Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 қыркүйектегі № 929 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 12 маусымдағы № 578 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 29, 266-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсін:
3-тармақтағы "Экономика" деген сөз "Индустрия" деген сөзбен ауыстырылсын;
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялаудың тәртібінде:
5-тармақта:
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"в", "д", "г", "e", "ж" тармақшаларында көрсетiлген құжаттар түптелген, мөрмен және бiрiншi басшының немесе оны алмастыратын адамның қолымен расталуы тиiс көшiрме түрiнде беріледi";
7-тармақтың үшiншi абзацындағы ", бiрақ," және "10 күннен кешіктірмей" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 17-тармақпен толықтырылсын:
"17. Мемлекеттік органдар Лицензиарға лицензияға өтiнiштi келiсетiн уәкілеттi тұлғалардың мөр бедерлерi мен қолдарының үлгiлерiн ұсынады және уәкiлеттi тұлғалар өзгерген жағдайда Лицензиарды 3 күн iшiнде хабардар етуге мiндеттi";
көрсетілген Тәртiпке 1, 2, 3, 4-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Экспорты лицензия бойынша жүзеге асырылатын тауарлардың тiзбесiнде:
3-бағандағы "министрлiктерi мен ведомстволары" деген сөздер "мемлекеттік органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
мына:
"Малдәрігерлiк мақсатқа 2936-294200000, Ауылшарминi"
арналған дәрі-дәрмектер 3001-3004, 3005,
мен малдәрiгерлік техника 3006, 9018-9022
деген жол алынып тасталсын;
3) көрсетiлген қаулымен бекітілген Импорты лицензия бойынша жүзеге асырылатын тауарлардың тiзбесiнде:
3-бағандағы "министрліктері мен ведомстволары" деген сөздер "мемлекеттік органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
мына:
"Малдәрiгерлік мақсатқа 2936-2939, 2941, Ауылшармині"
арналған дәрі-дәрмек және 3001-3006,
малдәрігерлік техника 9018-9022
деген жол алынып тасталсын.
2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 12 қыркүйектегі № 929 қаулысына
Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың,
қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын
лицензиялаудың тәртібіне
1-қосымша
Экспорт лицензиясына өтініші
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң2003 жылғы 12 қыркүйектегі № 929 қаулысынаҚазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың,қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортынлицензиялаудың тәртібіне2-қосымшаИмпорт лицензиясына өтініш
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 12 қыркүйектегі № 929 қаулысына
Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың,
қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын
лицензиялаудың тәртібіне
3-қосымша
Экспортқа лицензия
4-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң2003 жылғы 12 қыркүйектегі № 929 қаулысынаҚазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың,қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортынлицензиялаудың тәртібіне4-қосымшаИмпортқа лицензия