Күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды тамақтандырудың және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын, сондай-ақ Жазасын өтеуден босатылатын сотталғандарға көмек көрсету ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 2 қыркүйектегі № 889 Қаулысы
(2011.24.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 1255 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2011.07.02. № 82 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2011.24.06. № 703 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы Заңына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2011.07.02. № 82 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса берiліп отырған:
күдіктілерге, айыпталушыларға және сотталғандарға арналған тамақтандырудың заттай нормалары;
күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормалары;
Жазасын өтеуден босатылатын сотталғандарға көмек көрсету ережесi бекiтілсін.
2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитеті (келісім бойынша) бұған дейін қабылданған нормативтік құқықтық кесімдерді осы қаулыға сәйкес келтірсін.
3. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2011.07.02. № 82 Қаулысымен норма жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 889 қаулысымен
бекітілген
Күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды тамақтандырудың
заттай нормалары
Күдіктілер мен айыпталушыларды тегін тамақпен қамтамасыз етудің
заттай нормалары
Ескертпе:
* - дайын тағамдарды витаминдендіру күзгі-қысқы кезеңдерде жүргізіледі
Жүкті әйелдерді, бірінші және екінші топтағы мүгедек балалары бар әйелдерді көтеріңкі
тамақтандырудың заттай нормалары
Ескертпе:
1. Норма бойынша тергеу изоляторларында, уақытша ұстау изоляторлары мен түзеу мекемелерінде ұсталатын босануына 4 ай қалған жүкті әйелдерге, сондай-ақ бала емізетін әйелдер және 9 айға дейінгі баланы емізетін әйелдерге (дәрігерлердің қорытындысы бойынша) азық-түлік үлесі беріледі.
2. Тамақ, ұстау орнына қарамастан дәрігердің қорытындысы бойынша беріледі.
3. Осы норма бойынша тамақ алатын күдікті және айыпталушы әйелдерге күн ара жұмыртқа беруге рұқсат етіледі.
* - поливитаминді препараттар дәрігердің тағайындауы бойынша беріледі.
Кәмелетке толмаған күдіктілер мен айыпталушылардың көтеріңкі
тамақтандырудың заттан нормалары
Ескертпе:
* - поливитаминді препараттар дәрігердің тағайындауы бойынша беріледі.
Түзеу мекемелерінде ұсталатын сотталғандарды тамақтандырудың заттай нормалары
Ескертпе:
* - ұстаудың барлық режимдерінде, түзеу мекемелерінде, түрмелерде, сондай-ақ қоныс-колонияларында жазасын өтеп жатқан сотталғандарға беріледі.
** - Заңнамаға сәйкес денсаулыққа зиянды жұмыстарға жатқызылған ыстық цехтарда жұмыс істейтін және ауыр, сондай-ақ еңбек жағдайлары бар жұмыстарды тікелей атқаратын барлық режимдердегі түзеу мекемелерінде ұсталатын сотталғандарға беріледі.
*** - дайын тағамдарды витаминдендіру күзгі-қысқы кезеңдерде жүргізіледі.
Тәрбие колонияларында ұсталатын сотталғандарды тамақтандырудың заттай нормалары
Ескертпе:
* - поливитаминді препараттар дәрігердің тағайындауы бойынша беріледі.
Қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінде стационарлық және амбулаторлық емделудегі
туберкулезбен ауыратын сотталғандарды тамақтандырудың заттай нормалары
Қылмыстық-атқару жүйесі түзеу мекемелерінің емдеу-алдын алу мекемелерінде стационарлық және
амбулаторлық емделудегі сотталған науқас адамдарды тамақтандырудың заттай нормалары
Қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінде ұсталатын сотталғандардың жолда болу кезеңінде, сондай-ақ бас
бостандығын шектеу, қамауға алу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден босатылғандарға
тұрғылықты жерлеріне қайтқан, тергеу әрекеттеріне және сотқа айдауылдау кезде құрғақ паек түрінде
берілетін тамақтардың заттай нормалары
Ескертпе:
1. Түзеу мекемелеріне, түрмелерге айдауылдау кезінде, қоныстанған жеріне бару кезінде сотталғандарға; тәрбиелеу колонияларына айдауылдау кезінде, тәрбиелеу колониясынан түзеу мекемесіне ауыстырылған кәмелетке толмаған сотталғандарға, сондай-ақ қамаудан босатылып тұрғылықты жеріне баратын сотталғандарға және бас бостандығынан шектеу, тұтқындау немесе бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеуден босатылған адамдарға үлес норма бойынша беріледі.
2. Ауруларға жол жүру кезінде дәрігердің тағайындауы бойынша олардың түзеу мекемелерінде тамақтану нормасына кіретін азық-түлік құны шегінде құрғақ паек жиынтығын беруге рұқсат етіледі.
3. Босатылған балалы әйелдерге тұрғылықты жеріне бару кезінде балаларына дәрігердің нұсқауы бойынша балалар үлесінің нормасына кіретін азық-түлік құнының мөлшерінде азық-түлік жиынтығы түріндегі құрғақ паек беріледі.
4. Құрғақ паекты балық және балық-өсімдік консервілерімен берген кезде мынадай норма бойынша бір адамға тәулігіне: