзеге асырады. Жол жүру билетi үшiн төлем жасауды мекеме әкiмшілігi аудару арқылы жүргiзедi. көрсеткiштен 50% мөлшерiнде ақша берiлуi мүмкiн. босатылғаны туралы анықтамасы бар болғанда ғана сатып алынады.

5. Жазасын өтеуден босатылған адамды мекеме қызметкерi жөнелту станциясына дейін шығарып салады.